You are here

Бас әскери прокурор Ресей Федерациясында іс-сапармен болды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокурор  Ресей Федерациясында іс-сапармен болды - 1357924735

Іс-сапар барысында Ерғали Мерзадинов Ресей Федерациясы Бас Прокурорының орынбасары – Бас әскери прокурор В.Г. Петровпен кездесіп, әскери прокуратура органдарының жұмысын ұйымдастыру мәселесіне арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Тараптар екі жақтың әскери прокуратураларының құрылымы мен жұмысының ұйымдастырылуын тілге тиек етіп, әскери қызметшілердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін сақталуын қадағалауды, прокурорлардың сотта қатысуын, әскери оқу-жаттығуларды қадағалау, жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында әңгіме өрбітті.

Сонымен қатар Ресейдің Қорғаныс министрлігінің Әскери университетінің басшылығымен кездесу барысында қазақстандық делегация оқу-әдістемелік қормен, криминалистика кафедрасының ғылыми және тәжірибелік жұмыстарымен танысты.

Криминалистика кафедрасының қызметкерлерін Қазақстанның әскери прокуратура органдарының қызметкерлеріне арналған айлық оқу курстарын ұйымдастыруды, семинарлар мен жаңа ғылыми жетістіктермен таныстыру үшін шақыру мүмкіндігін, курсанттарды бакалавриат бағдарламасы бойынша оқытуды ұйымдастыру туралы келісім-шартқа қол қоюды қарастыру туралы келісім жасалды.

Бас әскери прокуратура

Бас әскери прокурор  Ресей Федерациясында іс-сапармен болды - 1689761795
Бас әскери прокурор  Ресей Федерациясында іс-сапармен болды - 2103414056

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.