You are here

ҚР Қарулы Күштерінде құқық бұзушылықтар профилактикасы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасының әскери басқару
және қылмыстық қудалау органдары
Үйлестіру кеңесінің шешімімен
 (2012 жылдың 13 желтоқсанындағы №6 хаттама)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлері мен әскери құралымдарында құқық бұзушылықтар профилактикасының 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

1.      Паспорт

Бағдарлама атауы

 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлері мен әскери құралымдарында құқық бұзушылықтар профилактикасының 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама).

Әзірлеу үшін негіздеме

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» № 271-IV Заңы 10-бабының 4) тармақшасы, 9-1-бабының 1) тармақшасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» № 1039 Жарлығының 5.8-тармағы;

Қазақстан Республикасының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының Үйлестіру Кеңесі отырысының 2012 жылғы 4 шілдедегі №3 хаттамасы.

Әзірлеуші

 

Қазақстан Республикасының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының Үйлестіру кеңесінің хатшылығы

Бағдарламаны іске асыру мерзімдері (кезеңдері)

 

2013 - 2015 жылдар

Бағдарламаның мақсаты

 

Әскери органдар тіршілік әрекетінің негізгі саласында профилактикалық жұмыстар жүйесін қалыптастыру және қамтамасыз ету.
Әскерлерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды тиімді қамтамасыз ету үшін мүдделі мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру.
Заңдылықты және құқықтық тәртіпті, құқықтарды қорғау және жеке бас пен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау жүйесін нығайту.
Әскери қызметтің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету.
Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарында профилактикалық жұмыстардың бірыңғай әдістемелік базасын қалыптастыру.
Профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру үшін кадр әлеуетін қалыптастыру және нығайту.
Әскери қызметтің беделін, Отан қорғаушының және қоғамдық санадағы әскери кәсіп имиджін нығайтуға жәрдемдесу.

Бағдарламаның міндеттері

 

Шақырылғанға дейінгі даярлық пен жастардың әскери-патриоттық тәрбиелеу негізін жетілдіру. Шақырылуға дейінгі сапалы контингентті қалыптастыру.
Әскери қызметшілер жасаған, соның ішінде, қоғамдық орындарды және көшелерде жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жалпы және арнаулы
профилактикасы.
Профилактикалық жұмыстардың процессін құқықтық реттеуді, әскери міндет, әскери қызмет және әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамаларды жетілдіру.
Профилактикалық объектілер мен мақсатты топтардың өздерін профилактикалық жұмыстарға тарту.
Конфессияаралық, өңіраралық, этносаралық және руаралық келіспеушіліктер негізіндегі жанжалдардың профилактикасы және ерте алдын алудың тиімді жүйесін құру.
Қазақстан Республикасының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары үшін әскери қызметте құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін объективті бағалауға мүмкіндік беретін өлшемдер мен мақсатты индикаторлардың бірыңғай жүйесін қалыптастыру.  
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары шеңберінде профилактикалық іс-шараларды қаржыландыру үшін құқықтық негіздер әзірлеу.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету көлемін арттыру.
Ақпараттық ықпал ету саласын арттыра отырып, азаматтармен, жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты кеңейту.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кадрлар даярлау және біліктілігін арттыру.

Бағдарламаны іске асырудың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалауға болатын мақсатты индикаторлар

 

Қазақстан Республикасының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарындағы қылмыстылықтың жалпы деңгейі.
Қазақстан Республикасының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының жеке құрамының соғыста және соғыстан тыс, соның ішінде, мыналардың салдарынан жоғалтуларының саны:
жарғыдан тыс өзара қатынастардан;
өзіне қол жұмсаудан және оларды жасауға әрекет етуден, соның ішінде өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу нәтижесінен;
сырқаттан.
Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарында, соның ішінде, мыналардыің нәтижесінде жарақат алу деңгейі:
жарғыдан тыс өзара қатынастардан;
жұмыс орнында өауіпсіз жағдайдың болмауынан.
Жалпы қылмыстық және әскери қылмыстардың, соның ішінде, мынадай түрде жасалған қылмыстардың үлес салмағы (10 мың адамға):
өміріне немесе денсаулығына зиян келтіре отырып, жеке басқа қарсы;
билікті және лауазымды өкілеттіктерін пайдалана отырып немесе оларды асыра пайдалану;
қарулар мен оқ-дәрілер саласында, соның ішінде, оларды қолдана отырып;
алкогольдік, нашақорлық масаң күйде;
отбасы-тұрмыстық қатынас саласында;
әскери қызметшілер қоғамдық орындарда және көшелерде жасаған.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының үлес салмағы.
Есірткі және психотестілеуден өткен әскери қызметшілердің саны.
Әскери қызметшілердің қызметте және одан тыс жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтарының саны.
Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарында жасалған тәртіптік теріс қылықтардың (неғұрлым қауіпті дәрежесі) саны және олардың қайталануы.
Жеке немесе қызметтік көлікте әскери қызметшілердің қатысуымен, соның ішінде, мыналарға әкеп соққан жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) саны:
адамдардың денсаулықтарына ауыр зиян келтіруге және олардың өліміне әкеп соққан;
әскери техникаға елеулі зиян келтіруге әкеп соққан;
Жасөспірімдерді шақыру учаскелеріне тіркеу кезеңінде медициналық куәландыру нәтижелері туралы деректер.
Медициналық куәландырумен қамтылған шақырылуға дейінгі жастағы адамдардың саны, соның ішінде:
әскери қызметке жарамды және жарамдылығы шектеулі деп танылғандар;
денсаулығының жай-күйі бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар;
денсаулығының жай-күйі бойынша шақыртылуы кейінге қалдырылғандар;
есірткіге қатысын тестілеуден өткендер.
Медициналық көрсеткіштерге байланысты облыстық шақырту пунктерінен қайтарылған адамдардың саны.
Шақыртылуының негізсіздігіне, соның ішінде, науқастары бойынша әскерден қайтарылған адамдардың саны.
Жас әскери бірлестік Республикалық штабының бірыңғай тізіліміне енгізілген жұмыс істейтін жас әскери бірлестіктер саны.
Әскери басқарлалар бақылауға алған білім беру мекемелерінің саны.
Білім беру мекемелері мен әскери-патроттық бірлестіктерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету көлемі (есептен шығарылған және пайдаланылмайтын әскери техникалық мүліктермен, әдістемелік және арнаулы әдебиеттермен, басқа да оқу құралдарымен), олардың саны.
Осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде қабылданған не жетілдірілген заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық, ведомстволық актілердің саны.

Қаржыландыру көздері және көлемі

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бюджеттік бағдарламалары шеңберінде.
2014-2015 жылдарға арналып көзделген сомалар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет пен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырған кезде нақтыланатын болады.

Күтетін нәтижелер

 

Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарындағы алдын алу жұмыстары неғұрлым сапалы деңгейге шығатын болады және әсер ету саласын кеңейтеді, ол нақты қызметтік-әскери тәртіпті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді, әскери қызметтің беделін арттырады және Отан қорғаушысының жағымды имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

Алдын алу қызметінің объектілері мен субъектілері, олардың әрқайсысының құзырлары мен жауапкершіліктері заңнамалық деңгейде айқындалатын және ара-жігі ажыратылатын болады.

Алдын алу жұмыстарын есепке алу, жетілдіру, талдау және бағалау үшін бірыңғай өлшемдерді қалыптастыру мәселелерінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Әскери басқармасы елеулі үлес енгізетін болады.

Құқық бұзушылықтардың алдын алуды әскери қызметшілердің барлық санаттары мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асырылатын болады.

Әскери тәртіпті және құқықтық тәртіпті нығайту, еліміздің қорғау қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету еліміздегі әскери органдардың профилактикалық жұмыстарын жақсартудың соңғы нәтижесі болады. Денсаулығы сау, психологиялық және патриоттық-тәрбиелік даяр жастармен қазіргі заманғы әскер сапалы ұтқыр резервке ие болды.

2. Кіріспе

Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлері мен әскери құралымдарында құқық бұзушылықтың профилактикасы мен олардың алдын алу бойынша 2010-2012 жылдарға арналған Бағдарлама шеңберінде басталған жалпы әскери профилактикалық жұмыстардың кезекті кезеңі болып табылады. Осы кезеңде тұтастай алғанда әскери органдар бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Негізгі компоненттері жалпықылмыстық және әскери қылмыстар болып табылатын әскердегі қылмыстар саны үш есеге қысқарды.

Бағдарлама әскер мен қоғамдағы істердің қазіргі заманғы ережелерін талдау нәтижелеріне, әскерлердегі заңдылықтың, құқықтық тәртіптің және әскери тәртіптің жай-күйі туралы статистикалық деректерге негізделген.

Бағдарламаның құрылымына профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын ғылыми көзқарастар қаланған. Профилактиканың барлық шаралары өзара байланысты, өзара шартталған және бір-бірін толықтырып тұрады.

Бағдарламаға сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық санасында Қарулы Күштер мен әскери кәсіптің жағымды имиджін нығайтуға бағытталған іс-шаралар енгізілген.

3. Профилактикалық жұмыстардың қазіргі заманғы жай-күйін талдау және оны жетілдіру жөніндегі шаралар.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен олардың алдын алу бойынша 2010-2012 жылдарға арналған Бағдарламаны іске асыру нәтижелері кешенді және жүйелі түрде жүзеге асырылатын алдын алу шаралары заңдылығының жай-күйіне жағымды әсер етудің нақты мүмкіндігін растайды.

Бағдарламалық іс-шаралар шеңберінде әскери бөлімшелердің 74,4% бейне бақылау жүйелерімен (2284 бейнекамера) жабдықталды. Сонымен бірге, 2010-2012 жылдары олардың көмегімен 3 қылмыс қана анықталды, яғни, олардың профилактикалық «ұстаным» тиімділігі құқық бұзушылық жасау орындары бейнекамералар жоқ учаскелерге ауыстырды.

Азаматтардан келіп түскен өтініштермен жұмысты жақсарту үшін жер-жерлерде әскери прокурор мен командирдің жеке өзіне арналған өтініштерге үшін жәшіктер орнатылған, жеке құрамға жасырын сауалнама жүргізу жолға қойылып келеді. Әскери органдардың казармалары мен әкімшілік үй-жайларына құқық қорғау органдарының сенім телефондары туралы ақпараттар орналастырылған. Сенім телефондары мен Бас прокуратураның Call-орталығының номерлері бар ақпараттық-профилактикалық билбордтың бірыңғай үлгісі әзірленді. Ол іс жүзіде барлық әскери бөлімшелерде, сондай-ақ әскери органдарың ведомстволық сайттарында орналастырылған.

Әскери прокурорлар енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің 96%, соның ішінде сотқа дейінгі іс жүргізу барысында енгізілген қылмыстық қудалау органдарының 237 ұсынысын сүйемелдеуді қамтамасыз етті. Осыған ұқсас шаралар жаппай сырқаттануды және аспен улануды түп-тамырымен құртуға ықпал етеді.

Жеке құрамның қатысуымен көшпелі форматтағы сот процесін өткізу ережеге айналды. Әрбір үкім жекелеген сарбазға және офицерге жеткізіледі.

Тұтастай алғанда, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша үш жылдық бағдарламаны іске асырған кезеңде әскердегі қылмыстарды үш есеге дейін қысқартуға қол жеткізілді (2009 жылы 901-ден 580-ге дейін). Іс жүзінде барлық әскери ведомстволарда жағымды нәтижелерге қол жеткізілді.

Оны неғұрлым жауапты орындау Ішкі істер комитетінде ұйымдастырылды және бақыланды. 2012 жылы бұл жердегі қылмыстылық деңгейі 2011 дылғы көрсеткішпен салыстырғанда 31,3% төмендеді. Республикалық ұланда небәрі бір қылмыс тіркелді.

Қорғаныс министрлігінде бағдарламалық іс-шаралар оны күшіне енгіген алғашқы жылы ғана белсенді орындалды, кейін бақылау босаңсып қалды. Бұл ретте, тұтастай алғанда Қарулы Күштер бойынша елеулі оң нәтижелерге қол жеткізілді. 2012 жылғы 11 ай ішінде қылмыс 13,1% азайды.

Осы Бағдарлама Шекара қызметінде нәтижесіз аяқталды. Ол қоғамдық көрсеткіштерге де теріс әсер етті және бағдарламалық құжатты дұрыс іске асыра алмау көрінісін тудырды. Шекара бөлімшелерінде үш жылдық Бағдарламада көрсетілген оның барлық іс-шараларының ол күшіне енгізілген барлық кезеңде орындалып келгенін атап өткен жөн. Алайда, тұтастай алғандағы бірқатар теріс факторлардың орын алуына байланысты тиісті тиімділікке қол жеткізілмеді, соның ішінде  шектен тыс жемқорлық та, қызмет мүдделерін сатуда, кадр жұмысындағы тамыр-таныстық та бар. Нәтижесінде, 2011-2012 жылдар бойы шекара органдарында қылмыстылықтың өсу үрдісі сақталып келеді, олар 2012 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 50% жетті. Солардың ішінде шекара қызметін өткеру ережесін бұзу туралы қылмыс 2,4% артты (41-ден 48-ге дейін).

Ағымдағы сәтте әскери органдарда қолданылып жатқан қылмысқа қарсы күрес шараларының жыл сайын тіркеліп отыратын қылмыстардың санын кезең-кезеңмен қысқартуға әсер ететінін көрсетеді. 2009 жылы әскерлерде 901 қылмыс тіркелді. 2010 жылы олардың саны 665 (-26%) дейін, 2011 жылы 638 (-4%) дейін, ал 2012 жылдың 11 айында 580 (-9%) дейін азайды.

2011 жылмен салыстырғанда бастықтарға қатысты зорлық-зомбылық (-40%), күзет қызметін өткеру ережелерін бұзу (-100%) және ішкі қызмет ережелерін бұзу (-35,7%), билікті асыра және теріс пайдалану (-4,3%), қаруды пайдалану ережелерін бұзу (-25%) туралы қылмыстардың саны азайды.

Сонымен бірге, соңғы жылдардағы жедел жағдайларды және қылмыстардың нақты көрінісін талдау (оның латенттілігі бөлігін ескере отырып) әскерлерде қылмыстық жағдайдың әлі де күрделі болып қалып отырғанын, ал әскери органдардың басқарма ретінде де, құқық қорғау ретңнде де күшейтілуінің жеткіліксіз екендігін растайды. Қылмыстылық нақты жарғылық тәртіп орнатуға теріс әсерін тигізіп отыр және әскери қызметтің имиджіне нұқсан келтіріп отыр.

2012 жылдың 11 айында жалпы қылмыстардың мардымсыз өсуіне жол берілді (+3,1%). Аса ауыр қылмыстардың 25% және ауыр қылмыстардың 61,3% артуы теріс факторға айналды. Әскери қылмыстар арасында әскери қызмет міндеттемесін орындаудан жалтаруға байланысты қылмыстар саны күрт өсті (80%).

Ағымдағы жылы «2012 жылы казармадағы бұзақылықты жеңу жылы» республикалық жобаны іске асыру барлық әскери органдарда бірмезгілде нақты жарғылық тәртіпке қол жеткізуге мүмкіндік бермеді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша жарғыдан тыс өзара қатынас (59) және әскери қызметшіге тіл тигізу (11) бұзушылықтары туралы қылмыстар саны өткен жылғы деңгейде қалып отыр.

Сонымен бірге, құқық қорғау органдарының күшімен ғана бұл мәселе шешімін таппайды. Мысалы, 2001-2005 жылдар аралығындағы кезеңде жарғыдан тыс өзара қатынас туралы бұзушылықтар 2,7 есеге, ал әскери қызметтен жалтару жағдайына баланысты қылмыс саны 5,5 есеге қысқартылды (1 397-ден 25-ке дейін5).

Әскерлерді материалдық-техникалық жарақтандыру саласында қылмыспен елеулі зияндар келтіру профилактикалық шаралардың жеткіліксіз екенін растайды. Бұл олардың соғыс даярлығы мен қабілеттілігіне елеулі нұқсан келтіреді, көбінесе әскери қызметшілердің әлеуметтік пакетін жақсарту, оны тұрғын үймен және тиісті қызмет жағдайларымен қамтамасыз ету жөніндегі реформаларды кезең-кезеңмен жүргізуге кедергі келтіріп отыр.

Мәселен, 2010-2011 жылдары қылмыстық істерді тергеген кезде мемлекетке 12 млрд.теңге зиян келтірілген. Олардың ішінде 4,3 млрд.теңгеден астам зиянды өтеу қамтамасыз етілді. 2012 жылғы 9 ай ішінде қылмыстық істер бойынша мемлекетке 629 млн.теңге зиян келтірілгені анықталды, олардың 55 млн.теңгесін өтеу қамтамасыз етілді.

Профилактикалық жұмыстардың төмен нәтижелілігі бірқатар басқа да елеулі факторлармен шартталған. Әскери полиция органдарының мәртебесін айқындауды аяқтамау солардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Әскери полиция органдары туралы» Заңына сәйкес әскери полиция органдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Iшкi iстер министрлiгi iшкi әскерлерiнiң құрамына ұйымдық тұрғыдан кiретiн және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында құқық тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын арнайы әскери бөлiмшелер болып табылады. Профилактикалық шараларды ұғыну және ара-жігін ажырату талап етіледі, олардың бірі жалпы әскери жарғыға сәйкес әскери басқару органына ғана тиесілі болса (әскери тәрбиешілер, психологтар, социологтар, медиктер және т.б.), ал екіншісі – қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына сәйкес әскери қылмыстық қудалау органдары.  

Әскери-тергеу органдарының жедел бөлімшелерінің азы болуына және олардың арнаулы аппараттармен материалдық-техникалық, жабдықтармен және құралдармен  жарақталуының өте төмен деңгейде болуына байланысты олардың қызметтері өте тиімсіз. Соңғы жылдары әскери-тергеу бөлімшелерінің қатысуысыз ішкі істер, қаржы полициясы және ұлттық қауіпсіздік аумақтық органдарының жедел жолдармен анықтаған және ашқан әскери қызметшілер жасаған ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлесі едәуір артты. Есепке алу-ақпараттық құжаттарды көбінесе қылмыстарды бірлесіп анықтағаны туралы деректемелер шындыққа жанаспайды.

2012 жылдың соңғы кезеңдерінде 63,4% құраған, 2011 жылы 86,3% болған әскердегі қылмыстарды ашудың көрсеткіші соның айғағы болып табылады.

Құқық бұзушылықтың алдын алудың 2010-2012 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру барысында басқа да кемшіліктер орын алды, олар профилактикалық жұмыстардың нәтижелеріне теріс әсерін тигізді.

Алдын алудың ағымдағы сәтке арналған бағдарламалық шаралрдың жай-күйін және іске асрудың тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін тисінше жүргізілмеген талдау жұмыстары олардың арасндағы ақындаушысы болып табылады. Осы кемшіліктер барлық деңгейлердегі төмен ведомстволық бақылаумен өзара байланысты. Осының салдарынан әскери басқару органдары жауапты болып табылатын бірқатар бағдарламалық іс-шараларды жер-жерлерде өңірлік және гарнизондық әскери прокурорлар ұйымдастырды және орындады.

Қылмыстық қудалау органдарының құқық бұзушылықтардың алдын алудағы олардың роліне ескірген стереотиптері мен қалыпты қтынстарын жолға қою үшін де аз уақыт жұмсалмады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 204-бабының әлеуеті іске асырылусыз қалды, ал тергеушілер мен анықтаушылардың әскери басшылық атына енгізген ұсыныстары көп жағдайда формальды түрде болды және нысаны бойынша да, мазмұны бойынша да сапасын арттыруды талап етеді.

Бұл ретте, осы баптың бұрынғы редакциясы тергеушілерге ғана таратылды, ал «Әскери полиция органдары туралы» Заңның 8-бабы тәртібінде енгізілетін әскери полиция органдарының ұсыныстарына профилактикалық әсер ету жөніндегі ұқсастықтар профилактикалық шара ретінде ескерілмей келеді.

Шекара органдарында заңдылықтың жай-күйінің нашарлауы себебін талдау әскери ұжымда қалыптасқан моральдық-психологиялық жағдай деңгейінің төмендігін көрсетеді. Бұған теріс факторлармен қатар олардың нашарлауына шекарашылардың әлеуметтік қорғалмауы және олардың қызмет орындарының қоласыз болуы ықпал етеді. Мемлекеттік шекараны қолайлы орналастыру мәселелері бойынша шешім қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органдар шекарашылардың проблемлрын тиісінше шешней келеді. Сонымен бірге, Шекар қызметі «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен берілген өкілеттіктерді іске асрмай келеді. Заңның 8-бабының 22) тармақшасына сәйкес олар мемлекттік органдарға және заңды тұлғаларға, сондай-ақ өзге де ұйымдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарсына қатысты құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен салдарларды жою туралы ұсыныс енгізуге құқылы.

Жеке құрамның қатысуымен болған көшпелі сот отырысы іске асырылған бағдарламалық профилактикалық іс-шаралардың неғұрлым тиімдісі деп танылды. 2012 жылы әскери соттар үкім шығара отырып қараған 174 қылмыстық істің ішінен 150 сот отырсы көшпелі сессияда болып өтті. Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуратурасы мен Әскери сотының бірлескен нұсқауы осындай бірлескен жұмысқа негіз болды.

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңы құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы  бірыңғай мемлекеттік саясатты айқындайтын шешуші нормативтік құқықтық акт.

Осы Заңға сәйкес, жергілікті өкілді және атқарушы органдар құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында өңірлік бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді, бекітуді және іске асыруды бастады, олардың орындалуы туралы есептерді қарады.Үкімет құқық бұзушылықтардың алдын алудың республикалық салалық бағдарламасын қабылдады.

Алайда, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері заңнамамен реттелмейді. Әскери органдар профилактика субъектілері арасында көрсетілмеген. Соған қарамастан 2010 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен олардың алдын алу бойынша 2010-2012 жылдарға арналған ведомствоаралық Бағдарлама әзірленді және қолданысқа енгізілді. Ол жүйелі, кешенді жалпы әскери профилактикалық жұмыстардың негізін қалады.

2012 жылғы ақпанда Заң 9-1-баппен толықтырылды, соған сәйкес әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Онымен бірге, көптеген маңызды мәселелер реттелмеген күйінде қалып отыр.

Әскерлерде (салалық ретінде) құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бағдарламаларды әзірлеу тәртібі осы күнге дейін реттелмеген. Тиісінше осындай құжаттарды әзірлеуге және бекітуге жауапты және өкілетті нақты мемлекеттік орган айқындалмаған.

Заңға сәйкес Үкімет, облыстық және төмен тұрған әкімдіктер жанынан құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссиялар құрылуда, олар Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу субъектілері қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Заң әскерлерді осындай комиссиялар құруды қарастырмайды. Осыған байланысты, аталған комиссиялардың функцияларын, міндеттерін және өкілеттіктерін Үйлестіру кеңесі өз жүргізуіне алды. Өңірлік комиссиялардың Заңмен айқындалған басқа да функциялары мен міндеттерін әскери прокуратура органдары орындауда.

Қазіргі таңда елімізде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1390 қаулысымен бекітілген  Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы іске асырылуда. Оның бірде-бір тармағы әскери орган қызметінің саласын қозғамайды. Мақсаттарға жетуге, мақсатты индикаторлар, міндеттер, осы салалық Бағдарлама нәтижелерінің көрсеткіштері үшін жауапты мемлекеттік органдардың ішінде әскери органдар көрсетілмеген (3-тарау).

Осыған байланысты, Үйлестру кеңесі Хатшылығы жинаған материалдар негізінде «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңға мынадай мәселелер бойынша профилактикалық қызметті реттейтін және нақтылайтын ережелермен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасау талап етіледі:

осы функцияларды әскери полицияға жүктей отырып, аталған Заң шеңберінде әскери органдарда құқық бұзушылықтар профилактикасының салалық бағдарламаларын әзірлей отырып, профилактиканың дербес саласында әскери-әкімшілік қызметінің саласын тану;

құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы әскери шараларын ұйымдастыру, бірыңғай есепке алу тәртібі және құқықтық регламенттеу (Заңның 23-бабының 8-тармағы), соның ішінде мыналар бойынша:

профилактика субъектілері: ішкі істер органдары, әскери полиция органдары, прокуратура органдары;

жеке профилактика шараларының түрлері: профилактикалық әңгімелесулер, қорғау ұйғарыдары (25-бап), құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс. Есепке алулар мемлекеттік (әскери) органдар жолдаған (26-бап) ретінде де, әскери органдарға келіп Түсендер ретінде де болуы керек;

жеке профилактика және осындай шешімдерге арналған шағымдарға шаралар қабылдау туралы шешімдерді есепке алу (2-баптың 4-тармағы);

оларды бекіту мен қолданудың тәртібін айқындай отырып, жеке профилактика шараларының бірыңғай нысандарын  (үлгілерін, бланктерін) әзірлеу;

профилактикалық есепке алуға әскери қызметшілерді қоюды құқықтық регламенттеу, әскерлерде және құқық қорғау органдарында оларды жүргізу (28-баптың 2, 3, 5, 8-тармақтары);

Заңмен белгіленген шектерде айқындау және ара-жігін ажырату, ұйғарымды қорғауды орындау бойынша әскери тергеу бөлімшелерінің (ішкі істер органдары ретінде) және әскери полицияның құзырлары;

әскери органдарды құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне жатқызу;

оларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне енгізе отырып, құқық бұзушы әскери қызметшінің тәртібіне ерекше талап қою;

әскерде жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларды республикалық бюджеттің мақсатты қаражаттары есебінен және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қаржыландыру.

Осымен қатар, ведомствоаралық деңгейде профилактикалық әсер ету объектілерінің түбегейлі және толық тізбесін бекіту қажет. Қызметтік-әскери тәртіптің жай-күйі Қорғаныс министрлігінде, Шекара қызметінде, Республика ұланында, Ішкі істер комитетінде, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімшелерінде ғана қалыптасқан практика бойынша болжамдық-статистикалық талдауларға ұшырайды. Әскери-тергеу органдары бөлімшелері, әскери прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитеті әсукери полиция органдары осы тізімге енгізілуге жатады.

МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР

Профилактикалық жұмыста бағдарлау қызметін атқаруы тиіс мақсатты индикаторлардың қалыпты жүйесін әзірлеу және енгізу қажет. Кез-келген деңгейдегі әрбір командир (бастық) өзіне сеніп тапсырылған әскери бөлімшедегі қызметтік-әскери тәртіп пен қылмыстардың туындауы және ағмдағы көрсеткіштері негізінде құқық бұзушылық профилактикасындағы басымдықтарды түзететін болады. Әрбір кезеңге мақсатты индикаторлардың мөлшерлес шекті және кезеңді (өсіп отыратын) мәні белгіленетін болады.

Осындай көзқарас кезінде, басшыларда да, әскери ұжымда да осы мақсаттарға бірлісіп саналы түрде қол жеткізуге деген ниет пайда болады (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылдықтар бойынша, оқу кезеңінің және жыл қорытындысы бойынша). Ұжымдық міндеттемелер әскери бөлімше мен әскери прокуратура арасында жасалмайтын болады. Әрбір әскери бөлімше бөлім командирінің алдында профилактикаға қатысу туралы ұжымдық міндеттеме қабылдайды және мақсатты индикаторлардың шекті мәніне жетуге ұмтыла отырып, оны формальды түрде емес, саналы түрде ұстанатын болады. Бұл басшылық ұшін қосымша ынталандыру болады, сондай-ақ осы Бағдарламаларды сапалы іске асыруға кепілдік береді.

Объективті көрініске қол жеткізу мақсатында командирлерді ынталандыру және профилактикалық сектор үшін олардың жауапкершіліктерін әділ бөлу заңдылықтың жай-күйін абсолютті цифрлармен (есептік кезең арасында) көрсету арқылы салыстырып бағалайтын ескірген практикадан кетуге міндеттейді.

Олардың жалпы санынан әскери органның (бөлімшенің) санына есептелетін тәуекелдер мен теріс факторлардың әрбір позициясы бойынша үлес салмағын айқындау мақсатты индикаторлардың негізгі жүйесі болуы керек.

Бастапқы кезеңде осындай есептердің дұрыстығы мен расталуын барлық деңгейдегі әскери құрылымдарда әскери ведомстволар қамтамасыз етуі керек. Жеке құрам санының ұдайы өзгеріп тұратынын ескере отырып, мақсатты индикаторлар жүйесінің әрбір позициясы бойынша үлес салмағы ай сайын айқындалып тұруы керек. Бұл ай сайынғы көрсеткіштер сомасын талдау жүргізілетін айлар санына бөлу жолымен бір жыл ішіндегі кез-келген кезеңде (тоқсан, жартыжылдық, оқу немесе күнтізбелік жыл) үлес салмағының орташа көрсеткішін айқындауға мүмкіндік береді.

Осы жұмыстарды үйлестіруді барлық әскери органдар үшін бірегейлендірген және сыныптандырылған бірыңғай жүйе бойынша белгілі бір тәжірибе жинаған әскери-құқықтық статистика органдарына жүктеген орынды.

ҚАЗА ТАБУ ЖӘНЕ ЖАРАҚАТ АЛУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ СЫНЫПТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алуы (соның ішінде өз-өзіне қол жұмсау) профилактикасы әлі де жүйелі бола қойған жоқ. Көрсеткіштер саны статистикалық деңгейге жатқызылмаған және шамалас мәнін ғана көрсете отырып, нақты жағдайдың объективті көрінісін көрсетпейді. Бұдан басқа, осы күнге дейін жеке құрамның қаза табуы мен жарақат алуын тіркеудің сыныптамасы мен тәртібінде айырмашылықтар бар. Қорғаныс министрлігінде тіпті мынадай құқықтық вакуум қалыптасқан: 2010 жылғы қазан айында қабылданған ведомстволық актімен 1998 жылдан бері қолданылып келе жатқан сыныптандыру және есепке алу тәртібінің күші жойылған, ал жаңа тәртіп әлі белгіленбеген.

ӘСКЕР ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚАЗА ТАБУЫНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Әскерлердегі орны толмас шығындардың статистикасы жағдайдың жақсарғанын растайды.

Әскерлерде әскери қызметшілердің неғұрлым көп шығынға ұшырауы 2001 (148), 2004 (153) және 2005 (163) жылдары орын алды. Құқық бұзушылық профилактикасы Бағдарламасын қолданысқа енгізілген кезеңде олардың саны 2011 жылы 111-ге, ал 2012 жылғы 11 айда 110-ға дейін азайтылды.

Сонымен бірге, қаза тапқа әскери қызметшілерді есепке алудың барлық әскери органдар үшін бірдей өлшемдері мен тәртібін әзірлеу қажет. Қазіргі кезде қолданылып жүрген «соғыс», «соғыстан тыс», «жанама» және «қайтыс болды» деген санаттар бойынша шығындар сыныптамасы нақтылауды және одан әрі жетілдіруді талап етеді. Қандай да болмасын санатқа нақты фактіні жатқызу үшін анық ара-жігін ажырату белгілері жоқ, соның салдарынан нақты көрініс бұрмаланған (мысалы, «соғыстан тыс» және «жанама»).

Мәселен, әскери қызметшілердің қызметтен тыс уақытта өз-өзін қол жұмсау бірқатар жағдайларда, әскери органдарда «жанама шығындар» ретінде тіркегендіктен өз-өзіне өлтіру ретінде есепке алынып отыр.

Бұдан басқа, әчкери қызметшілердің қаза табуы профилактикасында әскери міндеттемелерді пайдалануға не оларға ешқандай да қатысы болмауына байланысты тікелей немесе жанама қаза тапқаны үшін командирлердің жауапкершіліктері шектерін түбегейлі айқындау және анық ара-жігін ажырату қажет..

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Адамдардың ең көп шығынға ұшырауы сегменті жол-көлік оқиғалары құрайды, олардың үрдісі тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Осы бағыттағы профилактика оң нәтижелер бермеді.

Бірінші кезекте көлік құралдарын жүргізетін әскери қызметшілер бұл жердегі мақсатты топ болуы керек.

Соңғы он жылда ЖКО саны бойынша қандай да болмасын үрдіс айқындалмайды. Олардың шыңы 2009 жылғы тиесілі, үш жылдық профилактикалық бағдарламаны іске асырудың бірінші жылында көптеген төмендетулерге қол жеткізілді..

Адамдардың денсаулығына ауыр зиян келтіруге және олардың өліміне әкеп соққан, сондай-ақ  әскери техникаға елеулі зиян келтьіруге әкеп соққан оқиғадарды қоса алғанда, жеке және қызметтік автокөліктерде әскери қызметшілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны профилактиканың жаңа кезеңіне арналған мақсатты индикаторлар болады.

ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАУЛАРДЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Кез-келген әскери орган үшін оның қызметіндегі сапа мен тиімділікті бағалаудың маңызды өлшемдері өз-өзіне қол жұмсаулардың статистикасы болып қалып отыр. Бұл ретте, жас шамасы санатындағы (мерзімді қызмет пен курсанттар) әскери қызметшілер жасаған өз-өзіне қол жұмсаулары жұртшылықтың және БАҚ-ның ерекше жіті назарларын туындатады. Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуда әскери қызметшілердің аяқталған өз-өзіне қол жұмсау санының азайып келе жатқанының жағымды үрдісі.

Әскери басқару органдары үшін жарғыдан тыс өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі адам өлімі фактілерін толық жою қайтарымсыз шығын статистикасында маңызды нысаналы индикатор болып табылады.

Міндетті түрде қосымша тергеу жүргізе отырып және процессуалдық шешім қабылдай отырып, өзін-өзі өлтіруге әрекет жасауды жаппай есепке алу суицидтің алдын алудың және бір маңызды нысаналы индикаторы болып табылады. Өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенудің және оны іске асырудың бірсыпырасы істі қарау барысында ғана белгілі болды. Алайда қолбасшылықтың мұндай фактілерге тиісінше мән бермеуі, оның ішінде жалпы психологиялық-тәрбие барысын бұзбауға ұмтылыс ниеті ақырында суицидтің орын алуымен аяқталды. Бұл орайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының ұсынысы міндетті болуға тиіс, оған сәйкес «өзін-өзі өлтіруге әрекет жасағандарға қатысты, олардың арасында психикалық тұрғыдан ауру адамдардың бар екендігіне қарамастан, психикалық тұрғыдан ауру деген сылтау айтудан аулақ болу өте маңызды».         

Осылайша, суицидтің алдын алу мынадай салдарларда нәтижесіз аяқталады:

өз-өзіне қол жұмсау оқиғасын есепке алудың, тіркеудің және талдау жасаудың ретті жүйесінің болмауы;

суицидтік әрекетті, оның ішінде денесі зақымданбаған суицидтік әрекетті жасыру, бұл жүзеге асқан суицидтің тәуекелін арттырады;

командирлердің, тәрбиеші офицерлердің, психологтардың, медицина қызметкерлерінің, заңгерлердің, басқа да лауазымды адамдардың профилактикалық жұмыстарындағы өзара әлсіз іс-қимылы;

офицерлік құрамның психологиялық-педагогикалық құзыретінің жеткіліксіздігі, ол:

- бағыныстағы әскери қызметшілерді зерделеу жөніндегі жеке жұмыстың әлсіздігіне;

- психологиялық дағдарыс жай-күйіндегі әскери қызметшілердің қанағаттанбау көріністеріне;

- өзін-өзі өлтіруге және оның алдын алудың мүмкіндігіне деген қате көзқарастың кеңінен таралуына алып келеді.

ЖАРАҚАТТЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Жарақаттың санын, әсіресе жарғыдан тыс өзара қарым-қатынас және техника қауіпсіздігін бұзу нәтижесінде алынған жарақаттың санын дәйекті түрде азайту жарақаттың профилактикасында нысаналы индикаторлар болуға тиіс. Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары орнына, уақытына және басқа да мән-жайларға қарамастан, әскери қызметшілер алған жарақатты тіркеу мен есепке алудың бірыңғай тәртібін жасауға тиіс.

Командованиенің де, сондай-ақ әскери қызметшілердің өздерінің де жарақатты жасыруының, не жарақат алудың шынайы себептерін бұрмалауының жолы қатаң түрде кесілуге тиіс. Жарақат алған әскери қызметшінің азаматтық емдеу мекемелеріне әрбір жүгінуі туралы командование және әскери полиция хабардар болуға тиіс.

Осы Бағдарламаның қолданыс кезеңінде жарақатты жасыру, әсіресе мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен курсанттарды азаматтық адам түрінде жергілікті медицина мекемелеріне жеткізу оқиғаларын толық жою қажет. Бұл амбулаториялық және стационарлық аурулар тіркелетін журналдағы жазбаларға, рентген зерттеулерге тұрақты түрде және жүйелі тексеру жүргізуді талап етеді. Медицина қызметкерлерінің жауаптылығын арттыру мақсатында денсаулық сақтау министрлігі мен әскери ведомстволар деңгейінде бірлескен құқықтық акт қабылдау қажет.

Осы Бағдарламаны іске асыру мерзімінде жарақаттың профилактикасын бағалау өлшемі жарақат туралы сандық деректер емес, барлық жарақатты жаппай есепке алуды қамтамасыз ете білу, сондай-ақ жарақатты жасырып қалудың жоқтығы болуға тиіс. Цифрлық деректер жағдайды талдауға және алдын алудың тиімді шараларын тұжырымдауға арналған материал ретінде қызмет етуге тиіс. Командирлердің санасында берік орнығып қалған бұрынғы стереотиптерді осылайша жаңаға ауыстыру жақсы нәтиже береді. Шынтуайтына келгенде, жауаптылыққа тартылған лауазымды адамдардың саны жарақаттың санына да, олардың азаюына да әсер етпейді.  

Ағымдағы жылы әскерлерде әскери қызметшілер арасында олардың денсаулығы мен өміріне қол сұғушылықты жоюға бағдарланған «2012 – казармалық бұзақылықты жеңу жылы» деген республикалық жоба іске асырылды. Кешенді түрде жүргізілген жүйелі іс-шаралар, Шекара қызметін қоспағанда, барлық әскери органдарда оң нәтиже берді. Шекара қызметіндегі жарғыдан тыс өзара қарым-қатынас салдарынан ондағы жарақат алушылар үштен бірге көбейді, ал қауіпсіздік шараларының бұзылуынан алынған жарақат үш еседен көп.

Алдағы кезеңде «Қазақстан Республикасының әскери органдарындағы оқиғалар мен құқық бұзушылықтардың бірыңғай жіктемесі», «Қазақстан Республикасының әскери органдарындағы оқиғалар мен құқық бұзушылықтарды есепке алу жөніндегі нұсқаулық» деген пилоттық жобаларды байқап көру және жетілдіру керек, бекітілгеннен кейін оларды жаңа жалпы әскери жарғылармен сәйкестендіру керек.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Қылмыстық қудалау органдары үшін сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы шеңберіндегі нысаналы индикаторлар олардың әрбірі сотқа жіберілуге тиіс анықталған қылмыстар мен қозғалған қылмыстық істер арасындағы айырманы мейлінше азайту болуға тиіс. Бұл жедел және тергеу жұмыстарының сапасын арттырады, заттық көрсеткіштерді жасанды түрде өсіру жағдайын болдырмайды.

Заңдылықты бұзушылықтың анықталғандары арасында мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үлесі аз емес. Мұнда лауазымды теріс пайдалану жүйелі түрде жолға қойылған және олардың ауқымы мемлекеттік сатып алуды қолдану тәсілі мен осы мақсатқа бөлінетін қаражат көлеміне ғана байланысты.

Мемлекеттік сатып алу жүйесінен құрамдас сыбайлас жемқорлықты жою үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты жүзеге асырудың әскери техниканы жаңғырту, күрделі жөндеу және қару-жарақтың жекелеген түрлерін сатып алу сияқты қажеттіліктерді ғана қамтитын қолданыстағы тәртібін өзгерту керек. Бірінші кезекте оның номенклатурасын кеңейту керек, Содан кейін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың азаматтық құқықтық мәміле мен мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі орнын айқындау қажет. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаумен мемлекет уәкілеттік берген арнайы орган айналысуға тиіс. Бұл әскери әкімшіліктің мемлекеттік қаражатты жұмсауға қатысуын мейлінше азайтуға және оны өзіне тән емес функцияларды орындаудан босатуға мүмкіндік береді.

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Әскери қызметшілер арасында нашақорлықтың таралуына қарсы күрестегі оң өзгерістерге «Нашақорлыққа әскерде орын жоқ» деген 2009-2010 жылдардағы республикалық акцияны іске асыру шеңберінде қол жеткізілген болатын. Үш жылдық Бағдарлама барысында да белгілі бір жұмыстар жүргізілді, бұл ретте алдын алу акценті әскерге шақыру сатысына көшірілді.

Медициналық комиссиялар құрамына дәрігер-наркологтар қамтылды. 2011 жылғы күзгі әскерге шақыру кезінде нашақорлыққа байланысты тестілеуден өткен 12 мыңнан астам азаматтар арасынан 92 есірткі қолданушы анықталды. Алайда қауіптілігі жоғары Жамбыл облысында әскерге шақырылушылар нашақорлыққа байланысты тестілеуден өткен жоқ.

2012 жылғы көктемгі әскерге шақыру кезінде 15 мыңға жуық азамат нашақорлыққа байланысты тестілеуге тартылды. Олардың арасында есірткі қолданатын адамдардың үш есе азайғаны (33) анықталды. Алайда, нашақорлыққа байланысты тестілеуді Жамбыл облысымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы да толық бұзды.

2012 жылдың өткен кезеңі ішінде әскери қызметшілердің қатысуымен болған есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымдағы қылмыс саны 40%-ға өсті (2011 жылғы 10-нан 14-ке дейін).

ӘСКЕРДЕ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРАЛУЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

Діни экстремизмнің күшеюі бізді бұл құбылысқа неғұрлым мұқият назар аударуға және оны болдырмауға арналған алдын алу саясатының әдістерін тұрақты түрде жетілдіруге итермелейді. Оның көріністері аңыз болудан қалып, ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздікке нақты қатер туғызады.

Мәселен, биылғы жылы ғана елдің арнаулы қызметтері дайындық сатысындағы 24 терактіні болдырмай тастады, терроризммен және экстремизммен байланысты 112 қылмыс, сондай-ақ діни қатынастар саласында 230 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.

Соңғы жылдар ішінде қабылданған уақтылы және кешенді профилактикалық шаралар әскерде әскери қызметшілердің терроризм мен экстремизм идеяларын қабылдамау рухындағы тұрақты жағдайдың сақталуына мүмкіндік береді. Бұл жұмыс тұрақтылықты және кешенді көзқарасты талап етеді. Әскери қызметшілерді радикалдық діни ағымдардың зомбигипноздық ықпалынан қорғап ғана қоймай, сонымен бірге олардың осы саладағы істің жағдайы үшін бүкіл жауаптылықты түсінуін қамтамасыз ету де маңызды.

Бірінші кезекте, қызмет бабы бойынша қару-жараққа, оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға рұқсаты бар, әсіресе оларға иелік ету құқығы берілген әскери қызметшілер профилактика объектілері болып қалуға тиіс.

Маңыздылығы жағынан екіншісі мемлекеттік сатып алу мен еңбек келісімі туралы шарттар шеңберінде жұмыстар орындайтын және қызметтер көрсететін адамдар профилактикалық байқау объектілері болуға тиіс.

Үшіншіден, әскери органдар өз міндеттерінің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Көп жағдайда бұл қызметтік-жауынгерлік міндетін атқару барысында қызмет мүдделерін сату оқиғалары арта түсіп отырған шекара қызметі мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне қатысты. Шекара қызметін өткеру қағидаларын бұзушылықтар туралы қылмыс саны соңғы жыл ішінде 32,3%-ға, пара алу – 45,5%-ға өсті. Шекарашыларды заңсыз көші-қон саласына тарту, ал ішкі әскерлердің әскери қызметшілерінің – есірткінің заңсыз айналымына және тыйым салынған заттарға байланысты оқиғалары жыл өткен сайын көбірек анықталуда.

Ал үстіміздегі жылы республикада діни-экстремистік бағыттағы әдебиеттер мен материалдарды алып қоюдың 600-ден астам фактісі тіркелді (25 мыңнан астам баспа өнімі бірлігі, компьютерлік техниканың 34 бірлігі және екі мыңнан астам өзге де ақпарат көздері алып қойылды). Тыйым салынған заттардың көп бөлігі әрбір прокурорлық тексерулерден кейін түзеу мекемелеріндегі сотталғандардан анықталады.

Бұдан басқа, соңғы бес жыл ішінде басқа мемлекеттердің аумағында террористік ұйымдардың әрекетіне қатысы бар және заңсыз қарулы құрамаларға қатысқан Қазақстанның 40 азаматы ұсталды, ал өз елімізде халықаралық террористік және экстремистік ұйымдардың 68 мүшесі ұсталды. Тіркелмеген 60 діни ұйымдар, шағын топтар және деструктивтік секталар әрекетінің жолы кесілді, тіркелмей жұмыс істеп жүрген және заңнаманы бұзған 67 миссионер анықталды, олардың 13-і шетелдіктер. Әскерге шақырылғанға дейінгі жастарды және әскери қызметшілерді осындай элементердің теріс ықпалынан қорғау алдын алу жұмысындағы міндеттердің бірі болып табылады.

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛҒАНҒА ДЕЙІНГІ ЖАСТАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ПРОФИЛАКТИКА

Дәстүрлі емес діни ағымдардың деструктивтік идеяларының армия арасына енуінің ықтимал жолдарын талдау әскерге шақырылғанға дейінгі жастармен жұмыста елеулі проблемалардың бар екендігін көрсетті.

2004 жылы қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының әлеуеті уақтылы іске асырылмады және ол қазіргі заман шындықтарына сай келмейді. Бағдарламалық құжаттардың жоқтығынан жастармен жұмыс іс жүзінде жүргізілмеді және стихиялық сипатта болды. Соның салдарынан азаматтарды әскери қызметке әскерге шақыруға дейінгі дайындау саласы ұзақ уақыт бақылаусыз қалды, ал жастарға әскери-патриоттық тәрбие мен білімді мемлекеттік деңгейде жүргізу назардан мүлдем тыс қалды.

Денсаулық сақтау органдары әскерге шақырушыларды медициналық куәландырудың және олардың ауруларының алдын алудың тиісті сапасын қамтамасыз етпейді. Бұл әскерге шақыру науқаны кезеңінде оларды әскерге шақыру кейінге қалдырылатын, не денсаулығының жай-күйі бойынша жарамсыздығына байланысты әскери қызметке шақырылудан мүлдем босатылатын азаматтар санының жыл сайын өсе түсуінен көрінеді. Медициналық әскерге шақыру комиссиясы дәрігерлерінің қателігі салдарынан әскерге негізсіз шақырылу және әскерге шақырылып қойған жасты әскерден қайтару оқиғалары жойылған жоқ. 

2010 жылы 25 мыңнан астам азамат әскери қызмет өткеруге жарамсыз деп танылды, 2011 жыл ішінде бұл цифрлар біршама ұлғайды. Ауыруы салдарынан әскерге шақыру кейінге қалдырылған адамдардың саны өсуде.

2011 жылы мерзімді әскери қызметке күзгі әскерге шақыру кезеңінде медициналық комиссия әскерге шақырылуға жататын азаматтардың ең көп санын қамтыды. Олардың 10%-дан астамын медиктер армия қызметіне жарамсыз деп таныды, ал әскерге шақырылушылардың 20%-дан астамының әскерге шақырылуы кейінге қалдырылды.

2010-2011 жылдар ішінде 80-нен астам ауру әскери қызметшілер әскерден қайтарылды, олардың аурулары қызметпен байланысты болған жоқ.

2012 жылғы көктемгі әскерге шақырудың қорытындысы бойынша медициналық комиссиядан өткен жасөспірімдер санының 25%-ы ауруы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылды. Бірақ осындай «іріктеуден» кейін де бөлімшеге әскери қызмет өткеруге кедергі келтіретін аурумен келген көктемгі әскерге шақырудағы азаматтарды әскерден қайтару жалғасуда.

Әскерге шақыру пункттерінің болмауы және медициналық комиссиялардың қажетті маман-дәрігерлермен жасақталмауы сияқты проблемаларды жергілікті органдар жарым-жартылай шешеді. Олар қабылдаған шаралардың тиімділігі жергілікті бюджеттің мүмкіндігімен тікелей байланысты. Сондықтан бұл арада республикалық деңгейде кешенді бағдарламалық шешім қабылдау талап етіледі.

Сонымен қатар, бастапқы әскери дайындық өте төмен деңгейде ұйымдастырылған, тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің болмауынан және кадрлық жетіспеушіліктен ол дамымай отыр.

Осы кемшіліктердің барлығы жинақтала келе әскерді жасақтаудың сапасына және әскери ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалға теріс әсер етеді.

Жағдайды сауықтыруды «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына азаматтарды әскерге шақырылғанға дейін дайындау және әскери-патриоттық тәрбиелеу туралы ереже енгізе отырып, осы саладағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруден көруге болады. 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын әзірлеуге және кейіннен «Жастар және армия» деген бөлімді іске асыруға әскери органдардың белсенді түрде қатысуын қазірден бастап қамтамасыз ету керек. Қазіргі кезде әскери органдардың Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне Тұжырымдамаға енгізу үшін «Әскери-патриоттық тәрбие» деген бөлімнің жобасын жіберді. Осыны ескере отырып, әскери органдар арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жолымен әскерге шақырылғанға дейінгі және әскери қызметтегі жастар арасында (14 жастан бастап 29 жасқа дейінгі) құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды қаржыландырудың тетігін әзірлеген жөн. Бұл Тұжырымдаманың ойдағыдай іске асырылуына кепіл болмақ. 

Осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде қазіргі заманғы әскерге шақырылушының психологиялық портретін жасау және оны зерделеу қажет сияқты. Әскери доктринаның бағдары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің даму бағыты оңтайлы кәсіби армия құру болғандықтан, әскери қызметке моральдық, психологиялық және дене бітімі тұрғысынан жоғары деңгейдегі, мінез-құлқы мәдениетті адамдардың келуі көзделеді. Әскери қызметке шақырылғанға дейінгі азаматтардың дайындық деңгейінің төмендігінен мерзімді әскери қызметке шақырылған солдаттар мұндай сапаға ие емес. Психологтардың айтуына қарағанда адам 21 жасқа қарай түпкілікті қалыптасады. Сондықтан әскерге шақырылу сәтінде олардың басым көпшілігінің тұрақты көзқарасы қалыптаса қоймайды және өмірлік ұстанымдары толық айқындалмайды. Ал қылмыстық ахуалдың ушыға түсуі және ішкі қатердің күшеюі жағдайында әскер «сұлату» қаруын қолдана отырып, терроризмге қарсы операцияларға қатысуға тартылуда.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыста анықталған кәмелетке толмағандардың жалпы санына шаққанда жалпы білім беретін мектеп оқушыларының үлес салмағы жоғары. Кәмелетке толмағандар республика бойынша тұтастай алғанда ауыр қылмыстың әрбір 15-шісін, әрбір 20-сыншы адам өлтіруді, әрбір 16-шы денсаулыққа ауыр зиян келтіруді, әрбір 8-ші қарақшылықты, әрбір 5-ші тонауды, әрбір 13-ші ұрлауды жасайды. Жыл сайын ішкі істер органдарына әртүрлі құқық бұзушылықтары үшін 100 мыңға жуық кәмелетке толмағандар жеткізіледі, олардың 9 мыңнан астамы немесе жеткізілгендердің жалпы санының 9,4%-ы панасыз және қараусыз қалған балалар. Әскерге шақырылатын 18 жасында көптеген жастардың қылмысты жасөспірімдер ортасының ықпалында болатынын ескеру керек.

Армиядағы криминалдық көріністерді тежеуге қоғамдық ұйымдар мен БАҚ-тың әлеуеті әлі де толық көлемде пайдаланылмай отыр. Осы Бағдарламада осы бағытты жетілдіру жөнінде кешенді шаралар көзделген.

4. 2013-2015 жылдарға арналған профилактикалық қызметтің мазмұны

Рет

Іс-шара

Жауапты орындаушылар және қосымша орындаушылар

Орындау мерзімі

Аяқтау нысаны

ЖАЛПЫ ПРОФИЛАКТИКА

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУ

1

Қолданыстағы заңнаманы қарап, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңға профилактикалық қызметтің құқықтық реттелуі мен қаржыландырылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жасау

ӘПББ профилактиканың барлық субъектілері

2013 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде

Заң жобасы

2

Профилактикалық жұмысты іске асырудың тиімділігін бағалау үшін нысаналы индикаторлар әзірлеу және енгізу.

ҚСжАЕ ӘБ
(жинақтау), профилактиканың барлық субъектілері

Маусым, 2013 жыл

Нысаналы индикаторлар тізбесі (түсіндірмелерімен)

3

Әскери басқару органдары бірінші басшыларының командирлердің профилактикалық қызметін бағалау объективтілігін және оның тиімділігін арттыру жөніндегі бірлескен бұйрығын әзірлеу және бекіту.

ҚМ

Наурыз, 2013 жыл

Бірлескен бұйрық (директива)

4

Ең озық макеттерді тарата отырып және бірыңғай шамалас үлгілерді жасай отырып қызметтік тексерушілер арасында ведомствоаралық конкурс өткізу. Әдістемелік ұсыныстар шығару.

БӘП (жинақтау),

профилактиканың барлық субъектілері

Жыл сайын,  01 қазанға дейін

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

5

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары Ведомствоаралық гарнизондық кеңестің жұмысын жетілдіру. Профилактика бағдарламасын орындаудың қорытындысы бойынша отырысқа қоғамдық және үкіметтік емес бірлестіктердің және (Ата-аналар комитеті, солдаттардың аналары) БАҚ-тың өкілдерін шақыру.

ӘБП

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

6

Құқықтық реттеуді және ішкі тексеру комиссиясының мәртебесін зерделеу, статусын, құрамын, құзыретін, қызмет тәртібін және басқа органдар анықтаған бұзушылық үшін жауаптылық шегін айқындай отырып, бірыңғай ведомствоаралық нормативтік база жасау. Осы жұмысты бұдан былай да жетілдіру.

Профилактиканың барлық субъектілері

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат жобалармен және ұсыныстармен бірге

7

Олардың жауынгерлік тәртіпті нығайту және қолдау жөніндегі қызметін бағалаудың негізгі өлшемдерінің бірі ретінде (Тәртіптік жарғының 16-тармағы) құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша жұмыстың жай-күйі үшін барлық деңгейдегі командирлерге (бастықтарға) талапты күшейту,

Әскери басқару органдары

Тоқсан сайын

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

8

Ұжымдық міндеттемені бұзғаны үшін жеке жауаптылықты қатайта отырып, құқық бұзушылыққа қатысты ұжымдық ықпал етудің және кінәлаудың әдістерін жетілдіру.

Профилактиканың барлық субъектілері

Жартыжылдық бойынша

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат ұсыныстармен бірге

9

Курсанттардың, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің мәдени-көңіл көтеру және спорттық шараларды, саяси жағдай туралы ақпараттандыру сабақтарын ұйымдастыруға, сондай-ақ олардың аймақтық және орталық жастар ұйымдарына  қатысуын көбейту. Әскери бөлімдерде, медициналық және оқу орындарында солдаттар Кеңесін және курсанттар Кеңесін олардың мәртебесі мен қызметін құқықтық реттеу бойынша нормативтік қорды қалыптастыра отырып құру қажеттігін қарастыру.

ҚМ, ШҚ, ІӘК, РҰ, ТЖМ

Тоқсан сайын

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат ұсыныстармен бірге

10

Әскери органдарда Әйелдер кеңесінің қызметін құқықтық реттелуін қамтамасыз ету, олардың ведомствоаралық әрекеттесуі мен тәжірибе алмасуын жақсарту (семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, конкурстар). Әйелдер кеңесінің және әскери қызметшілер отбасылары мүшелерінің прифилактикалық қызметке араласуын ілгерілету.

Профилактиканың барлық субъектілері

Жартыжылдық бойынша

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат.

БАҚ-та жазу

11

Уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерін (жол полициясы, дін істері, салық жөніндегі, өртке қарсы және т.б.) нақты профилактикалық қызметке тарту.

Профилактиканың барлық субъектілері.

Жартыжылдық бойынша

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат.

БАҚ-та жазу.

12

Профилактикалық қызметке қатысушыларды марапаттау жүйесін дамыту. Әскери органдарда құқық бұзушылықтың профилактикасына жеке үлес қосқаны үшін ведомстволық награданы дайындау және бекіту мәселелері бойынша ұсыныс енгізу.  

Профилактиканың барлық субъектілері

Жартыжылдық бойынша

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат.

 

ҚҰҚЫҚТЫҚ ПРОФИЛАКТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КАДРЛАР ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

13

Ұсыныстар тұжырымдай отырып, профилактикалық қызметтегі оң тәжірибені оқып-үйрену және өзара алмасу жөніндегі ведомствоаралық өңірлік (гарнизондық) шағын жиындар (семинарлар) өткізуді енгізу және оны практикаға айналдыру.

Гарнизондардың бастықтары, профилактиканың барлық субъектілері

Жартыжылдық ішінде

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат бейнематериалдармен және ұсыныстармен бірге

14

Проводить совместно с начальниками гарнизонов межведомственные выездные совещания с обсуждением состояния профилактической работы в отдаленных воинских подразделениях (гарнизонах), встречи с местными населением и властями. Изучать и оперативно решать социальные проблемы военнослужащих.

Өңірлік және гарнизондық әскери прокурорлар, профилактиканың барлық субъектілері

Тоқсан сайын

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат бейнематериалдармен бірге

 

15

Қылмыстық процестің барлық сатысында процессуалдық сипаттағы профилактикалық шараларды ұлғайту жөніндегі қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру. Бейнекөріністі ұсынудың жобасын жасау.

ІІМ ТК, әскери полиция

Жартыжылдықтар бойынша

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

 

16

Ақпараттық хат жолдай отырып, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 204-бабын және «Әскери полиция органдары туралы» Заңның 8-бабын ұсыну тәртібімен қылмыстық қудалау органдары енгізген ұсыныстың толықтығына, сапасына және тиімділігіне талдау жасау.

ӘПБ,

қылмыстық қудалау органдары

Тоқсан сайын

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

 

СОТ ОРГАНДАРЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУ

17

Соттармен әрекеттесе отырып құқықтық насихаттың жаңа әдістері мен тәсілдерін қолдана бірлескен профилактикалық шараларды ұйымдастыру.

БӘП

Тоқсан сайын

БАҚ-та жариялау

 

18

Қылмыстық істерді қарау барысында қолбасшылықтың қылмыстық қудалау органдарының ұсыныстары және прокурорлық қадағалау актілері бойынша қабылдаған шараларына баға беруге бағыттау. Тиісті түрде орындамаған жағдайда орталық қолбасшылық атына жеке үкім шығару. Осы бағытты жетілдіру.

БӘП

Тоқсан сайын

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ұсыныстармен бірге ақпарат

 

19

Заңнаманы және әкімшілік құқық бұзушылықтың профилактикасы шараларын жетілдіру. Әскери қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтарды, салықтар мен айыппұлдарды төлемеу фактілерін анықтау бойынша уәкілетті органдармен әрекеттесу тәжірибесін жалғастыру.

Профилактиканың барлық субъектілері

Жартыжылдықтар бойынша

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

 

ҚҰҚЫҚТЫҚ НАСИХАТ

20

Құқықтық реттеуді және есепке алуды қамтамасыз ете отырып, құқықтық насихаттың және көмек көрсетудің көлемін ұлғайту.

Әскери басқару органдары (заң қызметі)

Тоқсан сайын

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат.

БАҚ-та жазу

21

Оған әскери органдардың ведомстволық сайттарынан қол жететіндей етіп, сондай-ақ кейіннен оған қызмет көрсетуге және жетілдірілуіне қол жететіндей етіп, ведомствоаралық интерактивтік бет мәселелерін пысықтау және оны әзірлеуге бастама жасау.

Әскери басқару органдары (заң қызметі)

Тоқсан сайын

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат.

БАҚ-та жазу

ҚАЗА ТАБУДЫҢ ЖӘНЕ ЖАРАҚАТТЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

22

Әскери қызметшілердің жарақаттану бойынша хабарламалары туралы әскери құқық қорғау органдары мен әскери полицияға жедел хабарлау және медициналық мекемелермен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету.

Әскери полиция

2013 жылғы 01 маусымға дейін

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат құқықтық актінің жобасымен бірге

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

23

Әскери қызметшілерді, көлік құралдарының иелерін, оның ішінде сенімхат бойынша басқарушыларды жүргізушілік куәлігі бар-жоғын оқытын-оқтын тексере отырып, әскери органдарда профилактикалық есепке алуды жүргізуді қамтамасыз ету.

Профилактиканың барлық субъектілері

Тоқсан сайын

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

ЕСІРТКІНІҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

24

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып барлық әскерге шақырылушылардың олардың шақырылуы кезінде есірткіге тәуелділігін тексеруді қамтамасыз ету.

ҚМ, облыс әкімдіктері және оларға теңестірілгендер (келісім бойынша)

Шақыру науқаны кезінде (жартыжылдық қорытындысы бойынша)

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

25

Әскери қызметшілердің есірткіге тәуелділігін тексеруді өткізудің тәртібін құқықтық реттеу бойынша ұсыныс енгізу, осы шараларды қаржыландыру, сондай-ақ нормативтік қордың жетілдірілуін тұрақты түрде қамтамасыз ету.

Профилактиканың барлық субъектілері

Әскерге шақыру науқаны кезеңінде (жартыжылдықтың қорытындысы бойынша)

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

26

Қызметтік иттерді пайдалана отырып казармалық және басқа үй-жайларды, оның ішінде жеке құрамның жайларын және қызметке (жауынгерлік, қарауылдық, шекаралық наряд) кетер қарсаңдағы орындарын тексеру жолымен, әскери кинологтардың есірткі профилактикасына қатысуын кеңейту.

 

ӘПББ, ҰҚК ӘПД, ІӘК ӘПБ РҰ, ТЖМ, сондай-ақ кеден қызметі мен ішкі істер органдары (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

27

Продолжить реализацию пилотного проекта по созданию в органах военной полиции республиканских и гарнизонных Центров доверия.

Әскери полиция

Тоқсан сайын

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ

28

Ақмола облысының әскери бөлімшелері мен мекемелерін әскери полицияның кезекші органдарының пультіне сигнал беретін бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі экспериментті жалғастыру.

Аяқталуы бойынша есептеулерімен ұсыныс жасау.

ӘПББ, ҚМ

Ай сайын

 

Маусым, 2013 жыл

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

29

Әскери бөлімшелер мен мекемелерде бейнебақылау жүйесін орнату және пайдалану, олардың тиімділігі, жарақтандырылудың жай-күйі туралы есептілік нысаны (оның ішінде муляждарымен бірге), сондай-ақ командирлерге арналған әдістемелік ұсыныстар мәселелерін регламенттейтін ведомствоаралық құқықтық актіні

әзірлеу және бекіту.

Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы

Сәуір, 2013 жыл

Есеп беру нысанындағы бірлескен бұйрық.

Әдістемелік құрал

БАҚ-пен ЖӘНЕ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН ЖҰМЫС

30

Профилактикалық қызмет нәтижелері туралы әскери басқару органдары мен қылмыстық қудалау органдарының Үйлестіру кеңесі мен Ведомствоаралық гарнизондық кеңесінің қызметін кеңінен көрсету.

 

Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы

Тұрақты түрде

БАҚ-тағы жарияланым (баспасөзде, радиода, ТВ, интернет-ресурстарда, ведомстволық сайттарда рубрикалар ашу)

31

Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының жергілікті радиодан «Курсант сағатын» апта сайын жүргізу жөніндегі оң тәжірибесін зерделеу және тарату. Жергілікті радио жүйесінде әскери-ақпараттық рубрикалар мен хабарлар жасау жөнінде ұсыныс енгізу.

ҚМ

2013 жылдың 1 тоқсаны ішінде

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат.

32

Әскери органдардың қатысуымен қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің тізілімін жасау. Әскери қызметші мәртебесінің негізгі мәселелерін (әлеуметтік, идеологиялық, практикалық, құқықтық) шешуде осы ұйымдардың күш-жігерін біріктіру және профилактикалық қызметке тарту мақсатында бірлескен конференция өткізу. 

РҰ

Жартыжылдықтар бойынша

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

33

Дарынды әскери қызметшілер үшін өнер, ғылым, спорт саласында және басқа да салаларда ынталандыру мен жеңілдіктердің бірыңғай стандарттары мен жүйесін әзірлеу.

ІӘК, мүдделі мемлекеттік органдар (келісім бойынша)

Жартыжылдықтар бойынша

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат. Жобалар мен ұсыныстар

34

«Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы» Заңның шеңберінде гарнизондар бастықтарының ішкі істер органдарымен және ерікті жасақтармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету және оларды әскери қызметшілер қоғамдық орындарда жасайтын құқық бұзушылықтар профилактикасына тарту.

Профилактиканың барлық субъектілері

Жыл сайын

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

35

Профилактикалық қызмет туралы ақпараттар әзірлеу және оларды бірыңғай үлгідегі билбордтарға жаппай орналастыру.

Профилактиканың барлық субъектілері

Жылына кем дегенде бір рет

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат үлгілерімен бірге

АРНАЙЫ ЖӘНЕ ВЕДОМСТОЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКА

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСУ

36

Әскери органдардың қаржылық қызметінің профилактикалық қызметке белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету (банк кредиттері мен ипотекаларын алудың, зейнетақымен қамсыздандыру, қаржы тәуекелі саласында қарыз ақша алуды ресімдеудің, депозиттер ашудың тәртібі мен салдарларын түсіндіру).

Профилактиканың барлық субъектілері (қаржылық қызмет)

Тоқсан сайын

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат.

БАҚ-та жазу  (телевидениеде, баспасөзде, радиода, интернет-ресурстарда)

37

Выработать комплекс мер по совершенствованию финансирования и материально-техническому обеспечению программных мер профилактики.

Профилактиканың барлық субъектілері (қаржылық қызмет)

Жартыжылдықтар бойынша

Талдамалық анықтама. Заңнаманы жетілдіру туралы құқықтық актінің жобасы

38

Материалдық-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жақсарта отырып әскери психологтардың және социологтардың қызметін ұйымдық-кадрлық жетілдіруді жалғастыру. Олардың жалпы әскери жарғыларындағы мәртебесін, құзыретін, құқықтары мен міндеттерін айқындау.

Әскери басқару органдары

Тоқсан сайын

2013 жыл ішінде

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

39

Тыйым салынған әдебиеттер болуының жолын кесу мақсатында әскери органдардың кітапхана қорын зерделеу.

ӘҚБД, БББ

Жыл сайын

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

40

Жергілікті БАҚ-тарды тарта отырып, басқа әскери органдардың әскери ұжымдарындағы рұқсат етудің шекаралық пункттеріндегі әскери қызметшілердің барлық санаттарының қызметтік-жауынгерлік қызметінің нәтижелерін жазып көрсету жөнінде жария сөз сөйлеулерді практикаға айналдыру.

ҰҚК ШҚ

Ай сайын

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат лекциялық материалдармен бірге .

Жергілікті БАҚ-та жазу

КУРСАНТТЫҚ ОРТАДАҒЫ ПРОФИЛАКТИКА

41

Курсанттардың жалпы санына шаққанда және әскери оқу орындары курсанттарының жалпы санын негізге ала отырып, олар жасаған қылмыс пен құқық бұзушылықтардың үлес салмағын айқындай отырып, курсанттық ортадағы әскери тәртіптің жай-күйі туралы нысаналы көрсеткіштердің нысанын әзірлеу және оны практикаға енгізу.

Негізгі бағалау параметрлері бойынша әскери оқу орындарының ведомствоаралық рейтингін қалыптастыру.

Әскери полиция, ҚСжАЕ ӘБ

ҚМ, әскери басқару органдары

Маусым, 2013 жыл

Есептілік пен құқықтық акті нысандарының жобалары есептеу формуласымен бірге

Рейтингтік жүйе жобасы

ӘСКЕРГЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ПРОФИЛАКТИКА

42

Әскери жастарды қосымша әлеуметтік кепілдіктермен және артықшылықтармен қамтамасыз ету шакраларын тұжырымдай отырып, Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын («Жастар және армия» топтамасы) әзірлеуге және іске асыруға әскери органдардың қатысуын қамтамасыз ету.

Профилактиканың барлық субъектілері, Жас армияшылар бірлестігінің республикалық штабы

Тоқсан сайын

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

43

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның шеңберінде әскери жастарға әлеуметтік қызметтер көрсететін қызметтер көлемін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау.

Үйлестіру кеңесі

Жыл сайын

Үйлестіру кеңесінің отырысында талқылау

44

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде жас мөлшерін ұлғайтудың орынды-орынсыздығы туралы мәселені кешенді түрде зерделеу (негіздеме, орынды-орынсыздығы, оң және теріс жақтары,күтілетін нәтиже).

Үйлестіру кеңесі

2013 жыл ішінде

Талдамалық анықтама

45

Мерзімді қызметтегі солдаттарға (курсанттарға) экскурсиялық материалдар мен лекцияларды жүктей отырып, таныстыру лекциясымен бірге «Жас армияшы күні» деген іс-шара ұйымдастыру және өткізу.

Профилактиканың барлық субъектілері,

Жас армияшылар бірлестігінің

республикалық штабы

Тоқсанына бір рет

Бейнематериал. Фотоальбом.

БАҚ-та жазу  (телевидениеде, баспасөзде, радиода, интернет-ресурстарда),

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

46

Әскери басқарудың жергілікті органдары жанынан

Жас армияшылардың облыстық, аудандық және қалалық орталықтарын дамыту, әскери бөлімшелер жанынан әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтар құруды практикаға айналдыру.

Әскери басқару органдары

Жыл сайын

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

47

Әскери басқару органдары мен қылмыстық қудалау органдарының қамқорлығына бекітіліп берілген барлық гарнизон шекарасындағы барлық жалпы білім беру оқу орындарын қамтуды қамтамасыз ету. Қамқорлыққа алушы әскери органды көрсете отырып, тиісті облыстың (ауданның) білім беру мен ғылым жөніндегі аумақтық органының жалпы білім беру оқу орындарының тізімін жасау.

Гарнизондар бастықтары, ҚМ

Наурыз, 2013 жыл

Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығына ақпарат Тізімді қоса бере отырып

48

Мемлекеттік органдарға ұсыныс жасай отырып, тіркеу және әскерге шақыру науқаны кезеңінде медициналық куәландыру және есірткіге байланысты тестілеу нәтижелері бойынша жастардың денсаулық жай-күйін талдау.

ҚМ

Қаңтар, шілде, жыл сайын

Талдамалық анықтама және Үйлестіру кеңесіне ұсыныс

ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ БАҒЫТ

49

Гарнизонның спорттық лигасын қалыптастыра отырып, әскери органдардың – профилактика субъектілерінің бірінші басшыларының жүлдесіне арналған спорт түрлері бойынша ведомствоаралық спартакиадалар өткізу. Әскери органдар арасында спорт түрлерін бөле, жарыс кестесін жасай отырып, әскери органдардың бірлескен бұйрығымен спартакиада өткізудің Регламентін бекіту.

ҚМ және ӘПББ

ШҚ, ӘПД және ӘҚБД

ІӘК және ӘПБ

РҰ және ТЖМ

БӘП және ҚСжАЕ ӘБ

Қаңтар-ақпан

Наурыз-сәуір

Мамыр-маусым

Қыркүйек-қазан

Қараша-желтоқсан

Бірлескен бұйрық, Жарыс кестесі.

БАҚ-та жазу

Ескерту:

Аббревиатураларды ажыратып жазу:

БӘП – Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуратурасы

БББ – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас барлау басқармасы

ҚМ – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі

ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰҚК ШҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

ӘҚБД – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери қарсы барлау департаменті

ІІМ ІӘК – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті

РҰ – Қазақстан Республикасының республикалық ұланы

ӘПББ – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясының бас басқармасы

ӘПБ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің Әскери полиция басқармасы

ӘПД – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полиция департаменті

ҚСжАЕ ӘБ – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнаулы есеп комитетінің Әскери басқармасы

ТК – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.