You are here

Әскери прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланымы конкурсының ережесі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас әскери прокурордың
2017 жылдың 2 ақпанындағы
№5бұйрығымен бекітілген

Әскери прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында мерзімді баспа басылымдарындағы үздік жарияланым конкурсын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

Әскери прокуратура органдарыныңжеке құрамы арасында мерзімді баспа басылымдарындағы үздік жарияланым конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) Бас әскери прокуратура өткізіледі.

Конкурстың негізгі міндеттері:

әскери прокуратура органдары қызметкерлерінің көркемдік деңгейін жоғарылату (бұдан әрі – қызметкер);

қызметкерлермен дайындалған айрықша жарқын және мазмұнды материалдарды анықтау;

әскери прокуратура органдарының қызметін насихаттау;

бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ) өзара іс-қимылдың нысандары мен әдістерін жетілдіру;

қоғамда БАҚ көмегімен прокуратура органдары қызметкерлерінің жағымды бейнесін қалыптастыру;

БАҚ-тағы қызметкерлер дайындаған жарияланымдардың идеялық-көркемдік дәрежесін және сапасын көтеру.

Конкурсты ұйымдастыру, өткізу және жалпы басшылық жасауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Конкурсқа жарияланған материалдарын ұсынған Бас әскери прокуратураның, аймақтық және гарнизондық әскери прокуратуралардың қызметкерлері қатыса алады. Конкурстық материалдарды ұсынған кезде олар авторлық құқық туралы заңнаманың талаптарын сақтауы тиіс.

Конкурс 2017 жылдың 6 ақпаны мен 20 наурызы аралығында өтеді.

Үздік материалдарды іріктеу 2017 жылдың 17 наурызына дейін жүргізіледі.

Конкурстың соңғы кезеңі 2017 жылдың 24 наурызына дейін өткізіледі.Осы уақытқа дейін конкурстық комиссия конкурстық жұмыстардың соңғы іріктеуін жүргізеді.

II. Конкурстық материалдарға қойылатын талаптар 
және оларды ұсыну тәртібі

Баспа материалдары авторды және басылымның өзін міндетті түрде анықтау мүмкіндігімен қиынды немесе газет данасы түрінде ұсынылады. Конкурсқа қатысу үшін бір автордан екі данадан аспайтын материал қабылданады.

Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және белгіленген мерзімнен кешіктіріліп берілген материалдар Конкурсқа қатысуға қабылданбайды.

Конкурстық комиссия оның құрамының үштен екі бөлігі болған жағдайда қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы конкурстық материалдарды соңғы рет бағалауды жүргізеді. Конкурстық комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді, ол бекіту үшін Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау туралы бұйрық жобасымен бірге Бас әскери прокурорға ұсынылады.

III. Конкурстық комиссияның құрамы

Төраға – Бас әскери прокурор Аппаратының басшысы әділет полковнигі Қапезов А.Қ.

Мүшелер:

Бас әскери прокуратураның 5-бөлімшесінің басшысы әділет подполковнигі Сукенов Е.С.;

Бас әскери прокуратураның 10-бөлімшесінің басшысы әділет подполковнигі Шаяхмет К.Қ.;

Бас әскери прокурор Аппаратының басшысының орынбасары әділет подполковнигі Байсалбаев А.Ж.;

Бас әскери прокуратураның 1-бөлімшесінің Бөлім басшысы әділет майоры Дүйсенов А.С.;

Бас әскери прокурордың көмекшісі әділет подполковнигі Темеков Ж.М.

Хатшы - Бас әскери прокурор Аппаратының аға әскери прокуроры әділет майоры Күлмағамбет Е.Т.

IV. Марапаттау тәртібі

Конкурс жеңімпаздарына грамоталармен бағалы сыйлықтарберіледі.

Конкурстың нәтижесін қорытындылау салтанатты жағдайда өтеді.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.