Әскери прокуратура органдарында кадрлық тағайындаулар | Бас әскери прокуратура

You are here

Әскери прокуратура органдарында кадрлық тағайындаулар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Әскери прокуратура органдарында кадрлық тағайындаулар - 798248612

Бас Прокурордың бұйрықтары негізінде әскери прокуратура органдарында кадрлық тағайындаулар жүргізілді.

Өскемен гарнизоны әскери прокурорының лауазымына әділет полковнигі Серік Байболатұлы Төреханов тағайындалды.

С. Төреханов 1972 жылы Семей қаласында туған. Құқықтану мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1994 жылы прокурордың көмекшісінен бастап Семей облысындағы аудан прокуратураларында тергеуші болған.

Семей гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі, Шығыс әскери округы прокуратурасы бөлімшесінің аға әскери прокуроры, Бас әскери прокуратура құрылымдық бөлімшелерінде әскери прокурор қызметін атқарған.

Басшылық лауазымында да тәжирибесі мол. Сарыөзек, Өскемен және Ақтау гарнизондары әскери прокурорларының орынбасары, Сарыөзек және Гвардейск гарнизондарының әскери прокуроры болып қызмет еткен.

Соңғы атқарған лауазымы – Шығыс аймақтың әскери прокуроры.

Прокуратура органдарындағы жалпы еңбек өтілі 23 жылдан астам.

***

Шығыс аймағы әскери прокурорының лауазымына әділет подполковнигі Арман Тлеубердіұлы Шитенов тағайындалды.

А. Шитенов 1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1998 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласы прокурорының көмекшісінен бастап, кейін кезегімен Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан прокурорының, Орталық аймағы әскери прокурорының аға көмекшісі, Ақтөбе гарнизоны әскери прокурорының орынбасары лауазымдарында болды.

Осы тағайындауға дейін Павлодар гарнизонының әскери прокуроры болған.

Прокуратура органдарында еңбек өтілі 16 жылдан астам.

***

Ақмола гарнизонының әскери прокуроры лауазымына әділет полковнигі Талғат Сапарбекұлы Бекбергенов тағайындалды.

Т. Бекбергенов Оңтүстік Қазақстан облысында 1978 жылы туған. Құқықтану мамандығы бойынша Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін бітірген.

Қызметін 1999 жылдан бері кезекпен Тараз және Ақтау гарнизондары әскери прокурорларының көмекшісі, аға көмекшісі болып жұмыс атқарған.

Басшылық лауазымдарында жұмыс тәжірибесі бар. Түрлі кезеңдерде Атырау гарнизоны әскери прокурорларының орынбасары (кейіннен Батыс аймағы), Шекара әскерлері,  Батыс аймағының әскери прокуроры лауазымдарында болған.

Осы тағайындаудың алдында – Петропавл гарнизоны әскери прокуроры.

Прокуратура органдарында 18 жылдан астам еңбек өтілі бар.

***

Петропавл гарнизоны әскери прокурорының лауазымына әділет подполковнигі Айдос Қайратұлы Рысқұлов тағайындалды.

А. Рысқұлов Қарағанды облысында 1979 жылы туған. Құқықтану мен қаржы мамандары бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Қарулы Күштерде міндетті әскери қызметті өткеннен кейін 2002 жылдан бастап кезеңмен есеп-тіркеу пәнінің бас маманы, Орталық аймағы әскери прокурорының аға көмекшісі, Бас әскери прокуратурасы Басқармасының әскери прокуроры және аға әскери прокурорынан Оңтүстік аймағы әскери прокурорының орынбасарына дейін қызметтік жолды өткен.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 9 жылдан астам.

***

Приозерск гарнизоны әскери прокурорының лауазымына әділет подполковнигі Арман Тұрғанбайұлы Ерназаров тағайындалды.

А. Ерназаров 1979 жылы Алматы қаласында туған. Құқықтану мамандғы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

2002 жылдан 2008 жылға дейін Қарулы Күштердің әскери полиция органдарында анықтаушы болып, 2008-ден 2014-жылдарда Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі, Бас әскери прокуратурасы Басқармасының әскери прокуроры лауазымдарын атқарған.

4 жылға жуық Сарыағаш гарнизоны әскери прокурорының орынбасары болды.

Тағайындауға дейін Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының орынбасары лауазымын атқарды.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 9 жылдан астам.

 

Бас әскери прокуратура баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.