- Қаз
- Рус
- Eng
You are here
Армияда қылмыстылыққа орын жоқ


22 қараша күні Бас әскери прокурорының бірінші орынбасары Бірлік Тәшімовтың төрағалығымен, «Армияда қылмыстылыққа орын жоқ» бағдарламасын жүзеге асыру барысында, құқық бұзушылықтар мен суицид профилактикасы сұрақтары бойынша кеңейтілген жедел жиналысы өткізілген.
Жиналысқа әскери мекемелер, әскери прокуратура мен полиция органдарының қызметкерлері қатысты.
Талқылау кезінде әскерлер үшін қазіргі заман қиындықтары мен қауіп-қатерлерге төзімді құқық бұзушылықтар профилактикасының жаңа нысандары мен әдістері анықталған.
Әскери мекемелер қызметінің ашық болуын арттыру мақсатында бағыныстағы бөлімшелерде құқықтық тәртіпті қамсыздандыру жағынан жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетіп тұратын командирлердің «жеке досьелерін» әзірлеу мен енгізу туралы шешім қабылданған.
Бас әскери прокуратура
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу