You are here

Баспасөз ақпараты

Қазақ

Бас әскери прокурордың азаматтарды жеке қабылдауы

Құрметті оқырмандар!

 

Сіздерге 2018 жылдың 26 сәуір күні сағат 16.00-де Оңтүстік аймағының және Талдықорған гарнизонының әскери прокуратураларында видеоконференцбайланыс арқылы Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадиновпен азаматтардың жеке қабылдауы жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты, Бас әскери прокурорға жолдануға ниет білдірген азаматтар жоғарыда аталған әскери прокуратураларына барып алдын ала жазылуы қажет:

Пікірлер саны: 0

Алматы облысының қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығының өлімі туралы

31 наурыз күні таңғы сағат 8-ге таман қызметтік бөлмесінде Алматы облысы қорғаныс істер жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Б.Б. Беристемов атып өлтірілді.

Осы қылмыстың күдіктісі ретінде оның орынбасары подполковник А.С. Оспанов ұсталды.

Соттың санкциясымен ол қамаққа алынды.

Аталған қылмыс Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлімімен (адам өлтіру) сараланды.

Қазіргі кезде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер саны: 0

Армияда қылмыстылыққа орын жоқ

22 қараша күні Бас әскери прокурорының бірінші орынбасары Бірлік Тәшімовтың төрағалығымен, «Армияда қылмыстылыққа орын жоқ» бағдарламасын жүзеге асыру барысында, құқық бұзушылықтар мен суицид профилактикасы сұрақтары бойынша кеңейтілген жедел жиналысы өткізілген.

Жиналысқа әскери мекемелер, әскери прокуратура мен полиция органдарының қызметкерлері қатысты.

Талқылау кезінде әскерлер үшін қазіргі заман қиындықтары мен қауіп-қатерлерге төзімді құқық бұзушылықтар профилактикасының жаңа нысандары мен әдістері анықталған.

Пікірлер саны: 0

Бас әскери прокурорының жеке қабылдауы

Құрметті оқырмандар!

Сіздерге 2017 жылдың 17 қараша күні сағат 16.00-де Батыс аймағының, Ақтау, Ақтөбе және Орал гарнизондарының әскери прокуратураларында видеоконференцсбайланыс арқылы Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадиновпен азаматтардың жеке қабылдауы жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты, Бас әскери прокурорға жолдануға ниет білдірген азаматтарға жоғарыда аталған әскери прокуратураларына барып алдын ала жазылуға қажет:

Пікірлер саны: 0

Бас әскери прокурор Ресей Федерациясында іс-сапармен болды

Іс-сапар барысында Ерғали Мерзадинов Ресей Федерациясы Бас Прокурорының орынбасары – Бас әскери прокурор В.Г. Петровпен кездесіп, әскери прокуратура органдарының жұмысын ұйымдастыру мәселесіне арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Тараптар екі жақтың әскери прокуратураларының құрылымы мен жұмысының ұйымдастырылуын тілге тиек етіп, әскери қызметшілердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін сақталуын қадағалауды, прокурорлардың сотта қатысуын, әскери оқу-жаттығуларды қадағалау, жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында әңгіме өрбітті.

Пікірлер саны: 0

Бас әскери прокуратурада жергілікті әскери басқару органдарындағы жұмылдыру қорларын есепке алудың жағдайы талқыланды

2017 жылдың 27 қыркүйегінде Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтың төрағалығымен әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиында жергілікті әскери басқару органдарындағы жұмылдыру қорларын есепке алудың жағдайы талқыланды.

Пікірлер саны: 0

Бас әскери прокурордың жеке қабылдауы жоспарланған

18 қазанда сағат 16.00-де Бас әскери прокурор әділет генерал-лейненаты Ерғали Мерзадинов Шығыс аймағының, Аягөз, Павлодар және Өскемен гарнизондарының әскери прокуратураларында орналастырылған бейнеконференция байланыстары арқылы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы жоспарланған.

Пікірлер саны: 0

Әскери прокурорлар қылмыстық процесті меңгеруде

Жаңа Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының қабылданысымен, қылмыстық қудалау прокурорлық қызметінің басым бағыты болды. Әскери прокуратура  органдарында қылмыстық процесті зерттеу, қылмыстық істі тергеуді ұйымдастыру, тергеу әрекеттерін өткізу бойынша жұмыстар басталды.

Мысалға, Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының сабақтары Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасының криминалистік полигонында өтуде.

Пікірлер саны: 0

Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының курсанттарымен кездесу өтті

Бас әскери прокурор Аппаратының басшысы әділет полковнигі Арман Қапезов Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я. Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының басшылығымен, оқытушыларымен және курсанттарымен кездесу өткізіп, оқу процесімен және әскери қызметті өткеру жағдайымен танысты.

Арман Қапезов елдегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы, әскерде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы әскери қызметшілер алдында сөз сөйледі.  

Пікірлер саны: 0

Бас әскери прокуратура «Процесс прокуроры» жобасын жүзеге асыруға кірісті

14 қыркүйек Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтың төрағалық етуімен «Процесс прокуроры» пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша кеңейтілген жиналыс өткізілді.

Жобаның мақсаты – қылмыстық процесте адамның құқығы мен бостандығын қорғауды күшейту, өкілеттіктерді қайталауды болдырмау, шешім шығару кезінде заңдылық пен объективтілікті қамтамасыз ету, прокурорлардың жеке жауапкершіліктерін күшейту.   

Пікірлер саны: 0

Беттер


Subscribe to RSS - Баспасөз ақпараты
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.