Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Әскери прокуратура: өткені мен бүгінгісі

Қарулы Күштермен тығыз байланысты әскери прокуратура өз дамуының ұзақ жолынан өтті.

Оның тарихы Ресей империясының Негізгі заңымен алғаш рет әскерде прокурорлық қадағалау белгіленген 1867 жылдың 1 қыркүйегінен басталады. Бұл институт кеңес мемлекеттілігінің енгізілуіне байланысты 1917 жылы таратылды.

Прокуратура 1921 жылдың желтоқсанында ғана Халықтық әділет комиссариатының құрамында қайтадан қалпына келтірілді, ал 1922 жылдың қарашасында сот реформасы жүргізілгеннен кейін Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің Жоғарғы трибуналының жанынан Мемлекеттік әскери прокуратура құрылды, оған әскери ведомстволарда прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру жүктелді.

Әскери прокуратураны құрудың кезек күттірмейтін міндеттеріне байланысты оның қызметі уақытша Нұсқаулықпен реттелетін болды.

40 жыл бойы мінсіз қызмет атқарған 1926 жылғы 20 тамыздағы Әскери трибуналдар және әскери прокуратуралар туралы ереже әскери прокуратураның міндеттері мен әскери прокурорлардың өкілеттіктерін айқындап берген алғашқы жалпы одақтық заңнамалық акті болды.

1929 жылдың қаңтарынан бастап әскери прокуратураға Қызыл Армияның лауазымды тұлғаларының қызметін ғана емес, жол қатынастарының әскери күзетінің де, ерекше мемлекеттік маңызы бар кәсіпорындардың әскерилендірілген күзетінің де іс-қимылының заңдылығын жалпы қадағалау жүктелді.

Сот ісін жүргізуді және прокурорлық қадағалау туралы заңнаманы дамыту шеңберінде 1933 жылы Прокуратура КСРО Жоғарғы сотының құрамынан шығарылып, оның жанынан Бас әскери прокуратура құрылды.

Кейіннен НКВД әскерлерінің және Әскери-теңіз флотының әскери прокуратуралары ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери прокуратураның құрылымы мен өкілеттігі айтарлықтай ұлғайды.

Алғашқы күндерден бастап әскери прокуратураның алдына жаңа міндеттер қойылды.   

Майдандардың, армиялардың, корпустар мен дивизиялардың әскери прокуратуралары құрылды. Теміржол көлігі мен су бассейндерінің прокуратуралары әскерилендірілді.

Қылмыстарды тергеудің әдістемесі де түбегейлі өзгерді.  

Соғыс уақытында әскери прокуратураның жұмысы негізінен қылмыстық қудалау және соғыс уақытындағы бұйрықтар мен өкімдердің орындалуын қадағалау болды. Қызыл армияның жеке құрамы арасында идеологиялық жұмыс жүргізу де әскери прокурорлар қызметінің маңызды бағыттарының бірі болды.

Бүкіл соғыс жылдары бойы Қызыл Армияның Бас әскери прокуратурасын әділет генерал-лейтенанты Владимир Иванович Носов басқарды.

Ол соғыс жағдайында әскери прокуратуралардың жұмысын ұйымдастыра біліп, Ұлы Жеңіске қол жеткізуге өлшеусіз үлес қосты.

Әскери және қызметтік борышын лайықты орындай отырып әскери прокурорлар мен тергеушілер ұрыс даласында нағыз ерлік көрсетті.

1941 жылдан бастап 1945 жыл бойы Қиыр Шығыс және Үшінші Украин майдандарының әскери прокуратураларында қызмет атқарған Әмір Нұрышев Қызыл жұлдыз орденімен және басқа да әскери медальдармен марапатталды.

Ол өзінің әскери прокуратура органдарындағы қызметін 1948 жылы Одесса әскери округінің әскери прокурорының орынбасары лауазымында тәмамдады.

Әскери қызметтен кейін Әмір Нұрышев Алматы қаласы прокурорының орынбасары, одан кейін партия органдарында жұмыс істеді. Зейнетке шыққанға дейін Қазақ КСР Жоғарғы сотын басқарды.

Қазақстандық майдангерлер арасында тағы да бір беделді тұлға ол – Орта Азия әскери округінің әскери прокуроры, әділет генерал-майоры Василий Андреевич Пустовалов.

Василий Андреевич бірінші күннен бастап соңына дейін соғыстың ауыр жолдарынан өтті. Әскери қызметті гаубица артиллерия полкінің барлаушысы болып бастады, кейіннен 1941 жылдың қазанында әскери прокуратураға ауыстырылды және одан әрі 74 Таман атқыштар дивизиясы әскери прокуратурасының әскери тергеушісі, 46 армияның әскери прокурорының көмекшісі, 51 десант бригадасының, 20 десант корпусының, 6 кавалерия  корпусының әскери прокуроры болып қызмет атқарды.  Молдавияда, Украинада, Солтүстік Кавказда және Белоруссияда ұрыстарға қатысты. Вильнюс пен Клайпеданы азат етіп, соғысты Балтық  жағалауында аяқтады.

Соғыстан кейінгі жылдары әскери прокуратураның одан әрі  дамуы жалғасты.

1957 жылдан бері Әскери прокуратура ұжымын табаны күректей 30 жыл бойы басқарған әділет генерал-полковнигі Артем Григорьевич Горный прокурорлық қадағалауды жетілдіруге, Қарулы Күштерде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосты.

Көп жағдайларда әділет генерал-полковнигі Горныйдың арқасында әскери прокуратура құқық қорғау жүйесінің тиімді буыны ретінде қалыптасты. 

Кеңес уақыты кезінде Қазақстан аумағында әр жылдары Орта Азия әскери округінің әскери прокуратурасы, гарнизондардың және оларға теңестірілген, оның ішінде 40 армия әскери прокуратуралары, құрылды және жұмыс істеді.

40 армияның әскери прокуратурасын құрылған күннен бастап таратылғанға дейін біліктілігі жоғары жүздеген тергеу және прокурор қызметкерлерін тәрбиелеген әділет полковнигі Александр Николаевич Калюпа басқарды. Одан тәрбие алғандардың бірқатары осы күнге дейін құқық қорғау және сот органдарында лайықты еңбек етіп жүр.

Сол кезеңде Алматы қаласында, Жамбыл, Семей және Талдықорған облыстарында ірі гарнизондық әскери прокуратуралар жұмыс істеді.

Әскери-құрылыс бөлімдерінің, «Байқоңыр» ғарыш айлағының, Стратегиялық мақсаттағы Зымыран әскерлері бөлімшелерінің әскери прокуратуралары да болды.

Еліміздің тәуелсіздігінің жариялауына байланысты барлық әскери прокуратуралардың да тағдыры айқындалды.

1992 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әскери прокуратуралар республика прокуратура органдарының бірыңғай жүйесіне енгізілді және сол жылдың  17 ақпанында Бас прокуратурада кейіннен Бас әскери прокуратура болып қайта ұйымдастырылған Әскери прокуратуралар басқармасы құрылды.

2005 жылдан бастап Қазақстанның әскери прокуратурасы заң тәртібімен әскери құрамалардың қатарына жатқызылды, олардың қызметкерлеріне әскери қызметшілер мәртебесі берілді.

Әділет полковнигі Марат Бизауылұлы Мұқашев республиканың алғашқы әскери прокуроры  және бір мезгілде Әскери прокуратура басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Әділет полковнигі Мұқашев әскери прокуратурадағы қызметін 1971 жылы бастап, іс жүзінде оның барлық сатыларынан өтті. Әскери қызметі аяқталғаннан кейін ол 1992 жылы өмірін ғылымға арнады. Марат Бизауылұлы 1996 жылы ғана Алматы жоғары тергеу мектебінің қылмыстық процесс кафедрасының доценті лауазымында зейнетке шықты.

Еліміздің дамуының қиын кезеңінде Мұқашев әскери прокуратураның қалыптасуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.

Бір өкініштісі, Марат Бизауылұлы біздің ортамызда жоқ, алайда оның жарқын бейнесі осы заманғы прокуратураның тарихында мәңгі сақталады.

Сол 1992 жылы Юрий Александрович Хитрин республика Әскери прокуроры қызметіне кірісті, ал 1996 жылдың маусым айында Мемлекет басшысы оны Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасыры – Бас әскери  прокурор етіп тағайындады.

Юрий Хитрин прокуратура органдарында 1969 жылдың наурызынан жұмыс істей бастады. Аудандық прокуратураның тергеушісінен Қазақстан Республикасының Бас прокурорына дейінгі еңбек жолынан өтті. Әр жылдары Алматы прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы, Қазақ КСР прокуратурасы тергеу бөлімі бастығының орынбасары, Целиноград облысының прокуроры, КСРО прокуратурасының еңбекпен түзету колонияларында заңдардың сақталуын қадағалау жөніндегі бөлімнің бастығы лауазымдарын атқарды.  

1990 жылдың шілдесінде Юрий Хитрин Қазақ КСР-нің мемлекеттік-құқықтық мәселелер жөніндегі мемлекеттік кеңесші болып тағайындалды. Ол бірыңғай құқықтық саясатты әзірлеуге, жұмылдыру дайындығына жетекшілік етті, Президенттің жарлықтары мен қаулыларын, заң жобаларын әзірлеуге басшылық жасады, соттардың, прокуратураның, ІІМ, Әділет министрлігінің, ҰҚК, Мемлекеттік қорғаныс комитетінің,  Кеден комитетінің қызметтерін үйлестірді. Қауіпсіздік Кеңесінің Конституциялық құрылысты сақтау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы тәртіптік кеңестің мүшесі болды.

Атап айтқанда, осы кезеңде Юрий Александрович тәуелсіз мемлекеттің прокуратура органдарын реформалауға және прокурорлық қадағалаудың одан әрі дамуына тікелей қатысты.

1997 жылдың қарашасында республика Президенті Хитринге Бас Прокурорлық қызметті сеніп тапсырды, ал  2000 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы жоғары мемлекеттік лауазымына тағайындады.

Мемлекет алдындағы сіңірген ерен еңбегі және еліміздің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Мемлекет басшысы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы қарсаңында  Юрий Хитринді «Парасат» орденімен марапаттады.

Юрий Александрович ғибратты өмір сүрді. Ол біздің жадымызда өмірге құштар ақжарқын адам ретінде сақталады.

1997 жылдан 1999 жылдар бойы Бас әскери прокуратураны Қазақстан Республикасының тұңғыш Бас Прокуроры  әділет  генерал-полковнигі Жармахан Айтпайұлы Тұяқбаев басқарды.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Жармахан Айтпайұлы Мемлекеттік тергеу комитетін басқарған болатын. 1999 жылы ол депутат болып сайланды, одан әрі ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы болды.

2000 жыл бойы әділет генерал-майоры Әбдіқадыр Кәрімұлы Кәрім Бас әскери прокурор болды.

Әділет генерал-лейтенанты, бұрынғы әскерлер әскери сотының төрағасы, Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі  Айтмұхамет Айтқазыұлы Төлеуханов 8 жылдан астам Бас әскери прокуратура ұжымын мүлтіксіз басқарды.

Қазір Айтмұхамет Айтқазыұлы еңбек демалысында.

2009 жылдың мамырында 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерғали Серікбайұлы Мерзадинов Бас әскери прокурор болып тағайындалды.

Осы уақыттан бастап әскери прокуратура органдары өз дамуының жаңа кезеңіне өтті.

Бәрінен бұрын Бас әскери прокуратураның астанаға көшірілуі қамтамасыз етілді, әскери прокурорлардың жұмыс тәсілдері мен әдістері жетілдірілді, қадағалау функциялары, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық салада күшейтілді, прокуратура органдарына тергеу құқығының берілуіне байланысты тергеу аппараты құрылды.

Әскери прокурорлардың назары құқық бұзушылықтың алдын алуға және мемлекеттің қорғаныс әлеуетін нығайту мен сақтауға, жастарға әскери-партриоттық тәрбие беру жүйесін дамытуға ықпалын тигізетін басқа да өзекті жобаларға ерекше бағдарланған.

Халықаралық қатынастыр саласында Бас әскери прокуратура Әзірбайжанның, Венгрияның, Ресейдің және Қытайдың Халық-Азаттық Әскерінің әскери прокуратураларымен ынтымақтастық орнатқан, әскери және қылмыстық құқық  мәселелеріне арналған халықаралық конференциялар мен форумдарға белсенді қатысады, қызметкерлерді шетел оқу орталықтарында оқытуды жүзеге асыруда.

Бүгінгі таңда Қазақстанның әскери прокуратурасы алға қойылған міндеттерді табысты атқарып отырған құқық қорғау органы болып табылады.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.