You are here

Баспасөз орталығы

Бас әскери прокурордың азаматтарды жеке қабылдауы

Құрметті оқырмандар!

 

Сіздерге 2018 жылдың 26 сәуір күні сағат 16.00-де Оңтүстік аймағының және Талдықорған гарнизонының әскери прокуратураларында видеоконференцбайланыс арқылы Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадиновпен азаматтардың жеке қабылдауы жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты, Бас әскери прокурорға жолдануға ниет білдірген азаматтар жоғарыда аталған әскери прокуратураларына барып алдын ала жазылуы қажет:

Пікірлер саны: 0

Алматы облысында мерзімді әскери қызметкердің қайтыс болуына қатысты

2018 ж. 12 сәуір күні шамамен сағат 17-00-де ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2484 әскери бөлімінің «Жоңғар» шекара заставасында (Алматы облысы Үшарал қ.) асылған күйінде аталған әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкері қатардағы А.Е. Хамзиннің мәйіті табылды.

Өз-өзіне қол салу себебі әскери қызметке қатысы жоқ жеке басының мәселелеріне қатысты болуы мүмкін.

Пікірлер саны: 0

Алматы облысының қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығының өлімі туралы

31 наурыз күні таңғы сағат 8-ге таман қызметтік бөлмесінде Алматы облысы қорғаныс істер жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Б.Б. Беристемов атып өлтірілді.

Осы қылмыстың күдіктісі ретінде оның орынбасары подполковник А.С. Оспанов ұсталды.

Соттың санкциясымен ол қамаққа алынды.

Аталған қылмыс Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлімімен (адам өлтіру) сараланды.

Қазіргі кезде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер саны: 0

Бас әскери прокуратура өкілдері Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушыларымен кездесу өткізді

Бас әскери прокуратура өкілдері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушыларымен тақырыптық кездесуді өткізді.

Кездесу барысында Бас әскери прокуратураның қызметкерлері әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің конституциялық құқытарын сақтау, армияда заң бұзушылық, өлім мен жарақат алу профилактикасы, заңдылық пен әскери тәртіпті нығайту сұрақтары жайында сөз сөйлеген.

Кездесудің нәтижесі бойынша Бас әскери прокуратураның өкілдері тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Пікірлер саны: 0

Азаматтарды жеке қабылдау

Құрметті оқырмандар!

Сіздерге 2018 жылдың 14 наурыз күні сағат 16.00-де Шымкент және Сарыағаш гарнизондарының әскери прокуратураларында видеоконференцбайланыс арқылы Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадиновпен азаматтардың жеке қабылдауы жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты, Бас әскери прокурорға жолдануға ниет білдірген азаматтарға жоғарыда аталған әскери прокуратураларына барып алдын ала жазылуға қажет:

Пікірлер саны: 0

Бас әскери прокурордың жеке қабылдауы жоспарланған

Құрметті оқырмандар!

Сіздерге 2018 жылдың 16 ақпан күні сағат 16.00-де Алматы және Қапшағай гарнизондарының әскери прокуратураларында видеоконференцбайланыс арқылы Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадиновпен азаматтардың жеке қабылдауы жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты, Бас әскери прокурорға жолдануға ниет білдірген азаматтарға жоғарыда аталған әскери прокуратураларына барып алдын ала жазылуға қажет:

Пікірлер саны: 0

Бас әскери прокуратурасында 2017 жылдың жұмысы қорытыланды

Бас әскери прокуратурасында 2017 жылдағы қызметінің нәтижесі қорытындыланып және алдағы уақытқа мақсаттарды анықтаумен байланысты кеңейтілген алқа отырысы өткізілген.

Отырыс барысында қылмыстық процесстің жаңғырту барысында қадағалау қызметін күшейту, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударылған.

Жеке аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлардың есептері тыңдалған.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданған.

Пікірлер саны: 0

Бас әскери прокуратурасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау туралы

2018 жыл 22 қаңтар, Астана қаласы. Бас әскери прокуратурасында Президенттің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылау жөнінде жиналыс өткізілген. Оған Бас әскери прокуратураның, видеоконференцбайланыс арқылы – аймақтық және гарнизондық әскери прокуратураларының басшылығы мен жеке құрамы қатысқан.

Жиналыс барысында Елбасымен анықталған негізгі мақсаттар және оларды жүзеге асыру шарттары талқыланған.

Жолдауының басты бағыттары – жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, қарастырылған.

Пікірлер саны: 0

Ақтөбе гарнизонында Бас әскери прокуратураның жанындағы консультативтік кеңес өкілімен кездесу туралы

Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратура, қылмыстық қудалау мен әскери басқару органдарының лауазымды тұлғалары Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңесінің өкілімен кездесу өтті.

Шара барысында құқық бұзушылықтарды алдын алу жөнінде бағдарлама құжаттарының жүзеге асыру, әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа моделі шеңберіндегі сұрақтары қарастырылған.

Пікірлер саны: 0

Бас әскери прокуратурада қылмыстық процестік заңнамасының новеллаларын қолдану жөнінде жиналыс өткізілген

Бас әскери прокурорының бірінші орынбасары Бірлік Ташимовтың төрағалығымен видеоконференцбайланыс режимінде құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жетілдіру жөнінде заңнамасын пайдалану бойынша кеңейтілген жедел жиналысы өткізілген.

Оның жұмысында әскери прокуратура және қылмыстық қудалау органдарының басшылары мен лауазымды тұлғалары қатысқан.

Жиналыс барысында бұйрықтық өндірісін ұйымдастыру, электрондық сот өндірісі мен қадағалау қызметін жүргізу, және де тергеу әрекеттерін санкциялаудың жаңа тәртібімен байланысты сұрақтары талданған.

Пікірлер саны: 0

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.