You are here

Бас әскери прокуратура туралы ереже

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2014 жылдың 26 қарашасындағы
№ 148 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН

«Бас әскери прокуратура» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Бас әскери прокуратура» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі мәтін бойынша – Бас әскери прокуратура) қызметін реттейді, оның міндеттерін және функцияларын айқындайды.

2. Бас әскери прокуратураның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

3. Бас әскери прокуратура ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шоттары болады.

4. Бас әскери прокуратураның облыстарда және Астана, Алматы қалаларында – өңірлік және гарнизондық әскери прокуратураларда аумақтық бөлімшелері болады.

5. Бас әскери прокуратураның мәртебесі облыстық прокуратураның мәртебесіне теңестіріледі.

6. Бас әскери прокуратура өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кіреді, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген тәртіпте мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас тарапын білдіруге құқығы бар.

7. Бас әскери прокуратураның заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Орынбор көшесі, 14-үй.

8. Бас әскери прокуратураның толық атауы –«Бас әскери прокуратура» мемлекеттік мекемесі.

9. Бас әскери прокуратураны қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

10. Бас әскери прокуратураның құрылымын және штатын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.

11. Осы Ереже Бас әскери прокуратураның құрылтайшылық құжаты болып табылады.

2. Бас әскери прокуратураның міндеттері мен функциялары

12. Бас әскери прокуратура заңның үстемдігін қамтамасыз ету, заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту мүддесінде мемлекет атынан әрекет етеді.

13. Бас әскери прокуратура өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындайды:

1)  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, оның ведомстволарының, өңірлік қолбасшылықтарының, әскери бөлімдерінің, мекемелерінің, кәсіпорындарының, оқу орындарының, әскери полициясының және әскери барлау органдарының;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, әскери-медициналық органдарының, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарының;

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының, оған ведомстволық бағыныстағы өңірлік қолбасшылықтарының, әскери бөлімдерінің, мекемелерінің, оқу орындарының және әскери полиция органдарының;

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің және әскери басқарма мәселелері бойынша оның аумақтық органдарының;

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдарының;

әскери басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметінің;

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердін мәртебесі туралы» және «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Заңдарын қолдану мәселелері бойынша меншік нысанына қарамастан өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың;

қару-жарақтарды, әскери техникаларды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды әзірлеумен, өндірумен, сатумен және жоюмен айналысатын меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар қызметтерінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің бұзылуын жою бойынша шаралар қабылдайды.

2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі  Ұлттық ұлан әскери полициясы органы мен әскери-тергеу органдары жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау;

3) әскери қызметшілерге, әскери жиындарда болған уақытында запастағы азаматтарға, сондай-ақ Қарулы Күштерде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында өздерінің қызметтік міндеттемелерін орындауға немесе әскери нысандар орналасқан жерлерде қылмыстар жасауға байланысты азаматтық қызметшілерге қатысты қылмыстық істерді тергеудің заңдылығын қадағалау;

4) азаматтық және әкімшілік істер бойынша, әскери прокурорлардың бастамалары бойынша қозғалған не аумақтық немесе мамандандырылған соттар олардың қатысуымен, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша сотта өкілдік ету;

5) әскери немесе аумақтық соттар әскери прокурорлардың қатысуымен, соның ішінде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша қаралған қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау;

6) заңмен белгіленген тәртіпте және шектерде қылмыстық қудалау;

7) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша халықаралық шарттар, ведомствоаралық келісімдер және олардың хаттамалары негізінде басқа мемлекеттердің әскери прокуратуралары органдарымен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

8) жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және әскери прокуратура органдарында олардың жай-күйін бақылау;

9) прокуратура органдарында қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің айналымын ұйымдастыру және бақылау;

10) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жүктелген өзге де функциялар.

3. Бас әскери прокуратураның мүлкі

14. Бас әскери прокуратура оқшауланған мүліктерін жедел басқару құқығына ие.

15. Бас әскери прокуратураға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатқызылады.

16. Бас әскери прокуратураның өзіне бекітілген мүлікті өз еркімен аластатуға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

4. Бас әскери прокуратураның қызметін ұйымдастыру

17. Бас әскери прокуратураға Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры 5 жыл мерзімге тағайындайтын Бас әскери прокурор басшылық жасайды.

18. Бас әскери прокурордың орынбасарлары, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады. Бас әскери прокурордың орынбасарларын, өңірлік және гарнизондық прокурорларды лауазымдарға Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тағайындайды және лауазымдардан босатады.

19. Бас әскери прокурор:

1)   басшылықты ұйымдастырады және әскери прокуратура органдарының қызметін бақылауды қамтамасыз етеді, оларға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікте болады;

2)   Бас әскери прокурордың орынбасарлары арасындағы міндеттемелерді бөледі;

3)   өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар, өкімдер және нұсқаулар шығарады, өзіне бағынысты лауазымды тұлғалар қабылдаған Конституцияның және Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларына қайшы келетін бұйрықтардың күштерін жояды;

4)   Қазақстан Республикасының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру Кеңесіне басшылық жасайды;

5)   әскери прокуратура органдарының қызметі туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына хабарлайды;

6)   Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, шетел мемлекеттерінің әскери прокуратурасы органдарымен өзара қатынастарда Бас әскери прокуратураны білдіреді;

7)   әскери прокуратура органдарының кадрларын іріктеуді, орналастыруды, тәрбиелеуді және біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

8)   әскери қызметке шақырту, әскери прокуратура органдарында әскери қызметтен өту, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының номенклатурасына кіретін қызметтерді есептемегенде, Бас әскери прокуратураның және төмен тұрған әскери прокуратуралардың қызметкерлерін қызметке тағайындау, қызметтік ауыстыру және қызметінен босату туралы шешімдер қабылдайды;

9)   әскери құрамның алғашқы әскери атағын есептемегенде, әділет капитанына дейінгі әскери атақ береді;

10)  белгіленген тәртіпте Бас әскери прокуратураның, өңірлік және гарнизондық әскери прокуратуралардың қызметкерлерін марапаттау мәселелерін, оларға материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар тағайындау және алып тастау мәселелерін шешеді;

11)  Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына әскери прокуратура органдарын материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

12)  әскери прокуратура органдарын ұстауға бөлінген қаржылай қаражаттарды бөледі;

13)  әскери прокуратура органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы және прокурорлық этика нормаларын сақтау бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді;

14)  белгіленген тәртіпте тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасайды;

15)  Бас әскери прокуратураның құрылымдық бөлімшелері, өңірлік және гарнизондық әскери прокуратуралар туралы ережелерді бекітеді;

16)  консультативтік-кеңесу органдарын, соның ішінде комиссиялар мен жұмыс топтарын құрады;

17)  мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтердің қорғалуын ұйымдастырады, әскери прокуратура органдарында құпиялылық режимін, мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша тиісті іс-шаралардың уақтылы дайындалуын және жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

18)  Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

20. Бас әскери прокурор болмаған жағдайда оның міндеттемелерін Бас әскери прокурордың тапсырмасы бойынша оның орынбасарларының бірі атқарады.

21. Әскери прокуратура органдарының қызметтерін үйлестіруді, прокурорлық қадағалаудың және кадрлармен жұмыстың неғұрлым маңызды мәселелерін қарауды қамтамасыз ету, олар бойынша келісілген шешімдер қабылдау үшін Бас әскери прокуратурада алқа құрылады.

Алқаның құрамына Бас әскери прокурор (алқа төрағасы), Бас әскери прокурордың орынбасарлары (қызметтері бойынша), Бас әскери прокуратура құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті Әскери басқармасының бастығы кіреді.

Бас әскери прокурор Бас әскери прокуратураның алқа мүшелігіне бекітеді және алқа мүшесі міндеттілігінен босатады.  

Алқа, аппарат және жедел кеңес отырыстарын өткізу тәртібі Бас әскери прокурор бекіткен Бас әскери прокуратураның Регламентімен айқындалады.

Азаматтарды әскери прокуратура органдарына әскери қызметке шақырту және қабылдау Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгілеген тәртіпте жүргізіледі.

5. Бас әскери прокуратураны қайта құру және тарату

22. Бас әскери прокуратураны қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.