Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

1 қосымша

Бас әскери прокурордың
2012 жылғы 28сәуірдегі
№ 35 бұйрығына

Бас әскери прокуратура жанында бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпараттық агенттіктерді тіркеу ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер

1.Бас әскери прокуратура жанында бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпараттық агенттіктерді тіркеу Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленген және Бас әскери прокуратура жанында бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпараттық агенттіктерді тіркеу тәртібін реттейді.

2.Бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпараттық агенттіктерді (бұдан әрі – БАҚ) тіркеу Қазақстан Республикасының әскери прокуратура органдарының қызметі, олармен қабылданатын шешімдер және олардың орындалуы барысы туралы қоғамды объективті және жедел түрде ақпараттандыру мақсатында жүзеге асырылады.

3.Әскери прокуратура органдарының қызметі бойынша ресми ұстаным БАҚ-на Қазақстан Республикасының Бас әсккери прокурорымен немесе оның тапсырмасы бойынша Бас әскери прокурордың орынбасарларымен жеткізіледі.

Бас әскери прокуратураның БАҚ-мен қарым-қатынасында ресми өкілі болып Бас әскери прокурордың мемлекеттік тілді жетілдіру және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бойынша аға көмекшісі – пресс-секретарь болып табылады (бұдан әрі – пресс-секретарь).

Осы мақсатта ол Бас әскери прокуратураның жанында орталық, аймақтық, салалық және шетелдік БАҚ-ның Бас әскери прокуратурамен өткізілетін шараларға қатысу құқығын тіркеуді жүзеге асырады, пресс-конференциялар, брифингтер және басқа БАҚ-мен өзара қарым-қатынас бойынша шаралар ұйымдастырып, өткізеді.

4.БАҚ-ның меншік иесі өз журналистерін Бас әскери прокуратураның жанында пресс-секретарьмен келісім бойынша тіркейді.

5.Тіркеуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, Бас әскери прокуратура жанында аккредиттенген журналистердің құқықтық жағдайы және кәсіби қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. Тіркеуге қатысушылар өзара қарым-қатынаста адалдық, парасаттық пен әділеттік (құқық ұқсастығы), сондай-ақ кәсіби және іскерлік этика ережесін сақтау талаптарын негізге алады.

6.Тіркеу тұрақты негізде бір жыл мерзімде беріліп, әрі қарай тағы осындай мерзімге ұзартылуы мүмкін. Уақытша тіркеу алты ай мерзімге дейін жүзеге асырылуы мүмкін.

7.Бас әскери прокуратураның жанында тіркеуге тұратын журналистер ретінде БАҚ меншік иесі немесе БАҚ меншік иесінің өкілетті редакциясы арқылы журналистерді, олардың тұрақты тұрып жатқан жеріне қарамастан тіркеуге болады.

8.Пресс-секретарь тіркелген журналистерді отырыстар, жиналыстар және басқа шаралар туралы алдын-ала хабардар етеді, мемлекеттік және орыс тіліндегі хаттамалар және басқа құжаттармен қамткамасыз етеді.

9.Бас әскери прокуратураның бөлімшелері БАҚ-ның өкілдерімен байланысты тек қана пресс-секретарь арқылы жүзеге асырады.Оның сұрауы бойынша әскери прокуратура органдарының қызметкерлері сарапшы ретінде тартылуы мүмкін.

2.Журналистерді тіркеу тәртібі

10.Пресс-секретарь Бас әскери прокуратура жанында тіркеудің ережелері мен мерзімдері туралы бұқаралық ақпарат құралдарына алдын-ала хабарлайды.

11.Бас әскери прокуратураның жанында өз журналистерін тіркеу үшін БАҚ меншік иесі не БАҚ меншік иесінің өкілетті редакциясы өтініш береді және онда төмендегідей мәліметтер көрсетілуі керек:

БАҚ атауы;

БАҚ орналасқан жері;

ұйымдық-құқықтық нысаны және БАҚ меншік иесінің атауы, оның орналасқан жері;

Бұқаралық ақпарат құралдары істері жөніндегі уәкілетті орган берген БАҚ есепке қою туралы куәліктің берілген уақыты мен нөмірі;

тіркелетін журналистің аты-жөні, оның лауазымы; 

БАҚ журналисінің электронды мекен-жайы, қызмет, ұялы және үй телефондары.

12.Өтінішке тіркелетін журналистің қызмет куәлігінің көшірмесі және екі 3,5 х 4,5 көлемдегі фотосуреті қоса беріледі.

13.Егер өтініш БАҚ редакциясы тарапынан берілетін болса, онда өтінішке журналисті тіркетуге қажетті жұмыстар жүргізу үшін БАҚ меншік иесінің сенімхаты қоса беріледі. 

14.Жоғарыда көрсетілген мәліметтер мен құжаттар жоқ өтініш қаралмайды.

15.БАҚ журналисін тіркеу жөніндегі өтініш Бас әскери прокуратураға түскен күннен бастап, журналисті тіркеу немесе тіркеуден бас тарту жөнінде шешім қабылдау арқылы,  он жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

16.Журналисті тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады:

өтініштің мазмұны мен қосымшасы осы Ережелерге сәйкес келмеуі;

бұдан бұрын журналисті тіркеу туралы куәлік берілгендігі және оның жаңа өтініш түскен кезде әлі күші барлығы;

тіркелген журналист бұрын тіркеу ережесін бұзғаны үшін тіркеуден босатылғандығы.

17.Егер журналисті тіркеуге ұсынған БАҚ өз қызметінде ерекше мамандандырылған (жарнамалық, анықтамалық және т.б.) басылым болса, журналисті Бас әскери прокуратураның жанында тіркеуден  бас тарту мүмкін.

18.Тіркелген журналист мемлекеттік және орыс тілдерінде:

Бас прокуратура жанында тіркелген,
журналистің тегі, аты, жөні көрсетілген,
журналист өкілі болып таыблатын БАҚ атауы көрсетілген,
нөмірі мен қол қою мерзімі көрсетілген тіркеу туралы куәлік алады.

19.Куәлікке Бас әскери прокурор немесе оның ауыстырушы лауазымды тұлға қол қояды және бір жыл мерзімге беріледі. Куәлік мерзімі иіркеу мерзіміне сәйкес ұзартылады.

20.Куәлік бүлінген немесе жоғалған жағдайда тіркелген журналист бүлінген куәлікті немесе куәліктің жоғалғаны туралы хабарлама берілгенін растайтын құжаттарды қоса беру арқылы жазбаша түрде пресс-секретарьға хабарлауға міндетті. Жаңа куәлік беру осы талаптар орындалғанна кейін жүзеге асырылады.

21.БАҚ меншік иесі не БАҚ меншік иесінің өкілетті редакциясы тіркелген журналисті басқа журналиске ауыстырған жағдайда, оны тіркеу осы Ережелерде көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі. Жаңа өтінішке журналисті туркеу туралы бұдан бұрын берілген куәлік қосымша беріледі.

22.Пресс-секретарь тіркелген журналистер мен оларға берілген куәліктердің есебін тиісті журналда жүргізеді.

3. Тіркелген журналистің құқықтары мен міндеттері

23.Бас әскери прокуратура жанында тіркелген журналисттің:

Бас әскери прокуратура қажетті ақпарат алуға;

Бас әскери прокуратура ұйымдастыратын шараларға қатысуға (журналистердің қатысу тәртібін және олармен бейне- және фототүсірімдерді жүргізу мүмкіндіктерін Бас әскери прокурор айқындайтын жабық немесе құпия режимін сақтаумен өткізілетін шаралардан басқа);

пресс-секретарьмен келісім бойынша аппаратты энергия жабдықтау жүйесіне қосу арқылы бейне- және фототүсірілімдер жүргізуге;

редакциямен байланыс және жедел хабарламалар беру үшін тіркелген журналистерге арнайы арналған жерлерде орналастырылған қызмет телефондарын (қалааралық және халықаралық байланыстан басқа), басқа да байланыс техникасын пайдалануға құқығы бар.

24.Тіркелген журналист:

кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында әскери прокуратура органдары қызметкерлерінің құқықтарын, заңды мүдделерін, ар-намысын, қадір-қасиетін құрметтеуге;

әскери прокуратура органдарында орнатылған ішкі тәртіпті сақтауға;

шара басталардың алдында пресс-секретарьды жазу және бекіту техникалық құралдарын пайдалану ниеті туралы, олардың үлгісін көрсетіп, хабардар етуге;

Бас әскери прокуратураныңжұмысы, онымен қабылданған шешімдер және оларды орындау барысы туралы ақпаратты жан-жақты және объективті түрде жариялауға міндетті.

25.Бас әскери прокуратура жанында тіркелген журналист өзіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен берілген құқықтар мен өкілеттіктерді:

құқыққорғау органдары мен сотқа заңсыз қысым көрсету;

қоғамдық маңызы бар мәліметтерді бұрмалау және ақпаратты жасыру;

анық дерек түрінде әскери прокуратура органдарының, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің беделіне нұқсан келтіретін ақпараттарды тарату;

зорлық-зомбылықты, қатыгездікті және нәсілдік төзбестік;

дәрменсіздік, қорқыныш сезімін күшейту,

бөтен тұлғалар немесе БАҚ болып таыблмайтын ұйымдардың пайдасына ақпарат жинау,

әскери прокуратура органдарымен жүргізілетін шараларға іріткі салу, оның ішінде ауызша пікір айту, бейне- және фототүсірімдер жүргізумен кедергі жасау арқылы шараны өткізу тәртібін бұзу мақсатында пайдаланбауға міндеттемерлер алады.

26.Тіркелген журналист келесі шарттарды ұстануға міндеттенеді:

олармен таратылатын материалдардағы тұжырымдар жарияланатын мәліметтердің алдын-ала екенін көрсетуі тиіс; 

жасалған қылмыстың тәсілі мен механизмін, қылмысты жасырудың жолдарын көрсететін мәліметтерді көрсетпеуі тиіс.

27.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ережелерді бұзғаны үшін Бас әскери прокуратура жанында тіркелген журналист заңда көрсетілген жауапқа тартылады және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 4) тармағына сәйкес тіркеуден айырылуы мүмкін.

4. Қорытынды ережелер

28.Әскери прокуратура органдары және БАҚ меншік иелері немесе тіркелген журналистер арасындағы келіспеушіліктер (даулар) келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі. 

29.Егер даулар мен келіспеушіліктерді келіссөз арқылы шешу мүмкін болмаса, олар сот тәртібінде шешілуге жатады.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.