You are here

Консультативтік кеңес құру туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылдың 1 сәуіріндегі №66 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 13 бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес (бұдан әрі – Консультативтік кеңес) құрылсын.

2. Қоса берілген:

1) Консультативтік кеңес туралы ереже;

2) Консультативтік кеңестің құрамы бекітілсін.

3. Бас әскери прокурордың 2013 жылдың 19 сәуіріндегі №20 «Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қоғамдық Кеңесті құру туралы» және 2013 жылдың 27 желтоқсанындағы №79 «Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Бас әскери прокуратураның жанындағы Қоғамдық Кеңесті құру туралы» Бас әскери прокурордың 2013 жылғы 19 сәуірдегі №20 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» бұйрықтарын күші жойылды деп танылсын.

4. Аталған бұйрықты Бас әскери прокуратураның құрылымдық бөлімшелері басшыларына, аймақтық және гарнизондық әскери прокурорларға мәлімет және қатысты бөлігінде орындау үшін жіберілсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас әскери прокурордың Аппаратына жүктелсін.

3. Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Бас әскери прокурор
әділет генерал-лейтенанты
Е. Мерзадинов

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.