You are here

Бас әскери прокурор Мерзадинов Ерғали Серікбайұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокурор Мерзадинов Ерғали Серікбайұлы

1958 жылы 9 сәуірде Шымкент облысы Киров ауданының Абай ауылында дүниеге келген. 

1975 жылы орта мектепті тәмамдаған. 

1975 және 1977 жылдар аралығында Киров ауданының шарап зауытында жұмысшы болып еңбек еткен. 

1977 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне 1 курсқа қабылданып, 1978 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқуын жалғастырды. 

Аталған университетті 1982 жылы үздік аяқтағаннан кейін Алматы қаласының Калинин аудандық прокуратурасында тағылымдамадан өтуші ретінде, одан әрі осы прокуратурада прокурордың көмекшісі, аға тергеуші болып қызмет атқарды. 

1986 жылдан бастап Қазақ ССР прокуратурасында тергеу басқармасының прокуроры, аса қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімі бастығының орынбасары, кейіннен Қазақ көлік прокуратурасының тергеу, анықтауды қадағалау бөлімінің бастығы, Совет ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымдарында болды. 

1996 жылдың наурызы мен 2002 жылдың ақпан айы аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласы және Қарағанды облысының прокуроры қызметін атқарды. 

2002 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының ішкі істер вице-министрі болып тағайындалды. 

2004 жылдың мамырынан 2005 жылдың маусымына дейін Астана қаласының прокуроры лауазымында болған. 

2005 жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Бас Прокурордың 2009 жылдың 6 мамырындағы Бұйрығымен Бас әскери прокурор болып тағайындалды. 

Әскери және қызметтік міндетін үлгілі орындағаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы үлесі үшін Е.С.Мерзадинов бірінші және екінші дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталды. Сондай-ақ  "Прокуратураның құрметті қызметкері", "ІІМ-не еңбегі сіңген қызметкер" атақтарына ие болып, оның еңбегі "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерекелік медальдарымен ескерілді. 

2001 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алды.

әділет генера-лейтенанты әскери атағы берілген. 

Үйленген, ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.