Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас әскери прокурордың
2016 жылдың 20 сәуіріндегі № 14
бұйрығына қосымша

Бас әскери прокуратураның жанындағы
заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі
консультативтік кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Бас әскери прокуратураның консультативтік-кеңесші органы болып табылады.

2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

2. Кеңес қызметін ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері және принциптері

4. Кеңес қызметінің мақсаттары ретінде Қарулы Күштердегі, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда заңдылықтың жай-күйін арттыру, мемлекеттің құқықтық саясатын жүргізуге көмек көрсету, әскери прокуратураның үкіметтік емес ұйымдармен, әскери қауымдастықпен және тұрғындармен өзара қатынасын дамыту және одан әрі жетілдіру болып табылады.

5. Кеңестің негізгі міндеттері:

1) Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің құқық қорғау жүйесіне деген сенімін арттыру, құқықтық мемлекетті дамытуда үкіметтік емес ұйымдардың рөлін жоғарылату;

2) прокуратура органдарының қызметін, сондай-ақ елімізде заңдылықты қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсынымдар жасап шығару;

3) әскери қызметшілердің құқықтық санасын жоғарылату бойынша шаралар қабылдау;

4) азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылды дамыту;

5) Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдардағы заңдылықты қамтамасыз ету саласында неғұрлым күрделі және ең өзекті мәселелерді шешуге байланысты азаматтық қоғамның бастамаларын қарау;

6) прокуратура органдарының жағымды имиджін қалыптастыру болып табылады.

6. Кеңес жариялылық, еріктілік және қабылданатын шешімдерге Кеңес мүшелерінің тең жауапкершіліктері қағидатында жұмыс істейді.

Кеңес азаматтық қоғамның барлық институттарымен кең ынтымақтастық үшін ашық болады. 

3. Кеңестің құқықтары

7. Кеңестің:

1) Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдардағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

2) Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда заңдылықты нығайтуға әскери прокуратура органдарының ролін арттыруға бағытталған шаралар әзірлеуге;

3) отырыстарына түрлі ведомстволар және ұйымдардың (олардың басшыларының келісімі бойынша), үкіметтік емес ұйымдардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін шақыруға;

4) мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен Кеңес шешімдерін жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуге құқығы бар.

  4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

8. Кеңестің құрамы және ол туралы Ережені Бас әскери прокурор бекітеді.

Қажет болған кезде оның құрамына Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша белгіленген тәртіпте өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

9. Кеңеске Төраға басшылық жасайды, оның екі орынбасары болады. Төраға және оның орынбасарлары бірінші отырыста ашық дауыспен Кеңес мүшелерінің ішінен бір жыл мерзімге сайланды.

Кеңес мүшелерінің отырысына қатысушылар санының жартысынан көбі дауыс берген кандидаттар сайланған болып есептеледі.

Төрағаны және оның орынбасарларын сайлау жөніндегі шешім хаттамамен рәсімделеді.

Төраға болмаған уақытта не оның тапсырмасы бойынша Кеңес Төрағасының функцияларын оның орынбасарларының бірі орындайды.

10. Бас әскери прокурордың Аппараты Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

11. Кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыс болып табылады.

12. Кеңестің отырыстары Кеңес Төрағасы бекіткен, жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, жылына кемінде екі рет өткізіледі.

Жұмыс жоспары Кеңес мүшелерінің, Бас әскери прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде құралады және Бас әскери прокурормен келісіледі.

Қажет болған жағдайда кезектен тыс отырыс өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысының бастамасышы Кеңес Төрағасының қарауына талқылауға арналған мәселелердің тізбесін және олар бойынша шешім жобаларын енгізеді.

13. Кеңес отырысының өткізілетін күні және күн тәртібі, онда қаралатын мәселелер туралы Кеңес мүшелеріне Бас әскери прокурордың Аппараты ол өткізілетін күнге дейінгі 7 күннен кешіктірмей хабарлайды. Кеңес шешімдерінің жобалары және Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша өзге де материалдар Кеңес мүшелеріне оларды Кеңес отырысында қарағанға дейінгі 5 күннен кешіктірмей жолданады.

14. Кеңестің шешімдері отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің басым дауысымен жай дауыс беру арқылы қабылданады. Кеңес мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Кеңес Төрағасының даусы шешуші болып табылады.

Кеңестің шешімдеріне оның Төрағасы қол қояды.

Кеңестің отырысы оның жұмысында Кеңес мүшелерінің жалпы санының жартысынан кем болмайтындай қатысушы болған жағдайда құқылы болады.

Кеңес мүшелері Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылаған және олар бойынша шешім қабылдаған кезде тең құқықтарға ие болады.

15. Отырысқа шақырылғандар қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсынымдар, ұсыныстар және ескертулер енгізуге құқылы.

16. Кеңес Төрағасы:

1) Кеңес қызметінің басым бағыттарын айқындайды;

2) Кеңеске жалпы басшылықты жүзеге асырады;

3) жұмыс жоспарын, отырыстың күн тәртібін, қорытынды құжаттарды және қаралатын мәселелер ұсынымдарды бекітеді;

4) қаралатын мәселелер жөніндегі ақпараттарды жария етеді;

5) Кеңес шешімінің орындалуына жалпы бақылауды және Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

17. Кеңес мүшелері:

1) Кеңестің Ережесіне және жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізуге;

2) мемлекеттік құпия туралы заңнамамен көзделген шектеулерді ескере отырып, Бас әскери прокуратура жүргізетін ресми іс-шараларға (алқаларға, үйлестіру кеңестеріне, кеңестерге және басқаларға) қатысуға;

3) талқыланатын мәселелердің мәні бойынша және күн тәртібі бойынша ұсыныстар, ескертулер және түзетулер енгізуге;

4) кандидатуралар ұсынуға және Кеңес құрамына сайланатын адамдардың кандидатуралары бойынша өз пікірін айтуға;

5) сұрақтар қоюға, анықтамалар беруге, сондай-ақ Ережеге сәйкес Кеңес мүшелеріне берілген өзге де құқықтарды пайдалануға;

6) Кеңестің отырыстарына материалдар, сондай-ақ оның шешімдерінің жобаларын даярлауға, Кеңес шешімін іске асыруға қатысуға;

7) Кеңестің отырысына шақырылған адамдарға сұрақтар қоюға;

8) Кеңес отырысының хаттамаларымен және материалдарымен танысуға;

9) Кеңестің шешімімен келіспеген жағдайда Кеңес отырысының хаттамасына енгізілетін және осы пікір айтылған шешімге қоса берілетін жазбаша түрдегі ерекше пікір айтуға;

10) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Кеңес Төрағасына жүгінуге;

9) кез келген уақытта Кеңес құрамынан шығуға құқылы.

18. Кеңестің мүшелері:

1) Кеңес отырысының жұмысына және Кеңес өткізетін өзге де іс-шараларға жеке қатысуға;

2) дәлелді себептер бойынша Кеңес отырысына қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, оның отырысы басталғанға дейін Кеңес Төрағасына және Бас әскери прокурордың Аппаратына хабарлауға;

3) Кеңестің тапсырмасын орындауға, тәртіп және этика талаптарын сақтауға;

4) Кеңес шешімдерін іске асыруға көмек көрсетуге міндетті.

19. Кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін басқаларға ұсынуға құқығы жоқ.

Кеңес отырысына қатысуы мүмкін болмаған жағдайда Кеңес мүшесі қаралатын мәселе бойынша өз пікірін жазбаша түрде ұсынуға құқылы.

20. Бас әскери прокурордың Аппараты:

1) Кеңес қызметін реттейтін құқықтық актілерді әзірлеуді;

2) Кеңестің жұмыс жоспарын, күн тәртібін және оның отырыстарына шақырылған, баяндама жасайтын адамдардың тізімін жасауды;

3) Кеңес отырысын өткізуді;

4) кезекті отырысқа құжаттарды даярлауды;

5) қорытынды құжаттарды және Кеңес отырысының шешімдерін рәсімдеуді;

6) Кеңес жұмысын жария ету бойынша Кеңес мүшелерімен, үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастырады.

21. Бас әскери прокуратураның құрылымдық бөлімшелері Кеңес отырысына тиісті материалдарды даярлауды жүзеге асырады және Бас әскери прокурордың Аппараты белгілеген мерзімдерде ұсынады.

5. Кеңес қызметін тоқтату

22. Кеңес қызметі Бас әскери прокурордың шешімі бойынша тоқтатылады.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.