- Қаз
- Рус
- Eng
You are here
Бас әскери прокуратурасында армиядағы әкімшілік құқық бұзушылықты алдын алу сұрақтары талқыланды


2017 жылы 26 желтоқсан күні Бас әскери прокуроры әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадиновтың төрағалығымен 2016 – 2017 жылдарда Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу сұрақтарын қарастыру бойынша әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілген.
Оның жұмысына Үйлестіру және Консультативті кеңес мүшелері, әскери ведомствалары мен Бас әскери прокуратураның лауазымды тұлғалары, видеоконференцбайланыс арқылы, аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлары, әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиясы қатысты.
Үйлестіру кеңесінің отырысын аша отырып, Ерғали Мерзадинов бірлескен жұмыстың арқасында армияда қылмыстылық жылдан жылға төмендеп жатқанын атап өтті.
Алайда, әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алудың жекелеген проблемалық мән-жайлары бар, әсіресе әскери қызметін өту тәртібі мен жол жүру ережелері, және де әскери қызметкерлерді заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту сұрақтары бойынша.
Әскери ведомстволар өкілдерінің баяндамаларынан кейін Үйлестіру кеңесінің қатысушылары әкімшілік құқық бұзушылықты алдын алу сұрақтары және олардың шешу жолдарын талқылады.
Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданған.
Бас әскери прокуратура
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу