You are here

Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ету мәселелері талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ету мәселелері талқыланды - 529519838

10  мамырда Ақмола гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмаділовтің төрағалығымен Астана қаласының қорғаныс істері бойынша Департаментінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мәжіліс өткізілді.

Мәжіліс жұмысына шақыру және медициналық комиссиялар мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Әділет полковнигі Данияр Жұмаділов өз сөзінде, әскери прокуратура органдарының заңдылық және тәртіпті нығайтудағы рөліне тоқталып, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатерін тигізетін сыбайлас жемқорлық проблемасына жіті назар аудара отырып, Жоғарғы Бас Қолбасшы әскери шенді адамдарға ерекше талап қоятындығын атап өтті.

Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет аға лейтенанты Ерлан Қалымбет өз баянадамасында бұқаралық ақпарат құралдары және қоғам өкілдерін кеңінен қатыстыру арқылы әскерге шақыру медициналық комиссиялардың жұмыстарын ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қолдануды, ақпараттық жүйелерді дамытуды, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікті бейнелейтін жүйелерін күшейтуді ұсынды.

Осы күні әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде жөнелту рәсіміне қатысып, әділет полковнигі Жұмаділов оларға өз тілектерін айтты.

Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы

Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ету мәселелері талқыланды - 485905498

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.