Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

№ 35
28 сәуір 2012 жыл

Бекіту туралы

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және әскери прокуратура органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен және ақпараттық агенттіктермен қарым-қатынасын ретке келтіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2) тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

Бас әскери прокуратура жанында бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпараттық агенттіктерді тіркеу Ережелері (1 қосымша);

журналисті тіркеу куәлігінің нысаны (2 қосымша);

Бас әскери прокуратура жанында тіркелген журналистерді және оларға берілген куәліктерді тіркеу журналының үлгілік нысаны (3 қосымша).

2. Бас әскери прокурордың аға көмекшісі (мемлекеттік тілді жетілдіру және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бойынша – пресс-секретарь) осы бұйрықты Бас әскери прокуратураның ведомстволық сайтына орналастырсын, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын және оның тиісті орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Бұйрық әскери прокуратура органдарының жеке құрамына жеткізілсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас әскери прокуратураның Штабына жүктелсін.

Қазақстан Республикасының
Бас әскери прокуроры
Е. Мерзадинов

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.