You are here

Жыл сайынғы «Түскен шағымдардың үздік жауабы» сайысын өткізу ережесі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бекіту туралы

Әскери прокуратура органдарында заңды және жеке тұлғалардан түскен шағымдармен жасалатын жұмыстардың сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 13 бабы 2 тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қоса беріліп отырған өтініштерге қайтарылған үздік жауап» сайысын ұйымдастыру Тәртібі (1 қосымша), Бас әскери прокуратураның сайысты ұйымдастыру жөніндегі комиссияның құрамы (2 қосымша) бекітілсін.

2. Сайыс комиссиясының төрағасы, мүшелері, хатшысы жыл сайын өткізілетін сайысқа қатысушылардың жіберген жауаптарын объективті қарауды қамтамасыз етсін.

3. Бас әскери прокуратураның бөлімше басшылары, аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлары төрағаға жіберілетін өтініштерге жауаптарды жыл сайын 25 қарашаға, 2016 жылы 28 желтоқсанға дейін уақытылы және сапалы жеткізілуін қамтамасыз етсін.

4. Бас әскери прокуратураның Аппараты бұйрықты Бас әскери прокуратураның ведомостволық сайтына орналастырсын.

5. Бұйрық әскери прокуратура органдарының жеке құрамына таныстырылсын.

6. Бұйрықтың орындалуын бақылау Бас әскери прокурордың орынбасарына және Аппаратына жүктелсін.

Бас әскери прокурор
әділет генерал-лейтенанты
Е. Мерзадинов

 

Бас әскери прокурордың
2016 жылдың
____желтоқсанындағы
№___ бұйрығына
1 қосымша

Жыл сайынғы «Түскен шағымдардың үздік жауабы» сайысын өткізу
ережесі

1. Жалпы ережелер

«Өтініштерге үздік жауап» сайысын (бұдан әры – Сайыс) Бас әскери прокуратура өткізеді.

Сайыстың негізгі мақсаты әскери прокуратураға заңды және жеке тұлғалардан түскен өтініштер мен жұмыстың тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету болып табылады.

 Сайысты ұйымдастыру, өткізу және жалпы жетекшілікті (материалдарды іріктеу, жеңімпаздарды анықтау) сайысты қорытындылау жөніндегі Комиссиясы (бұдан ары – Сайыс комиссиясы) жүзеге асырады.

Сайысқа әскери прокуратура органдарының қызметкерлері қатыса алады.

Сайыс жыл сайын өткізіледі.

Үздік жауаптарды іріктеу 25 қазанға, 2016 жылы 29 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

II. Сайыс жұмыстарына қойылатын талаптар

Өтініштерге қайтарылатын жауаптар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарына, Бас Прокуратура және Бас әскери прокуратура құқықтық актілерінің талаптарына сай болуы қажет.

Сайысқа көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген жауаптар қабылданбайды.

Бас әскери прокурордың орынбасары басқаратын Сайыс комиссиясы, келіп түскен жауаптардың соңғы бағалануын ашық дауыс берумен, оның құрамының кемінде үштен екі мүшесі қатысқан жиналыста артық дауыс жинау жолымен жүргізеді.

Сайыс комиссиясының шешімі хаттамамен рәсімделіп, бекіту үшін Сайыс жеңімпаздарын  марапаттау жөніндегі бұйрықтың жобасымен бірге Бас әскери прокурорға ұсынылады.

III. Марапаттау тәртібі

Сайыс жеңімпаздарына дипломдар мен құрмет грамоталары беріледі.

Конкурс нәтижелері Бас әскери прокуратураның ресми сайтында орналастырылады.

 

Бас әскери прокурордың
2016 жылдың
____желтоқсанындағы
№___ бұйрығына
2 қосымша

Бас әскери прокуратураның сайыс комиссиясының
құрамы

Төраға: Бас әскери прокурордың орынбасары.

Мүшелері:

Бас әскери прокурордың Аппарат басшысы;

әскери органдардың қызметіндегі заңдылықтарды қадағалау Басқармасының бастығы;

қылмыстық процестердің сотқа дейінгі сатыдағы заңдылықтарды қадағалау Басқармасының бастығы;

соттарда мемлекет мүдделерін қорғау Басқармасының бастығы;

қылмыстық істердегі мемлекет мүдделерін қорғау және сот актілерінің заңдылықтарын қадағалау Басқармасының бастығы;

Хатшысы: Бас әскери прокурор Аппаратының іс жүргізу және шағымдарды қарау заңдылықтарының қолданылуын қадағалау Бөлімінің бастығы.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.