You are here

Сұрақ-жауап

  • Аты-жөні: Байбосын Сабит Нурланулы
    Дата: 26.12.2014 17:39:41
    Сұрақ:
    Курметти полковник мырза менин сизге кояр сурагым ягни 2014жылы актобе каласынан жанаозен каласына ВВ МВД РК ауыскан едим 4 ай жасап мени жумыстан шыгарып жиберди себеби мени кылмыстык испен айналысты деп енди менде аскери билетиме статия жазып берди осыган кандай комек бере алаcыз ешбир жер жумыска алмайды аскери билетиме карап
    Жауап:
    Байбосын Сабит Нурланулы.Cіздің, 5548 әскери бөлімі (Жаңаөзен қаласында орналасқан) әскери қызметтен шығарып жібергені туралы жазған арызыңыз Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасымен қаралды. Арызды қарау барысында төмендегідей мән-жайлар анықталды. Атап айтқанда, 28 тамыз 2014 жылы 5548 әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы майор Е.Ипатовтың атына Сіз жоғарғы қолбасшылық алдында өзінізді Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес (терiс себептер бойынша) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан запасқа шығаруды сұрап және әскери-дәрігерлік комиссиядан өтуге бас тартып баянат жазғансыз. Осыған орай, 29 тамыз 2014 жылы 5548 әскери бөлім командирінің №30 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес (терiс себептер бойынша) Сіз әскери қызметтен босатылғансыз. Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 38 бабының 2 тармағының 8 тармақшасына сәйкес, келiсімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар, егер босатылған күнінен бастап үш жыл өтпеген болса, мемлекеттік қызметтен немесе әскери қызметтен терiс себептер бойынша босатылған адамдар қабылданбайды. Ақтау гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі С.Рашкалиев
  • Аты-жөні: Кемпекбаев Тайганбек Абуович
    Дата: 20.12.2014 11:42:44
    Сұрақ:
    Мен 2006 жылдың 4 қарашасында ҚР ҮҚК Шекара Қызметінен запасқа кеткен әскери қызметкермін, шенім прапорщик.Жалпы әскери өтілім 23 жыл 01 ай 05 күн.Менің білейін дегенім, егер менің әйелімнің басында үйі бар болса/мемлекеттен алмаған,өзі сатып алған/мен өз өтілім бойынша мемлекеттен үй немесе жәрдемақы алуыма бола ма?
    Жауап:
    Құрметті Тайғанбек Абуович! Алматы гарнизонының әскери прокуратурасымен Сіздің Бас әскери прокурордың блогына жазған, әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібін түсіндіру туралы арызыңыз қаралды. Қарау барысында, арызыңызда тиісті мәліметтердің (некеге тұру уақытының, әйеліңіздің әскери қызметке қатыстылығы, тұрғын үйді алу мән-жайлары және т.б.) келтірілмегендігі анықталды. Осыған орай, көтеріліп отырған сұрағыңызға жауап алу үшін, Сізге жоғарыда аталған мәліметтерді келтіре отырып, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес Алматы гарнизонының әскери прокуратурасына арыздануыңыз қажет. Сонымен қатар, «Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» Заңның 55-бабы 7-тармағында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1092 Қаулысымен бекітілген «Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидаларының» 6-тармағы талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады делінген. Оған қоса, мемлекеттік органдардың шешімдерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізу кодексінің 278-бабына сәйкес, Сіз сотқа жүгінуге құқығыңыз бар екендігін түсіндіремін. Алматы гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі С. Асқаров
  • Аты-жөні: Шамуратова Гулим Мырзаевна
    Дата: 17.12.2014 16:05:31
    Сұрақ:
    Cәлеметсізбе прокурор мырза!Менің жолдасым Алматы қаласының 5572 әскери бөлімінде қызмет етеді.Қазіргі таңда осы бөлім «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1091 қаулысының талаптарын 2014жылдың тамызынан бастап пәтер өтемақысын төлемеу арқылы "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне тұрғын үйді жалға алғаны (жалдағаны) үшін мақсатты ақшалай өтемақы төлеу тәртібін" өрескел бұзып отыр. Осы жоғарыда айтылған жағдай бойынша шара қолдануыңызды сұраймын!
    Жауап:
    Құрметті Гулім Мырзақызы! Алматы гарнизоны әскери прокуратурасымен Сізге тұрғын үйді жалға алғаныңыз үшін өтемақы төленбей отырғаны туралы Бас әскери прокурордың блогына жазған арызыңыз қаралды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан Бас қолбасшылығының ақпаратына сәйкес қазіргі таңда тұрғын үйді жалға алу үшін өтемақы төлеу үшін тиісті іс шаралар кабылдануда. Осыған байланысты көтеріліп отырған сұрақ бойынша Сізғе заңнамамен қарыстырылған тәртіппен Ұлттық Ұлан Бас қолбасшылығына арыздану кажет. Және арызды карау нәтижесінде Ұлттық Ұланының Бас қолбасшыларынан қарастырылған төлемдердің жасалмайтындығы туралы жауап келетін болса Заң талаптарына сәйкес прокуратура органдарына немесе тікелей сотқа жүгінуге құқығыңыз бар екендігін түсіндіремін. Алматы гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі С. Асқаров
  • Аты-жөні: Досжанов Бакыт Кожамуратович
    Дата: 21.11.2014 07:30:30
    Сұрақ:
    Сәлеметсізбе құрметті Ерғали Серікбайұлы!. Сізге екінші рет үндеу жолдап отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қорындағы офицер (майор) Досжанов Бақыт Қожамұратұлы, осы жылдың басында яғни 2014 жылдың 13 қаңтары тіркеу нөмірі 5935 Сіздің блогыңызға бірнеше сұрақтармен хат жолдаған болатынмын, соның ішінде 2012 жылғы 16 ақпанындағы №561-IV Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 55 бабы 8 тармағына сәйкес, 15-20 жылға дейін қызмет еткен әскери қызметшілерге бес айлық ақшалай қаражат төленуі тиіс деп жауап берген едіңіз. Осы мәселе бойынша мен ҚР ҰҚК ШҚ 2017 әскери бөлімінің басшылығына арызды (үндеуді) осы жылдың тамыз айында жазған болатынмын, өкінішке орай қағаз жүзінде жауап алмадым. Сізден сұрайтын сұрақтарым: 1) 2012 жылғы 16 ақпанындағы №561-IV Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 55 бабы 8 тармағына сәйкес, 15-20 жылға дейін қызмет еткен әскери қызметшілерге бес айлық ақшалай қаражат төленуі тиіс деген заңды түрде берілген жауаптарыңызды жүзеге асыруға болама?. 2) Маған қайтадан ҚР ҰҚК Шекара қызметіне әскери қызметке қордан шақырыла аламын ба?, заңды жолдары қалай?
    Жауап:
    Құрметті Бақыт Қожамұратұлы ! Бас әскери прокурордың ресми блогына келіп түскен, Сіздің әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнаманың жекелеген нормаларын жүзеге асыру мүмкіндігін түсіндіру жөніндегі өтінішіңіз қаралды. Шығу жәрдемақысын алу бойынша. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 55-бабы 8-тармағына сәйкес, әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, келісімшарт мерзімінің өтуі бойынша, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты шығарылған, 2013 жылғы 1 қаңтарға еңбек сіңірген жылдары он және одан да көп жыл болған келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге әскери қызметтен босатылған кезде мынадай: әскери қызметте 10 жылдан 15 күнтізбелік жылға дейін еңбек сіңірген жылдары барларға – төрт айлық ақшалай қаражат; 15 жылдан 20 жылға дейінгілерге – бес айлық ақшалай қаражат; 20 жылдан 25 жылға дейінгілерге – алты айлық ақшалай қаражат; 25 жылдан 30 жылға дейінгілерге – жеті айлық ақшалай қаражат; 30 жылдан астамдарға – сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде шығу жәрдемақысы төленеді. Бұл ретте, Сіз, Заңның көрсетілген талаптарындағы негіздерге сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметтен босатылған жағдайларда, келтірілген шығу жәрдемақыларын алуға құқылы екеніңізді жеткіземіз. Әскери қызметке қайта кіруге байланысты. Заңның 38-бабымен келiсімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар және оларды осы қызметке қабылдамау негіздері айқындалған. Осыған байланысты, келтірілген заңнама талаптарымен қарастырылған тәртіпте келiсімшарт бойынша әскери қызметке кіру мүмкіндігіңіз бар. Сонымен бірге, мемлекеттiк органның, лауазымды тұлғаның шешiмiне, әрекетiне (немесе әрекетсiздiгiне) келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 278-бабы негізінде, азаматтық сот өндірісі тәртібінде сотқа жүгінуге құқылы екендігіңізді түсіндіреміз. Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры Е. Мерзадинов
  • Аты-жөні: Дәулет Айдана дәулетқызы
    Дата: 02.11.2014 18:54:50
    Сұрақ:
    Құрметті Бас Прокурор! Мен сізге хат жолдап отырған себебім: 2534 әскери бөлімінде әскери қызметкер болып бірнеше жылдан бері қызмет атқарып келетін Қашақбаев Меделхан өзінің жеке куәлігін сенімхатсыз ағасының баласы, аудан орталығында кәсіптік колледжде оқитын Мағжанға беріп, ол бала машинаның қатты жылдамдықпен айдап, әкемді қағып өлтірді. Күнде келіп кешірім сұрап, табалдырығымыз тоздырды. Кешірім беруін бердік. Бірақ, мен әділдік үшін ашына отырып, сізге хат жолдауым Қашақбаев Меделхан енді екінші рет машинаны өткен күндермен жалған сенімхат жасап, ағасының баласы Мағжанға сенімгерлік құжат жасатуында. Егер үлкендер бірінші қателіктен сабақ алмай, екіншісінде өз қолымен жасап отырғанын мойындамаса, қалай кішілерге үлгі болмақ!
    Жауап:
    Қүрметті Айдана Дәулетқызы! Сіздің Қазақстан Республикасының Бас әскери покурорының блогына жолдаған арызыңыз Алматы гарнизонының әскери прокуратурасымен қаралды. Өзіңіздің арызыңызда Сіз ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2534 әскери бөлімінің әскери қызметшісі М.Қашақбаевтың жалған құжат жасап өзінің жеке автокөлігін туысына сенім хат арқылы бергелі жүргендігін көрсеткеніз. Түсіндіремін, егер Сіз М.Қашақбаевтың заң талаптарына қайшы келетін әрекеттері жайында хабардар болсаңыз осы дерек бойынша Алматы гарнизонының әскери прокуратурасына (Алматы қаласы, Тимерязев көшесі 48 үй) немесе Шонжы ауылында орналасқан ҚР ҰҚК Шекара қызметі 1-ші әскери полиция бөлімшесіне шағым келтіре аласыз. Алматы гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі С. Асқаров

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.