You are here

Бас әскери прокуратурада әскердегі құқық бұзушылықтың профилактикасы талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокуратурада әскердегі құқық  бұзушылықтың профилактикасы талқыланды  - 1692092189

2017 жылдың 27 маусымында Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтың төрағалығымен әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті. Жиында Қарулы Күштердегі, басқа әскерлер мен әскери құралымдардағы 2016-2018 жылдарға арналған құқық бұзушылықтар профилактикасының және «Әскерде қылмыстылыққа орын жоқ» бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Мәжіліс жұмысында үйлестіру және Консультативтік кеңестердің мүшелері, әскери ведомстволардың, Бас әскери прокуратураның лауазымды тұлғалары, бейнеконференцбайланысы арқылы – аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар, әскери бөлімдер мен мекемелердің қолбасшылығы қатысты.

Жиынды аша отырып Бас әскери прокурор әскери ведомстволармен бірлесіп Мемлекет басшысының мүмлдем төзбеушілік принципін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау бойынша үлкен жұмыстың жүргізіліп жатқанын атап өтті.  

Бағдарламалық құжаттардың сәтті іске асырылуы әскердегі қылмыстықтың айтарлықтай азаюына және әскери тәртіптің күшеюіне септігін тигізді.

Алайда көзделген нәтижелерге қол жеткізуге жекелеген лауазымды тұлғалардың осы жұмысқа формальді, әрі қылмысты қатынасы кедергі болуда.

Сонымен бірге, қылмыстардың жасалуын тудыратын себептер мен салдарлар жүйелі әрі терең сараланбайды, оларды толық жою бойынша шаралар қабылданбауда, құқық бұзушылықтың профилактикасының жаңа әдістері енгізілмеуде.

Әскери ведомстволардың өкілдерінің сөз алуынан кейін Үйлестіру кеңесінің қатысушылары әскери тәртіпті нығайтудағы проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады.

Соңында Бас әскери прокурор әскери қызметшілердің жол қозғалысы  саласында жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтарға назар аудара отырып, әскери ведомстволарға құқық бұзушылықтардың аталған санатының профилактикасы бойынша ведомствоаралық бағдарламалық құжатты дайындауды ұсынды.   

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.

Бас әскери прокуратура

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.