You are here

Республикалық конкурс ережесі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас әскери прокурорының
2012 жылғы  16 мамырдағы
№ 39 бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ

Әскери прокуратура органдары қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланымы конкурсының Ережесі

I. Жалпы ережелер

Әскери прокуратура органдары қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланымы конкурсын (одан әрі – Конкурс) Бас әскери прокуратура өткізеді.

Конкурстың негізгі міндеттері:

әскери прокуратура органдарының тарихы мен үздік дәстүрлерін кеңінен тарату;

әскери прокуратура органдарының қызметін насихаттау;

бұқаралық ақпарат құралдарымен (одан әрі – БАҚ) өзара іс-қимылдың нысандары мен әдістерін жетілдіру;

қоғамда баспасөз, теледидар, радио және интернет-басылымдардың көмегімен әскери прокуратура органдары қызметкерлерінің жағымды бейнесін қалыптастыру;

баспа және электронды БАҚ-тағы әскери прокуратура органдары қызметі туралы жарияланымдардың идеялық-көркемдік дәрежесін және сапасын көтеру.

Конкурсты ұйымдастыру, өткізу және жалпы басшылық жасауды Конкурсты қорытындылау жөніндегі комиссия (одан – Конкурстық комиссия) жүзеге асырады.

Конкурсқа заңнамалармен белгіленген тәртіпте тіркелген орталық және өңірлік БАҚ-тың штаттағы қызметкерлері, сондай-ақ әскери прокуратура органдары қызметінің мәселелері бойынша жарияланған материалдарын ұсынған штаттан тыс авторлар (прокуратура органдары қызметкерлері арасынан шыққан штаттан тыс авторларды есептемегенде) қатыса алады. Конкурстық материалдарды ұсынған кезде олар авторлық, басылым құқықтары туралы және зияткерлік меншік туралы заңнамалардың талаптарын сақтауы тиіс.

Конкурс 2012 жылдың  шілде және желтоқсан айлары аралығында өтеді.

Тиісті номинациялар бойынша үздік материалдарды іріктеу 2012 жылғы 1 қарашаға дейін жүргізіледі.

Конкурстың соңғы кезеңі 2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін өткізіледі. Осы уақытқа дейін Конкурстық комиссия әрбір номинация бойынша конкурстық жұмыстар бойынша соңғы іріктеу жүргізеді.

II. Конкурстық материалдарға қойылатын талаптар

және оларды ұсыну тәртібі

Конкурсқа қатысу үшін жеке-дара немесе конкурстық материалды әзірлеген шығармашылық ұжым құрамының өтініші беріледі. Ұсынылатын материалдарда басылым және автор туралы аңдатпа, қысқаша анықтама, автордың толық аты-жөні, оның жұмыс орны, атқаратын қызметі және байланыс ақпараты міндетті түрде көрсетілген ерікті түрде жазылатын өтініші болуы керек.

Бейнематериалдар DVD форматындағы дискіде, радионың аудиоматериалдары эфирдің болған күні мен мекен-жай базасы көрсетіле отырып CD-ROM тасығыштарымен ұсынылуы қажет. Баспа материалдары авторды және басылымның өзін міндетті түрде анықтау мүмкіндігімен қиынды немесе газет данасы түрінде ұсынылады. Конкурсқа қатысу үшін бір автордан немесе шығармашылық ұжымнан екі данадан аспайтын материал қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған барлық материалдар осы Конкурстың нақты номинациясы көрсетіле отырып (мемлекеттік және орыс тілдерінде) автордың қысқаша түйіндемесімен сүйемелденуі тиіс. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және белгіленген мерзімнен кешіктіріліп берілген материалдар Конкурсқа қатысуға қабылданбайды.

Бас әскери прокурор жетекшілік ететін Конкурстық комиссия оның құрамының 2/3 болған жағдайда қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы конкурстық материалдарды соңғы рет бағалауды жүргізеді. Конкурстық комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді, ол бекіту үшін Конкурстың жеңімпаздары мен дипломанттарын марапаттау туралы бұйрық жобасымен бірге Бас әскери прокурорға ұсынылады.

Конкурс мынадай номинациялар бойынша (мемлекеттік және орыс тілдерінде) өткізіледі:

үздік телебағдарлама (қадағалау және құқық қорғау қызметі мәселелерін жариялайтын, мемлекеттің тыныс-тіршілігінде әскери прокуратура органдарының атқаратын орнын ашатын телебағдарлама);

мерзімді баспа басылымдарындағы әскери прокуратура органдарының қызметі туралы үздік жарияланымдар;

әскери прокуратура органдарының ардагерлері туралы үздік жарияланымдар;

үздік радиохабар;

үздік интернет-жарияланымдар (мемлекеттің қоғамдық өміріндегі жаңалыққа айналған құқықтық тақырыптарға арналған материалдар бойынша).

III. Марапаттау тәртібі

Конкурс жеңімпаздарына дипломдар, құрмет грамоталары және сыйлықтар беріледі, сонымен бірге «Әскери прокуратура органдары қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында үздік жариялағаны үшін Бас әскери прокуратура сыйлығының лауреаты» атағы тапсырылады.

Конкурстық комиссияның шешімімен әрбір номинацияда қосымша, арнайы және көтермелеу жүлделері және дипломдары белгіленуі мүмкін. Қосымша, арнайы және көтермелеу жүлделері мен дипломдарын алған Конкурсқа қатысушыларға Бас әскери прокуратураның бейнелемесі бар бағалы сыйлықтар берілуі мүмкін.

Номинациялардың бірінде материалдар болмаған немесе жеңімпаз болмаған жағдайда диплом, құрмет грамотасы және жүлде басқа номинацияға тапсырылған жұмыс үшін берілуі мүмкін.

Конкурстың нәтижесін қорытындылау, дипломдарды, құрмет грамоталарын және жүлделерді беру салтанатты жағдайда өтеді.

Белгіленген номинациялар бойынша жеңімпаздарды марапаттау үшін дипломдардың, құрмет грамоталарының және жүлделердің тізімі Бас әскери прокурормен бекітіледі.

Бас әскери прокуратураның дипломдары мен жүлделеріне ие болған Конкурс лауреаттарының салтанатты рәсім болатын жерге келу мен кейін қайту жолақысы Конкурсқа қатысушылардың есебінен төленеді.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.