You are here

Құқық бұзушылық профилактикасының бағдарламасын даярлау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

10 наурызда Бас әскери прокурордың орынбасары әділет полковнигі Біржан Мажреновтің төрғалық етуімен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Қазақ гуманитарлық-заң университетінің сарапшы ғалымдарының қатысуымен жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыста жалпықылмыстық және әскери қылмыстардың профилактикасының бағдарламасын даярлау мәселелері қаралды.

Жұмыс тобына Қорғаныс министрлігінің психолог-мамандары қатысты.

Әскердегі құқық бұзушылықпен, оның ішінде жеке түрлері және әскери қызметкерлердің санаттары бойынша күрестің проблемаларын нәтижелі талқылау болды.

Бас әскери прокурордың орынбасары құқық бұзушылық профилактикасының бағдарламасын жасап, оны тиімді жүзеге асыру үшін ғылыми және жүйелі тәсілдер қажеттігін атап өтті.

Аталған топ Бас әскери прокуратураның 2017-2021 жылдарға арналған және әскердегі қылмысты жоюға көзделген «Әскерде қылмыстылыққа орын жоқ» жобасының аясында жұмыс жүргізуде.

 

Бас әскери прокуратура

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.