You are here

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері

Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

19 қазанда  армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жас Ұлан» Республикалық мектебінде Ақмола гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмаділовтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша семинар-жиналысы өтті.

Отырыс жұмысына Бас әскери прокуратураның, гарнизонның әскери басқарма және қылмысты қудалау органдарының өкілдері қатысты.

Петропавлда сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы мәселесі талқыланды

19 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының Әскери институтында Петропавл гарнизонының әскери прокуроры әділет подполковнигі Талғат Бекбергеновтің төрағалығымен ведомствоаралық семинар-мәжілісі өткізілді. Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі мәселесі қаралды.

Мәжіліс жұмысына әскери бөлімдердің және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Күзгі шақырылымға дайындық басталды

30 қыркүйекте Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының бастамасымен Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері бойынша Департаментінде азаматтарды әскерге шақыру мәселелері бойынша әдістемелік-нұсқаулық кеңес өткізілген.

Кеңес жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары – облыстық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Владимир Бубенко, облыстың ішкі істер Департаменті, денсаулық сақтау Басқармасы басшыларының орынбасарлары, аудандық әскерге шақыру және медициналық комиссияларының мүшелері қатысты.

Балқашта әскери бөлім командиріне қатысты іс тергеумен аяқталды

Казакстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасымен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің (ескі редакциядағы) 176 бабы 4 бөлімінің «б» тармағында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін айыпталған 26441 әскери бөлімінің бұрынғы командирі  Б.Ж.Әбубакировке қатысты қылмыстық іс тергеумен аякталды.

Тергеу органымен Әбубакиров 26441 әскери бөлімінің есебінде тұрған 67 528 дана барлык сомасы 84 млн. теңгеден астам ПМТП-150 және ПМТ-150 маркалы трубаларды ұрлағаны үшін айыпталуда.

Петропавлда әскери прокурор әскерге шақыру комиссиясымен кездесті

27 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері бойынша Департаментінде Петропавл гарнизонының әскери прокуроры әділет подполковнигі Талғат Бекбергеновтің бастамасымен әдістемелік-нұсқаулық кеңес ұйымдастырылып, өткізілді. Онда күзгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың қорытындысы және көктемгі шақырудың мақсаттары туралы мәселелер қаралды.

Жоламановқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 311 бабының 5 бөлігі және 235 бабының 3 бөлігінде көрсетілген қылмыс белгілерімен айыпталған Шекара қызметінің бұрынғы Директоры Н.А.Джуламановқа және 2458 әскери бөлімінің командирі К.К.Балмағамбетовке қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталды.


Subscribe to RSS - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.