You are here

Алматы қаласында мемлекеттік айыптауды қолдаудың сапасын арттыру мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматы қаласында мемлекеттік айыптауды қолдаудың сапасын арттыру мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді - 1903618694

Бас әскери прокурордың орынбасары әділет полковнигі Біржан Мажреновтың төрағалық етуімен Алматы гарнизонының әскери прокуратурасының негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының, Әскери Соттың және қылмыстық қудалау органдарының  өкілдерінің, Алматы, Капшағай, Гвардия, Талдықорған, Сарыөзек гарнизондарының әскери прокуратураларының қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел және семинар өткізілді. 

Аталған семинар барысында Бас әскери прокурордың орынбасары Б.Б. Мажреновпен құқық қолданудың біркелкі тәжірибесін түзеу және тәжірибе алмасу бойынша негізгі өзекті және концептуалды мәселелер айқындалды.

Құқық қорғау органдары Академиясының ғылыми қызметкерімен «Қылмыстық сот процессінде дәлелдемелердің бағалануы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасалып, нәтижесі бойынша тергеу және сот тәжірибесінде орын алған айырықша преценденттерінің сындарлы талқылауы өткізілді.

Сонымен қатар, әскери прокуратуралардың қызметкерлерінің сот процестеріне қатысуға дайындық дәрежесі тексерілді,  практикалық тренинг өткізілді.

Мемлекеттік айыптаушыларға қолданыстағы заңнамалардың нормаларын қолдану және сот талқылаулары барысында процессуалдық  талап-тілектерге әрекет ету бойынша әртүрлі тапсырмалар ұсынылды.   

Бас әскери прокуратура 

Алматы қаласында мемлекеттік айыптауды қолдаудың сапасын арттыру мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді - 1025411691

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.