You are here

Тұрғын үйлерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Бас әскери прокуратура» мемлекеттік мекемесі,  010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14 үй, электронды адрес 7172854@prokuror.kz,  веб-сайт www.bap.prokuror.kz, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 41 бабының 3 тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 27 желтоқсанындағы №1301 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 292 тармағына сәйкес, кәсіпкерлік қызметтің субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардың жеке меншігіндегі тұрғын үйлерді ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлайды.

1.      Сатып алынатын үй-жай тізімі

 

 лот №

Тапсырыс беруші

Сатып алынатын үй-жай атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Беру шарттары (ИНКОТЕРМС 2000 сәйкес)

Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі

Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны

Лот

нөмірі

Мемлекеттік сатып алуға бөлінетін сома, теңге

(ҚҚС есебінсіз)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.       

Бас әскери прокуратура

Жалпы аумағы 30,0 ш.м. кем емес бір немесе

екі бөлмелі таза дайын пәтер

дана

1

Ақтөбе қ.

2014 жылғы

30 қазан

Ақтөбе қ.

1

6 200 000,00

2.       

Жалпы аумағы 30,0 ш.м. кем емес бір немесе

екі бөлмелі таза дайын пәтер

дана

1

Қостанай қ.

2014 жылғы

30 қазан

Қостанай қ.

2

6 100 000,00

3.       

Жалпы аумағы 30,0 ш.м. кем емес бір немесе

екі бөлмелі таза дайын пәтер

дана

1

Қарағанды қ.

2014 жылғы

30 қазан

Қарағанды қ.

3

5 950 000,00

4.       

Жалпы аумағы 30,0 ш.м. кем емес бір немесе

екі бөлмелі таза дайын пәтер

дана

1

Қызылорда қ.

2014 жылғы

30 қазан

Қызылорда қ.

4

5 500 000,00

5.       

Жалпы аумағы 30,0 ш.м. кем емес бір немесе

екі бөлмелі таза дайын пәтер

дана

1

Орал қ.

2014 жылғы

30 қазан

Орал қ.

5

5 400 000,00

6.       

Жалпы аумағы 30,0 ш.м. кем емес бір немесе

екі бөлмелі таза дайын пәтер

дана

1

Өскемен қ.

2014 жылғы

30 қазан

Өскемен қ.

6

5 900 000,00

7.       

Жалпы аумағы 30,0 ш.м. кем емес бір немесе

екі бөлмелі таза дайын пәтер

дана

1

Павлодар қ.

2014 жылғы

30 қазан

Павлодар қ.

7

6 050 000,00

8.       

Жалпы аумағы 30,0 ш.м. кем емес бір немесе

екі бөлмелі таза дайын пәтер

дана

1

Петропавловск қ.

2014 жылғы

30 қазан

Петропавловск қ.

8

6 100 000,00

9.       

Жалпы аумағы 30,0 ш.м. кем емес бір немесе

екі бөлмелі таза дайын пәтер

дана

1

Семей қ.

2014 жылғы

30 қазан

Семей қ.

9

5 700 000,00

10.    

Жалпы аумағы 30,0 ш.м. кем емес бір немесе

екі бөлмелі таза дайын пәтер

дана

1

Тараз қ.

2014 жылғы

30 қазан

Тараз қ.

10

5 900 000,00

11.    

Жалпы аумағы 30,0 ш.м. кем емес бір немесе

екі бөлмелі таза дайын пәтер

дана

1

Талдықорған қ.

2014 жылғы

30 қазан

Талдықорған қ.

11

5 000 000,00

12.    

Жалпы аумағы 30,0 ш.м. кем емес бір немесе

екі бөлмелі таза дайын пәтер

дана

1

Шымкент қ.

2014 жылғы

30 қазан

Шымкент қ.

12

5 674 100,00

  Барлығы:

 

 

 

 

 

 

 

69 474 100,00

 

Ескерту: сатып алынатын үй-жай атауы техникалық ерекшеліктің 1 тармағына сәйкес көрсетілген. Бұл орайда, аймақтардың біреуінде үй-жай сатып алудан үнемделген ақша қаражаттары басқа аймақтарда үй-жай сатып алуға қосымша қайта бөлінуі мүмкін екендігін ескеру керек.

 

Сатушыға төлемдер толық көлемде «Бас әскери прокуратура» ММ-не үй-жайға меншік құқығы құжаттарын қайта рәсімдегеннен кейін аударылады.

        2. Сатып алынатын үй-жайдың техникалық ерекшелігі

1.       Бір-екі бөлмелі пәтерді сатып алу жеке тұлғаларға жеке меншік құқығында тиесілі, тиісті құқық орнату құжаттары бар (жылжымайтын мүлікке құқықтары бар және онымен шарттар жасасу туралы мемлекеттік тіркеу куәлігі, пәтер төлқұжаты), көнерген, апаттылық белгілерсіз, құлатуға жатпайтын, жалпы аумағы 30,0 ш.м. кем емес Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Петропавловск, Семей, Тараз, Талдықорған, Шымкент қалалары аумағындағы тұрмысқа жайлы тұрғын үйлерде жүргізіледі.

2.       Үй-жай күрделі жөндеуді қажет етпейтін таза дайын күйде болуы тиіс, санитарлы-техникалық жағдайы қанағаттанарлық, қалыпты тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ете алатын орталық немесе жеке жылу, су, электр (газ) жүйелері болуы керек, коммуналдық қызметтерге абоненттік берешексіз телефоны, пәтер иелері кооперативі қызметіне, теледидар, телефон байланысы және ғаламторды пайдалану үшін еш берешегі болмауы шарт. Сату-сатып алу жасағанға дейін ешкімге сатылмауы, жалға берілмеуі керек, дауда және қамауда болмауы тиіс.

3.       Пәтердің сыртқы қабырғалары панельді (блокты, кірпіштен) болуы керек немесе жобаға сәйкес тиісті мемлекеттік органдарда сараптамадан өткен болуы тиіс.

4.       Міндетті түрде:

сыртқы кіру есіктері, бөлмеаралық есіктер;

кемінде екі қабаттан шыныланған пластикалық немесе ағаш терезелері;

санитарлық тораптардың едені және қабырғалары кафельді тақталармен жасалған болуы керек. Кафельді тақта қабырғаларда биіктігі 1,5 м төмен болмауы тиіс, ал асханада жұмыс аумағында көлемі кемінде 50см.*100см. құрауы керек;

тиісті қондырғылар (газ немесе электрошақтары, су қабыршағы, ванна немесе шомылу орны, ыдыс жуатын жері, күзешікті дәрет алу орны, тиекті арматура), электр жарығын, ыстық және суық суды есептеу және бақылау құралдары болуы тиіс.

5.       Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі (аймақ немесе гарнизон әскери прокуроры) конкурстық комиссияның конкурстық өтініштерді қарастыруы кезінде ұсынылған үй-жайдың конкурстық құжаттарда көзделген талаптарға сәйкес келетіндігін тексеруге міндетті.

6.       Үй-жайдың жөнделу сапасы, балкондарының болуы, бөлінген ақша қаржаттары көлеміне сай келетін үй-жайдың үлкен аумағы талаптарға сәйкес деп танылады.

7.       Үй-жайды Сатып алушының меншігіне қайта рәсімдеудің барлық шығындарын Сатушы өтейді.

 

3.   Конверттерге салынған потенциалды жеткізушілердің конкурстық тапсырыстарында мыналар болуы қажет:

заңды тұлғадан ұсынылатын тұрғын үй бойынша конкурстық комиссияның атына үлгілі келісім-шарттың талаптарымен, сатып алынатын тұрғын үйдің тізімімен және техникалық спецификациясымен келіскен арыз (хабарландырудың 1 қосымшасына сәйкес);

жеке тұлғаның нотариалды бекітілген жеке куәлігі;

тұрғын үйдің құқықбелгілеуші құжаттары;

мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруды жариялау мерзімінен аспайтын уақытта берілген тұрғын үйге ауыртпалық салынбағаны туралы құжат;

құқық иесінің тұрғын үйді сатуға арналған нотариалды бекітілген құжаты.

       4. 2014 жылға Бас әскери прокуратураның қызметкерлеріне кәсіпкерлік қызметтің субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардың жеке меншігіндегі тұрғын үйлерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін құжаттарды тапсырумен байланысты барлық шығындарды «Сатушы» көтереді.

       5. Жеткізушіні жеңімпаз деп таныған жағдайда ол келісім-шартқа қол қоюға (хабарландырудың №2 қосымшасына сәйкес), сатып алу-сату келісім-шартын бекіту күніне ауыртпалықтың жоқтығы туралы тұрғындарға қызмет көрсету орталығынан №2 форма бойынша анықтаманың түпнұсқасын ұсынуы міндетті.

       Конверттерге салынған конкурсқа қатысу үшін конкурстық тапсырыстар потенциалды жеткізушілермен мына мекен-жай бойынша тапсырылады: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14 үй, «Бас әскери прокуратура» мемлекеттік мекемесі, №258 кабинет.

       Конкурсқа қатысу тапсырыстарын ұсынудың басталуы: 2014 жылдың 22 тамызындағы 11 сағат 00 минутта.

       Конкурсқа қатысу тапсырыстарын ұсынудың соңғы мерзімі: 2014 жылдың 19 қыркүйегіндегі 11 сағат 00 минутқа дейін.

       Конкурсқа қатысу тапсырыстары бар конверттер 2014 жылдың 19 қыркүйегіндегі 11 сағат 30 минутта осы тармақта көрсетілген мекен-жай бойынша, келген потенциалды жеткізушілердің және (немесе) олардың уәкілетті тұлғаларының (нотариалды бекітілген сенімхат бойынша) қатысуымен ашылады.

       Тұрғын үйге бағалық ұсыныстары бар конверттер потенциалды жеткізушілермен белгіленген күнде және уақытта кіру рұқсатының хаттамасы бойынша тапсырылады (хабарландырудың 3 қосымшасына сәйкес).

       Бағалық ұсыныстары бар конверттер потенциалды жеткізушілердің және (немесе) олардың нотариалды бекітілген сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаларының қатысуымен ашылады.

       Бағалық ұсыныстарды қарау барысында потенциалды жеткізушілер өздерінің бағалық ұсыныстарын төмендете алады. 

       Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефон бойынша алуға болады: (8-7172) 71-28-54.

       Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі – Жүнісова Нұргүл Асылханқызы, «Бас әскери прокуратура» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы.

 

 

Хабарландыруға 1 қосымша

 

Арыз

     «Бас әскери прокуратура» мемлекеттік мекемесі

Кімнен_______________________________________________________________________
        (Сатушының Т.А.Ә. көрсетіледі)

1. ___________________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 292 тармағында көсетілген (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 27 желтоқсанындағы №1301 қаулысымен бекітілген, кәсіпкерлік қызметтің субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардың жеке меншігіндегі тұрғын үйлерді ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алуды жүргізу) № ____ лотта тұрғын үйлерді ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алуға қатысуды қалаймын және Сіздердің төлем талаптарыңызбен келісетінімді білдіремін.

2. Осы арызбен аталмыш тұрғын үйдің ешкімге сатылмағанын, кепілге салынбағанын, дауда және ауыртпалықта (қамауда) тұрмағанын растаймын.

3. Мен ____ (Т.А.Ә) Сіздерге келесі құжаттарды ұсынамын: (Осы хабарландырудың 3 тармағына сәйкес құжаттар көрсетілсін).

 (Жеке тұлғаның – потенциалды жеткізушінің Т.А.Ә. және оның қолы)
 

      Толтыру күні _______________

 

 

Хабарландыруға 2 қосымша

КЕЛІСІМ-ШАРТ (жоба)

Астана қ.                                                                                              «__»  ______2014 жыл

Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын «Бас әскери прокуратура» ММ атынан Бас әскери прокурордың 2014 жылғы ____ №_____ бұйрығы негізінде Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Қ.А. Игембаев бір тараптан және бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын жеке тұлға ____________ жеке куәлігі №____, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен _________жылы берілген, екінші тараптан, кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғалардың жеке меншігіндегі үй-жайларды «Бас әскери прокуратура» ММ қызметкерлері үшін ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алу қорытындыларының 2014 жылғы «___» ______ №    хаттамасы негізінде мына төмендегілер туралы келісімге келді:

 

1.      КЕЛІСІМ-ШАРТ ПӘНІ

1.1. Осы Келісім-шартқа сәйкес Сатып алушы сатып алады және төлейді, ал Сатушы  ____ бөлмеден тұратын пәтерді (одан әрі - пәтер) сатады:  жалпы аумағы  ____ ш.м., тұру алаңы ____ ш.м., _______________ мекен-жайында орналасқан, бағасы ______ (________) 00 тиын, осы Келісім-шарттың 2.1 тармағына сәйкес техникалық сипаттамаларына сай, меншік құқығында жеке тұлға ___________ тиесілі, кадастрлық нөмірі __________.

1.2. Келісім-шарттың жалпы сомасы: ______ (______________________) 00 тиын, Беруші ҚҚС төлеуші емес (пәтерге ҚҚС салынбайды).

1.3. Пәтер Сатып алушыға Пәтерге меншік құқығын айқындаушы құқықорнатушы құжаттарды рәсімдеу және өткізу-өабылдау Актісіне Тараптардың қол қоюы күнінен бастап берілген деп танылады.

1.4. Сатушы осы Келісім-шарттың 1.1 тармағында көрсетілген Пәтер ешкімге сатылмағанын, берілмегенін, кепілге салынбағанын, дауда және ауыртпалықта (қамауда) тұрмағанын растап кепілдік береді.

1.5. Келісім-шарт ___________________________________ бағдарламасы,  ____________________________ спецификасы бойынша жасалады.

 

2.      ПӘТЕР СИПАТТАМАСЫ

2.1.  Пәтер екінші нарықтық, орналасқан мекен-жайы: ________________, жалпы аумағы – ___ ш.м., оның ішінде: тұру аумағы – ___ ш.м. (_________________), қалған аумағы – ___ ш.м. (______________), лоджия – ___ ш.м. Пәтер __қабатты тұрғын үйдің ___қабатында орналасқан, ____ жылы салынған, қабырғасының материалдары _____.

Пәтер күрделі жөндеуді қажет етпейді, таза дайын күйде, санитарлы-техникалық жағдайы қанағаттанарлық, қалыпты тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ете алатын орталық немесе жеке жылу, су, электр, газ жүйелері бар, коммуналдық және байланыс қызметтерге абоненттік берешексіз. Сату-сатып алу жасағанға дейін ешкімге сатылмауы, жалға берілмеуі керек, дауда және қамауда болмауы тиіс.

Сыртқы кіру есіктері темірден, бөлмеаралық есіктері ағаштан жасалған. Едендеріне линолеум төселген, қабырғаларына түсқағаздар жапсырылған. Екі қабаттан шыныланған пластикалық терезелері бар. Асханада электр (газ) ошағы, жуғыш бар. Тиісті қондырғылар (газ немесе электрошақтары, су қабыршағы, ванна немесе шомылу орны, ыдыс жуатын жері, әжетханада күзешікті дәрет алу орны, тиекті арматура), электр жарығын, ыстық және суық суды есептеу және бақылау құралдары бар. Санитарлық тораптардың едені және қабырғалары кафельді тақталармен жасалған. Кафельді тақта қабырғаларда бекітілген биіктікте, ал асханада жұмыс аумағында көлемінде орналасқан.

 

3. ЕСЕПТЕСУ ТӘРТІБІ

3.1  Сатып алушы ақша төлемдерін Сатушыға үй-жай меншік құқығы құжаттарын қайта рәсімдегеннен және Тараптардың пәтерді өткізу-қабылдау Актісіне қол қойғаннан кейін аударады.

3.2 Құжаттарды меншікке қайта рәсімдеу шығындары Келісім-шарт сомасына қосылады.

3.3. Пәтерді беру мерзімі: 2014 жылдың 30 қазанына дейін. Пәтерді мерзімінен бұрын беруге болады.

4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

4.1. Сатушы:

4.1.1. 2014 жылдың 30 қазанына дейін Сатып алушының меншігіне осы Келісім-шарттың 2.1. тармағының талаптарына сәйкес Пәтерді беруге;

4.1.2. Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес жеке табыс салығын өз бетінше заңда көзделген мерзімде төлеуге міндеттенеді.

4.2. Сатып алушы:

4.2.1. Осы Келісім-шарттың 3.1. тармағында көзделген Пәтерді беру дерегін растайтын құжаттар негізінде алынған пәтер бағасын төлеуге;

4.2.2.  уәкілетті өкілдерді (аймақ (гарнизон) әскери прокурорлары) пәтерді өткізу-қабылдау үшін сенімхат негізінде қажетті құжаттарға қол қоюға жолдауға міндетті.

 

5.      ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

5.1. Тараптар осы Келісім-шартта көзделген барлық талаптарды орындауға міндетті.

5.2. Егер Сатушы осы Келісім-шартта көзделген міндеттерін өз уақытында (тиісті) орындамаса, онда Сатып алушы мемлекет кірісіне дер кезінде немесе сапалы берілмеген Пәтердің бағасынан кешіктірілген әр күн үшін 0,1% сома шығарады (өндіреді).

5.3. Осы Келісім-шарттың талаптарын Сатушының орындамағаны жағдайында Сатып алушы оны өз тарапынан бір жақты бұзу құқығын өзіне қалдырады.

 

6.      БАСҚА ЖАҒДАЙЛАР

6.1. Осы Келісім-шартта айтылмаған сұрақтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары нормаларына сәйкес шешіледі.

6.2. Тараптардың ешқайсысының осы Келісім-шарттағы құқықтары мен міндеттерін үшінші тарапқа беруге құқылары жоқ.

6.3. Осы Келісім-шарттың кез келген өзгертулері мен толықтырулары, егер олар жазбаша түрде жасалып және Тараптардың қолдары қойылған болса, заңды деп саналады.

6.4. Осы Келісім-шарт Қазынашылық органдарында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.

6.5. Бұл Келісім-шарт бірдей заңдық күші бар 3 данада жасалған.

 

7. ФОРС-МАЖОРЛЫҚ МӘН-ЖАЙЛАР

7.1. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда Келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындау сол мән-жайлар біткенге дейін кейінге шегеріледі. Күші жетпейтін мән-жайларға сілтеме жасаушы тарап ондай жағдайлардың туындағаны жөнінде екінші тарапты жедел түрде жазбаша ақпараттандыруы тиіс.

 

8. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫҚ МЕКЕН-ЖАЙЫ ЖӘНЕ

БАНКТІК РЕКВИЗИТТЕРІ

     «САТЫП АЛУШЫ»

«Бас әскери прокуратура» ММ                                              

010000, Астана, Орынбор көшесі, 14

БИН _______________               

ИИК ________________

«Қазақстан Республикасы ҚМ

Қазынашылық Комитеті» ММ

БИК __________________

тел.: 8(7172)71-28-54

__________________ 

 

                                                 «САТУШЫ»

 

 

Хабарландыруға 3 қосымша

  Баға кестесі

Мен,  _____________, «Бас әскери прокуратура» ММ-не  _______ үй ____ пәтер _____  мекен-жайында орналасқан, бағасы _______ теңге ___ тиын тұратын пәтерді ұсынамын, ол өзіне барлық шығындарды кірістіреді (оның ішінде үй-жайды Сатып алушының меншігіне қайта рәсімдеумен байланысты шығындар) және Сіздердің төлем шарттарыныңзбен келісетіндігімді білдіремін.

 

(Сатушының Т.А.Ә. және оның қолы)
 

      Толтыру күні _______________

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.