You are here

Пресс-релиз

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылы 12 тамыз күні сағат 19.56-да 2035 әскери бөлімінің «Жасөркен» шекара заставасының учаскесінде, құрамында 2 міндетті қызметтегі жауангерлер наряды (П.А.Ергеш және Г.А.Бөрібай), Қырғыстаннан жылқыларды заңсыз айдап өту мақсатында Мемлекеттік шекараның инженерлік құрылғыларды бұзып жатқан, 20 шақты белгісіз тұрғаларды байқаған.

Заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында, шекара нарядының аға жасағы болып тағайындалған, қатардағы Ергештің «Тоқта!» деп бұйрық бергеніне қарамастан, белгісіз тұлғалар шекара қызметкерлерге қарсы тас лақтыра бастады.

Бұдан кейін, Ергеш қолындағы АК-47 автоматымен ескерту ретінде аспанға 1 рет атты.

Алайда, белгісіз тұлғалар шекерашыларға тас лақтыруды тоқтатпай, екі жауынгердің басына тигізіп дене жарақатын келтірген.

Осыған байланысты, Ергеш шабуылдаушылар жаққа қатарынан 2 оқ атып, құқық бұзушылардың біреуінің басына тиген. Кейіннен оны сол Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жасөркен селосының тұрғыны Қазақстан Республикасының азаматы Е.Д. Амиртаев деп танылған.

Қазіргі уақытта, шекарашыларға қарсы заңсыз әрекет жасаған тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 380 бабының 2 бөлімімен (билік өкiлiне қатысты күш қолдану) сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Осы қылмыстық іс Жамбыл облысы Жамбыл ауданының ІІБ-нің өндірісінде.

Сонымен қатар, іс бойынша толық мән-жайларды тергеу және аталған оқиғаның барлық қатысушыларының әрекеттеріне тиісті баға беру мақсатында ҚР ІІМ Әскери-тергеу басқармасымен, қару қолданған, әскери қызметкерлерге де қатысты Қылмыстық кодекстің 451 бабының 2 бөлімінің 1 тармағымен (қару қолданып, ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті асыра пайдалану) сот алды тергеуді жүргізіп жатыр.

Қылмыстық іс Бас әскери прокуратураның бақылауында.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.