You are here

Әскери заңгерлер альянсы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Әскери заңгерлер Альянсы» қоғамдық бірлестігі 2014 жылы 9 желтоқсанда әскери-заңгерлер қауымдастығының бастамасымен құрылып, өз қатарына әскери прокуратура органдарының, әскери-тергеу органдарының, әскери полиция органдарының және әскери ведомстволардың заң қызметі бөлімшелерінің қызметкерлерін біріктірген үкіметтік емес, сондай-ақ саяси, кәсіподақтық және коммерциялық ұйымдарға жатпайтын бірлестік болып табылады.

Альянс қызметінің мәні:

әскери заңгерлер арасында моральдік-этикалық нормалар мен ережелерді белсенді насихаттау;

бірлестік мүшелерінің ғылыми қызметіне жағдай жасау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми сайыстар, конференция, дөңгелек үстел, семинар және тренингтер өткізу;

қорғаныс және әскери қауіпсіздік саласына қатысты заң жобалары мен өзге де нормативтік актілерге тәуелсіз сараптама жүргізу;

құқықтық көмек көрсетуді, оның ішінде азаматтық істер бойынша, жүзеге асыру;

заң шығару және құқық қорғау жүйелерін жетілдіру мәселелері бойынша  ұсыныстар әзірлеу;

бірлестік мүшелері үшін дене шынықтыру, оқу, білім алу және мәдени іс-шараларын ұйымдастыру және қаржыландыру;

құқық, заң тақырыптары бойынша радио және телебағдарламалар жүргізуге атсалысу;

құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, оларды ескерту;

жарғыда көзделген мақсаттарға жетуге бағытталған болашағы бар жобаларды қолдау және жүзеге асыру.

Альянстың қаржылары:

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік қаржыландыру есебінен;

кіру және мүшелік жарналардан;

азаматтардың, коммерциялық және басқа да ұйымдардың қайырымдылық қаржыларынан;

кәсіпкерлік және өзге де қызметтерден түсетін кірістерден;

акция, облигация, басқа құнды қағаздар мен салымдардан (депозиттерден) алынатын дивидендтерден;

дәріс, көрме, спорттық және өзге де іс-шаралар, лотореялар өткізуден түсетін табыстардан;

заңнамалармен тиым салынбаған басқа да түсімдерден құралады.

Альянсқа мынадай органдар жұмыс істейді:

жоғары орган – Альянс мүшелерінің жалпы Жиналысы;

басқарушы орган – Альянс төрағасы басқаратын Альянс Кеңесі;

атқарушы орган – Альянс Аппараты;

бақылаушы орган – Ревизиялық комиссия.

Альянстың басқару және бақылау органдарының құзіреті, жұмыс регламенті заңнамаға және Альянс Жарғысына сәйкес белгіленеді.

Басқару органдарының өкілеттік мерзімі 5 (бес) жыл.

Альянстағы мүшелік жеке және құрметті болып саналады.

Жоғарғы оқу орындарының студенттері, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында құқық, заң қызметтерін атқаратын әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, оның ішінде зейнеткерлер, сондай-ақ басқа жұмысқа ауысқан адамдар қауымдастықтың жеке мүшесі бола алады. Альянс Жарғысының мақсаттары мен міндеттерін қолдайтын белгілі заңгер-ғалымдар да Альянс мүшелері бола алады.

Альянстың қызметін, заңдылықты нығайтуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматы Альянстың Құрметті мүшесі болып сайлана алады. Құрметті мүшелікке сайлауды сол адамның келісімі негізінде Альянстың Кеңесі жүргізеді.

Альянстың Құрметті мүшесі мүшелік жарнаны төлеуден босатылады.

Альянстың мүшелігіне қабылдауды және оның қатарынан шығаруды Альянс Кеңесі азаматтың жеке арызы негізінде жүзеге асырады. Альянс мүшелігіне қабылданған адамға мүшелік кітапшасы және омырау белгісі беріледі.

Альянс мүшелері:

Альянс органдарына сайлауға және оларға сайлануға;

Альянс өткізетін барлық іс-шараларға қатысуға;

Альянстың қызметі туралы толық ақпарат алуға;

Қарулы Күштерде әскери құқықты дамытуға, заңдылықты нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін, сондай-ақ Альянстың мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға белсенді атсалысқаны үшін марапаттар, сыйлықтар және өзге де көтермелеулерді алуға;

Альянсқа кеңес, әдістемелік, ұйымдастырушылық және заң саласынан көмек алу үшін өтініш білдіруге;

Альянс қызметінің жоспарларын және бағдармаларын әзірлеуге және бекітуге қатысуға құқылы.

Альянс мүшелері:

Жарғы ережелерін және Альянстың басқару органдарының шешімдерін сақтауға;

Альянс органдарының жұмысына қатысуға, оның ұстанымдары мен қағидаттарын қорғауға;

мүшелік жарнаны уақытылы төлеуге;

Альянс Кеңесінің, Ревизиялық комиссиясының құрамын, Төрағаны сайлау/қайта сайлау туралы, Альянс Жарғысын немесе жұмыс жоспарын қабылдау туралы мәселе шешілетін отырыстарға міндетті түрде қатысуға міндетті.

Альянстың мүшесі Альянстың Жарғылық нормалары мен ішкі регламенттерін сақтамағаны, оған жүктелген міндеттемелерді орындамағаны, белгіленген мерзімде мүшелік жарнаны төлемегені үшін, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан теріс себептермен қызметтен босаған кезде Альянс мүшелігінен шығарылуы мүмкін. Альянс мүшелігінен шығаруды Альянс Кеңесі шешеді.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.