You are here

Әскери прокуратура органдары қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланымы конкурсының жеңімпаздарын марапаттау туралы бұйрық

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Әскери прокуратура органдары қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланымы конкурсының нәтижелерін қорытындылауға байланысты, Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 13-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Конкурстың келесі жеңімпаздары марапатталсын:

1 орын –Яскевич Елена – «Юридическая газета» республикалық күнделікті газетінің бас редакторы (телевизор);

2 орын –Қусанова Жанар – «Гала ТВ» ЖШС-нің «дела армейские бағдарламасының атқарушы продюсері және журналист (музыкалық орталық);

3 орын –Семенова Ольга – «Казахстанская правда» жалпыұлттық күнделікті газетінің құқық бөлімінің редакторы (планшет);

3 орын –Таран Олег - «Казахстанская правда» жалпыұлттық күнделікті газетінің құқық бөлімінің шолушысы (планшет).

2.  Қазақстан Республикасы Бас әскери прокурорының Құрмет грамотасымен марапатталсын:

Қалықов Жанат  - «Заң және заман» ғылыми-құқықтық журналының бас редакторы;

Әсембеков Ерғазы – «Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газетінің бас редакторы;

Жұбатов Садуақас – «Қалқан» Ішкі әскерлер газетінің бас редакторы;

Сейтмухаммедов Кенжебек – «Отан сақшысы» Шекара қызметінің апталық газетінің бас редакторының міндетін атқарушы.

3. Алғыс жариялансын:

Қызыкенова Анар - «Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газетінің және «Айбын» журналының корреспонденті;

Сүлейменова Тоты – «Телекомпания ЭРА» ЖШС-нің Ақпараттық бағдарламалар департаментінің продюсері;

Тәуекелова Самал - «Телекомпания ЭРА» ЖШС-нің Ақпараттық бағдарламалар департаментінің бас продюсерінің міндетін атқарушы;

Мұсатаева Мәнсия – «КТК» АҚ-ның Астана қаласындағы бюросының үйлестіруші редакторы.

4. Бас әскери прокуратураның Штабы конкурс жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты жиын ұйымдастырсын.

5. Бас прокуратураның жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы берілген өтінішке сәйкес жеңімпаздарды марапаттауға бағалы сыйлықтар алсын.

6. Осы бұйрықпен Бас әскери прокуратураның жеке құрамы таныстырылсын.

Қазақстан Республикасының
Бас әскери прокуроры
Е. Мерзадинов

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.