You are here
Астанада сот-сараптама қызметінің проблемалары бойынша дөңгелек үстел өткізілді


Бүгін Бас әскери прокурордың міндетін атқарушы Бірлік Тәшімовтың төрағалығымен сот-сараптамасы қызметінің проблемалары және әскери қылмыстық қудалау органдарының сараптама мекемелерімен қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Әділет министірлігінің сот сараптама орталығының өкілдері, әскери қылмыстық қудалау орагнадарының қызметкерлері, Бас әскери прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, аймақ және гарнизон әскери прокурорлары қатысты.
Сот сараптама қызметі жөніндегі қабылданған заңның жаңа ережелерін түсіндіру бойынша Сот сараптама ғылыми зерттеу институты директорының орынбасары Назым Мұқанова баяндама жасады.
Сонымен қоса, сараптамалық зерттеудің жаңа тәсілдері мен әдістерін енгізу мәселесі жеке қаралды.
Қорытындылай келе сот сараптамасын тағайындау және өткізу кезіндегі проблемалар, қылмыстық істерді тергеу кезіндегі әскери қылмыстық қудалау органдарымен қарым-қатынас жасау, оларды шешу жолдары қаралды.
Бас әскери прокуратура
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу