You are here

ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРИ ПРОКУРОРЛАРЫ ҚЫТАЙДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРИ ПРОКУРОРЛАРЫ ҚЫТАЙДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ - 633938377

Қыркүйек айында Қытай Халық Республикасының Халық азаттық Армиясының Әскери прокуратурасында Қазақстан әскери прокурорлары оқуға жолданған.

Осы оқу курстарын өткізу мүмкіндігі былтыр қазан айында Пекинде ресми сапармен болған Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтың Қытай Бас әскери прокуроры Чжан Даофамен кездесудің нәтижесі болып табылады.

Оқуға жолдама алу үшін үміткерлерді таңдау кезінде олардың жұмыс қорытындылары мен қызметке деген адалдылығына назар аударған.

Аталған оқу курстарына Бас прокуратура жағынан қызығушылық білдіруіне байланысты, топтың құрамына орталық аппараттың 5 қызметкерлері қосылған.

Білім беру барысында тыңдаушыларға әскери прокуратура қызметін ұйымдастыру, армияны реформалау мен ҚХР-ның дипломатиялық саясаты жайлы лекциялар циклі оқытылған.

Біліктілікті арттыру аясында Қытай әскери прокурорларымен жұмыс кездесулері өтіп, онда әскердегі құқық бұзушылық профилактикасы мен заңдылықты қамтамасыз ету, және де екі мемлекеттің әскери прокуратуралардың қадағалау қызметін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мен басқа да сұрақтар талқыланған.

 

Бас әскери прокуратура

ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРИ ПРОКУРОРЛАРЫ ҚЫТАЙДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ - 1555391763
ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРИ ПРОКУРОРЛАРЫ ҚЫТАЙДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ - 1455423524

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.