You are here

Сарыөзекте әскери прокурор әскери жұртшылықпен кездесті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

20 қаңтарда Алматы облысының Сарыөзек кентінде Сарыөзек гарнизонының әскери прокуроры әділет подполковнигі Айдар Сламбековтің гарнизон әскери жұртшылығымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге әскери құқық қорғау органдары мен арнайы органдардың жетекшілері, әскери бөлім командирлері, олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, психологтар мен заңгерлер, сондай-ақ келісім шарт бойынша әскери қызметкерлер, сарбаздар, әйелдер кеңесінің өкілдері, ардагерлер және әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қатысты.

Әскери прокурор өзінің баяндамасында гарнизондағы заңдылық пен құқықтық тәртіп жайына тоқтала отырып, қылмыстылық құбылысын төмендету көрінісіне себепші болған құқық бұзушылықтардың алдын алу - болдырмау шараларының қарқынды дамуына кеңінен тоқталды.

Дәл осы күні, Айдар Сламбековтың төрағалығымен Сарыөзек гарнизонының әскери басқарма және құқыққорғау органдарының мекемеаралық кеңесі өткізіліп, онда 2016-2018 жылдарға арналған Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда құқық бұзушылық профилактикасы бағдарламасының орындалуы мен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуы қаралды.

Баяндамада атап өткендей, әскери прокурор құқық бұзушылық профилактикасы бағдарламасы аясындағы әскери басқарма және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жүргізілген кең көлемдегі алдын-алу шараларының атқарылуының айнасы - гарнизондағы қылмыстылық деңгейінің төмендеуі деп көрсетті.

Мекемеаралық кеңестің жұмысы барысында, тұрғын-үй, жемқорлыққа қарсы заңнамаларының саласындағы заң бұзушылықтарға жол бермеу, әскери басшылық тарапынан оларды болдырмау жұмысын жақсартуға бағытталған біраз пікіралмасу болып, бірқатар ұйымдастыру шаралар айқындалды.

 

Сарыөзек гарнизонының

әскери прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.