You are here

Бас әскери прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 219060897

Бас әскери прокуратурасында әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа моделі қарастыру бойынша әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Оның жұмысына Үйлестіру және Консультативті кеңестерінің мүшелері, әскери мекемелер мен құылмыстық қудалау органдарының лауазымды тұлғалары қатысты.

Құқықтық пайдалану тәжірибесінің жағдайы, жүргізіліп жатқан жұмыс және оның мәселелері жайлы Қорғаныс министрінің орынбасары баяндады.

Кеңестің шешімімен әскери басқару органдарының тәжірибелі және дайындығы мол қызметкерлерден мекемеаралық жұмыс тобы құрылып, шешілуге жататын мәселелердің нақты тізімі құрастырылған.

Мысалы, тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа моделінде арнайы шоттарды ашқанға дейін, яғни үсітіміздегі жылдың 1 қаңтарға дейін, қызметтен босатылған әскери қызметкерлерге біржолғы тұрғын үй төлемдерін аудару тәртібі анықталмаған.

Келесі жағдайда, көлемдері сәйкес келмейтін қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілгендерге тұрғын үй төлемдерді жүзеге асыру механизмінің болмағандығы анықталған.

Тез арада шешуді қажет ететін басқа да сұрақтары да бар.

Топ жұмысының қорытындысы бойынша тұрғын үй қатынастары туралы кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілуге жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, шараға қатысушылардың назарларын тұрғын үй заңнама талаптарын қатал сақтауына, заң бұзушылықтар бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартумен қатар келтірілген шығынның орнын толтыру және болашақта қайталамауына аудартты.

Күн тәртібінің екінші сұрағын қарастыру барысында Үйлестіру кеңесінің 2018-жылдың 2-жартыжылдығының жұмыс жоспары бекітілген.

 

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі

Бас әскери прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 1043535857
Бас әскери прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 1009311434
Бас әскери прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 1471460200
Бас әскери прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 2060592302

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.