You are here

Әскери прокуратурада курстық дайындықтар жүйелі түрде өтуде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Әскери прокуратурада курстық дайындықтар жүйелі түрде өтуде - 877029478

2013 жылдан бастап әскери басқару мен қылмыстық қудалау органдарының Үйлестіру Кеңесінің шешімі бойынша әскери прокуратура органдарына әскери қызметке енді шақырылған және әскери қызмет өтілі мен тәжірибесі жоқ қызметкерлер үшін арнайы курстық дайындықтар жүзеге асырылып жатыр.

Жалпы осы үш жарым жылда мемлекеттегі жетекші әскери жоғарғы оқу орындар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс Университет, Құрлық әскерлерінің, Ұлттық ұлан әскери институттар және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Академия базаларында 8 оқу циклдері өткізілген. Аймақтық пен гарнизондық әскери прокуратуралардың, және де орталық аппараттың 80 қызметкерлері оқуды өткен.

Теориялық пен тәжірибелік сабақтарда әскери прокурорлар біздің мемлекеттегі Қарулы Күшетердің құрылымы мен ұйымдастырылуы туралы түсінік алады, қару-жарақ пен техника мысалдарымен, олардың жауынгерлік қолдануымен, топографиямен, бөлімшелердің тактикасымен танысады, және де саптық, атыс және қызметтік дайындық дағдысын жетілдіреді.

Биыл әскери прокурорлар Шекара қызметінің Академиясында және Ұлттық ұлан Әскери институтында оқып шыққан.

Тыңдаушылар үшін ең тәжірибелі және жоғары кәсіби оқытушылар дәріс өткізген. Оқу бағдарламасы толық пысықталып, барлық түлектеріне арнайы курстық дайындықтарды өту туралы сертификаттар беріліп, ондағы ең үздік болғандары жеке аталып шыққан.

Сонымен қатар, Ұлттық қорғаныс Университетімен бірлесіп Бас әскери прокуратурасы жоғары лауазымдарға ұсынылып жатқан әскери прокуратура органдарының басшылық құрамы мен резервистер үшін дайындық оқыту бағдарламасын әзірленген.

Осы оқыту шаралары әскери прокуратура офицерлерінің тәртібі мен саптық дайындығына оң әсерін тигізеді, әскери және қадағалау қызметі үшін қажетті білім алуға мүмкіндік береді.

 

Бас әскери прокуратура

Әскери прокуратурада курстық дайындықтар жүйелі түрде өтуде - 925947152

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.